Редакция таңдауы
Бибісара Асаубаева әлі де көш бастап тұр
Нью-Делиде (Үндістан) ФИДЕ Гран-приінің әйелдер кезеңінің тоғызыншы турындағы барлық ойын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2023
Жанар-жағармай бағасын қымбаттату тапшылықты жоя ала ма?
Энергетика министрлігі елде жанар-жағармай бағасының өсетінін жариялады. Министрдің міндетін атқарушы Болат Ақшолақовтың пікірінше, еліміздегі бензин бағасының көрші елдердегі бағадан айырмашылығы азайғанда ғана ішкі нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға болады. «Қазір өңірдегі ең арзан бензин мен дизель отыны бізде сатылады. Бұл фактор отандық жанар-жағармайдың заңсыз жолмен шекара асуына себеп болып отыр. Бұл өз ішімізде үлкен тапшылық тудырып жатыр. Біз әкімшілік реттеудің бұдан былай қауқар қыла алмайтынын көріп отырмыз, сондықтан соңғы қадам – бөлшек бағаны көтеру тетігіне жүгініп отырмыз», деді Б.Ақшолақов.
04 Сәуір, 2023
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша тауарлардың бекітілген тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді.
04 Сәуір, 2023
Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстайтын жастар заман ағымына сай білімді, жан-жақты болуы керек. Осы орайда 2020 жылдың қараша айында ашылған «Bolashaq Saraiy»-ның оқушылар мен студенттер үшін маңызы зор.
04 Сәуір, 2023
Жан-жағына жылылық пен мейірім шуағын шашып жүретін жандар болады. Айналасына бір-ақ ауыз жүрекжарды сөзімен сыйлы болып, құрметке бөленіп жүретін азаматтар да кездеседі. Халқымызда «Айналайын», «Айнам» деген жүрекке нұр құятын сөздер бар. Жақыныңа ғана емес, бір көрген жатқа айтсаң да бұл сөздер адам көңіліне ерекше бір жылымық әкеледі.
04 Сәуір, 2023
Яаркко Тонтти: Дәстүрлі кітапта мистикалық сарын бар
Яаркко Тонтти – фин жазушысы. Университетте заңгер мамандығы бойынша оқыса да, ол әдебиетпен айналысуды өмірлік мақсатына айналдырған. «Жара», «Мұра», «Самғау», «Би залы», «Қайта қауышқан класс» сияқты романдары жарық көрген. Фин қаламгерімен әңгімеміз ағылшын тілінде өрбіді.
04 Сәуір, 2023
Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың аңыз-ғұмыры жұртқа аян. Қара күші тасыған тұла бойы таланттан да кенде емес. Өзі әнші, өзі сері, өзі сазгер. Сазгер дегенде, әрине, балуанның «Ғалиясы» еске түседі: «Айым да сен, Ғалия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең...»
03 Сәуір, 2023
Риддердегі жылу қазандығынан тағы да өрт шығып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Өрт бір емес, бірнеше қазандықтан шыққан. Артынша отын беру жолында да жарылыс болды. Демек жылу электр орталығының жаңа иелері жүктелген жауапкершілікті ойдағыдай орындай алмаған.
03 Сәуір, 2023
Базар жырау Оңдасұлы (1841-1911) исі қазақтың жадында жатталып қалуы тегін емес. Оның аты мен заты Сыр бойына ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне, батысы мен шығысына, оңтүстігі мен солтүстігіне тарап үлгергені нақты ғылыми деректерден белгілі.
03 Сәуір, 2023
2023 жыл Солтүстік Қазақстан облысында ұлтымыздың классик ақынының туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан жылы» деп жарияланды.
03 Сәуір, 2023
«Келші, Құланға» кімге арналған?
Оның қай әнін тыңдасаңыз да жүрек тебіренеді. «Келші, айым», «Келші, Құланға» сынды шығармаларынан сағыныш самалы есіп тұратыны тағы бар. Көкдөнентаудың самалына маңдайын өптіріп өскен Мэлс Өзбековтің «Келші, Құланға» әні құландықтардың гимніне айналып кеткеніне де талай жылдың жүзі толды.
03 Сәуір, 2023
Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» атты кітабы қолға түскелі, күйшілер әлемі ұйықтай қойнауына тартқан. Жазушының қазақы қалың мәнері мен ұлттық қанық бояуы бірден елітеді. Әсіресе күйшілер жайлы көсіп-көсіп жазғанда қазақ болып туғаныңызға қуанасыз. Осынау ұлы халықтың тектілігіне, әзіз жанына бас иесіз.
03 Сәуір, 2023
Соғыста ақиқат жоқ, тек амбиция ғана бар. Сондықтан жеңісте тірі қалғандар ғана тойлайды. Шындығы осы. Кейде үлкен ұрыстар жаңа өмірдің бастауы секілді көрінеді, кейде жансыз денелердің ақылға таласы секілді. Бірақ бәрібір соңғы шешім ол емес. Черчилль дұрыс айтады. Жазықсыз жандардың өзгенің мүддесі үшін өлім құшуы. Ең ауыры, соғыс гүлдері жұпар иіс төкпейді.
03 Сәуір, 2023
Табиғаты көркем Алатаудың тау-тасы мен өзен-көлдері туризмнің қайнар көзі саналады. Отандық туризмді дамыту арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған жобалар жоқ емес. Биыл Алматы облысының туризм саласында 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.
03 Сәуір, 2023
Туристі қазы-қартамен қызықтыра аламыз ба?
Кейінгі жылдары елімізде туризм саласы қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Мәселен, 2022 жылдың статистикасына зер салар болсақ, былтыр Ұлы даланың көрсе көз тоймайтын, айтуға сөз жетпейтін көрікті жерлерін тамашалауға 8 млн-ға жуық шетелдік саяхатшы келген екен. 2021 жылғы дерекпен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әлдеқайда жақсарған.
03 Сәуір, 2023
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Елімізде жанар-жағармай бағасы қымбаттайды
Қазақстан билігі елдегі жанар-жағармай бағасын көтеруге мәжбүр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2023
Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрі лауазымында қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023
Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Сәуір, 2023