Редакция таңдауы
Бұған ширек ғасырдағы ынтымақтастық нәтижесі айғақ Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толды. Ол 1997 жылы ең ірі қытайлық инвестор – CNPC (Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы) қазақстандық нарыққа шыққан кезде басталды. Бұл – әлемдік мұнай алпауыттары көшбасшыларының үштігіне кіретін және 38 елде мұнай-газ операцияларын жүргізетін әйгілі халықаралық кешенді энергетикалық компания.
15 Желтоқсан, 2022
Қаңтар оқиғасы: 1 071 адамға рақымшылық жасалды
Құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасына қатысты деректерді жұртшылық назарына ұсынуды жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілген. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылған.
15 Желтоқсан, 2022
Абай облысы Ақсуат ауданы орталығынан 90 шақырым қашықта орналасқан Елеке сазы атты жайлау бар. Бұл жерді қазір археологтер «Патшалар алқабы» деп атай бастады. Өйткені осы аумақта жеті қорым, 300-ден аса қорған бар. Бұл өлкеден соңғы жылдары сақ және кейінгі түркі дәуіріне тән артефактілер көптеп табылып жатыр.
15 Желтоқсан, 2022
14.02.2007. Бүгін ұмытылмас күн. Оқырмандарыммен алғаш рет кездескен күнім. Бұл өтініш №51 қазақ орта мектебінің 9 «Б» сыныбы ата-аналарының атынан көршіміз Гүлжиһаннан түскен еді. Оның осы сыныпта Әсел қызы оқиды. Жұмысбасты болып бұл өтініш кейінге ысырыла берген-тін. Әңгіме тақырыбына менің «Махаббат жыршысы» кітабым арқау болуға тиісті еді. Ұялғаннан келісімімді бердім.
15 Желтоқсан, 2022
Компания биржада қаржыландыруды тарту үшін листинг үдерісінен өтуі керек. Листинг процедурасының мәні – бағалы қағаздар мен оның эмитентінің Биржа тізіміне енгізу талаптарына сәйкестігін тексеру. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің ашықтығы және өз акционерлері мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ашуға дайындығы түйінді сәт болып саналады. KASE Басқарма төрағасының орынбасары Наталья ХОРОШЕВСКАЯ қазақстандық қор биржасында листинг қалай өтіп жатқаны және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.
15 Желтоқсан, 2022
«Аватар: Су жолы» ертеңнен бастап қазақша көрсетіледі
Қалың көрерменнің ықыласына бөленген «Аватар. Су жолы» фильмін енді қазақша дубляжбен тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2022
Келесі жылы 260 заң қайта қаралады
2023 жылы 260 заң ревизияны ескере отырып, қайта қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2022
Елімізде ауыспалы абоненттік нөмірлер бұғатталады
Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында салалық бағдарлама бекітілді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2022
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясын тексеру жұмыстары басталды
Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» қызметін тексеруге кірісті. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2022
Әлихан Смайылов министрлерге ескерту жасады
Үкімет отырысында Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге 2023 жылы кезігетін жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге дайын болу керектігін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2022
Ауыр атлетикадан Колумбияның астанасы – Богота қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір медаль түсті.
14 Желтоқсан, 2022
Жарысқа қатысқанның бәрі – жеңімпаз
Астанада Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының жүлдесі және «Хабар 24» телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир өтті. Сегіз команда қатысқан додада «Қазмедиа» командасы топ жарды.
14 Желтоқсан, 2022
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Көрнекті қаламгер, Алаштың абыз ақсақалы – Әз-ағаның көп томдығын кезінде белгілі қоғам қайраткері, меценат Бекет Тұрғараұлы шығарып берген болатын. Бір қарағанда, бұл қолдау жеке адамға жасалған құрмет сияқты көрінгенімен, түсінген адамға мұның соңында ұлттық руханиятқа сіңірген орасан еңбек жатыр. Сондықтан біз заңғар жазушының мерейтойы қарсаңында оның демеушісіне арнаған хатын жариялауды жөн көрдік.
14 Желтоқсан, 2022
Классикалық өнердің аңызына айналған әйгілі өнер шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Болат Аюханов бақиға озды.
14 Желтоқсан, 2022
Кинофестивальдің алғашқы сыйлықтары
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында XVI «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Бағдарламаға сәйкес фестиваль қонақтары мен отандық театр және кино өнерінің белгілі әртістері маңызды іс-шараны қызыл кілем рәсімінен бастады.
14 Желтоқсан, 2022
Ұлттық қор түсімі 100 млрд долларға жетуі мүмкін бе?
Үй алу үшін ақша жинай бастадыңыз делік. Бірақ межелі сомаға жеткізбей тамақтану үшін, қыдыру үшін әлгі жинақтан ақша суыра бересіз. Мұндай жинақтың берекесі бола ма? Әрине, жоқ. Үй алсам деген мақсатыңыз да біртіндеп алыстай бермек. Ұлттық қордан қаржы алып жатқанымыз да тап осындай жағдай. Мұнай таусылған кезде ұрпағымыз алаңсыз пайдалансын деген қаражатты әлсін-әлсін опырып түсеміз. Республикалық бюджеттің жыртығын жамау үшін жыл сайын Ұлттық қордан кепілді трансферт түсіп отырады. 2020 жылы оның сомасы – 4,7 трлн теңге, 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы 4,03 трлн теңге болды. Сарапшылардың айтуынша, тап осындай қарқынмен жұмсайтын болсақ он жылдан соң Ұлттық қордағы актив те таусылады.
14 Желтоқсан, 2022
Парламентаралық байланыс нығая түседі
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов бастаған делегация Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафтың шақыруымен Исламабадқа барды.
14 Желтоқсан, 2022
Сәуле Рахметуллина: Өңірлік университеттің берері мол
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысы жоғары болатын 5 мамандықты атаған еді. Оның ішінде инженерлік саланы ерекше атап көрсетті. Бұл ретте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады. Осыған орай, оның ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинаға жолығып, өзі басқарып отырған жоғары оқу орнының жинақтаған тәжірибесі мен алдағы жоспарлары жайлы айтып беруін сұраған едік.
14 Желтоқсан, 2022
«Алтын доп» үміткерлерінің рейтингі жаңарды
Goal футбол сайтында «Алтын доп» үміткерлерінің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда қандай мамандар жетіспейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елге қандай мамандар қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2022