Редакция таңдауы
Еркін сауда аймағы туралы келісімді созбалаңға салмау керек – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмыстарды тездету керегін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2022
ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2022
Әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл...
Бұл туралы Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2022
Садыр Жапаров Қазақстан Президентін қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ала-Арча» резиденциясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2022
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2022
Жастарды қолдауға бағытталған құжат
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар Жоғарғы сот төрағасын қызметінен босату және жаңа төрағаны сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынымын талқылады. Сондай-ақ Сенат депутаты Нариман Төреғалиевтің өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қаралды. Жалпы отырыста бірқатар заң жобасы қабылданды.
09 Желтоқсан, 2022
Қоғамда мәдениет, әдебиет, спорт, өнер сынды түрлі салада талмай еңбектеніп, елдің ықыласына бөленіп жүрген жастар көп. Талантымен танылған шын шеберлерге ел Үкіметі де қажетінше қолдау көрсетуде. «Жаңа белестегі жастар» форумы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
09 Желтоқсан, 2022
«Алтын тобылғы» байқауының салтанаты
Ел астанасында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
09 Желтоқсан, 2022
Комиссия жұмысының елеулі нәтижелері
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «ХХ ғасырдың І жартысындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі саяси-қуғын-сүргін: жаңақазақстандық қоғам көзқарасымен зерделеу мен зерттеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
09 Желтоқсан, 2022
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жаңғырып келеді
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының ел экономикасына қосып келе жатқан үлесін біреу білсе, біреу біле бермес. Бұдан жиырма жыл бұрын құрылып, қазіргі таңда 2 140 га аумақты алып жатқан алып алаңда тоғыз жеке субаймақ орналасқан.
09 Желтоқсан, 2022
7 желтоқсан – Халықаралық азаматтық авиация күні саналады. Кәсіби мереке 1994 жылы ИКАО-ның 50 жылдығын атап өту кезінде белгіленген. Отандық азаматтық авиация қызметінде ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарлы түрде орындалып келеді.
09 Желтоқсан, 2022
Оқушыларды шалғай ауылдан жеткізеді
Балалардың қауіпсіздігі – қоғам үшін қашанда өзекті мәселе. Осындай мәселенің бір шешімі ретінде Қарағанды өңірінде шалғайдағы 121 елді мекеннен оқушыларды мектепке жеткізетін 27 жаңа автобус тарту етілді.
09 Желтоқсан, 2022
Халықаралық қаржы институттары жаһандық рецессияның Қазақстанға әсерін жоққа шығармайды. Бүгінде әлемдегі макроэкономикалық жағдайды болжау қиын, дегенмен де бірқатар сарапшы инфляцияны тежеу, сыртқы тәуекелдерді болдырмауда экономиканы әртараптандырудың тиімділігіне басымдық беріп отыр.
09 Желтоқсан, 2022
Солтүстікқазақстандықтар Аяған Шәжімбаев есімін мақтан тұтады. Ол өңірімізден шыққан жалғыз кинорежиссер және қандай режиссер... Көп атақтар алып, көп құрметке жетпесе де өзінің 42 жылдық ғұмырында ол бүкіл Қазақстанға ерекше еңбектерімен танылып, даңққа бөленген жан.
09 Желтоқсан, 2022
«Бекзат» әні қалай өмірге келді?
Екі мыңыншы жылды біздің ауылдың сол кездегі жасөспірімдері мүлде ұмытпайтын шығар. Құланның құлжалары сол жылы Сидней Олимпиадасында алтын жүлдені де, күміс медальды да еншілеген. Ермахан мен Ислам Байрамуков (бірі бокстан алтын, бірі еркін күрестен күміс жүлде) сынды саңлақтардың жеңісті жорығынан кейін біздің қатарластар еліктеді ме, солықтады ма, білмеймін. Спорт мектептеріне құстай ұшқан еді... Әйтеуір сол кезде Олимпиададағы табысты біздің құрдастар мүлде басқаша қабылдайтын...
09 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Бүгін Екібастұз қаласының әкімі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимінің күшін жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Желтоқсан, 2022
Алтай Көлгінов Астана қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022
«АрселорМиттал Теміртау» зауытында жұмысшы қаза тапты
8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының кокс өндірісінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022
Жоғарғы соттың жаңа төрағасы тағайындалды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында еліміздің Жоғарғы сотының жаңа төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022