Редакция таңдауы
Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылды
Сенат 8 желтоқсанда Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022
Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр
Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2022
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында балалардың панасыз және қараусыз қалуының алдын алу мәселелері қаралды.
08 Желтоқсан, 2022
Әуе компанияларына айыппұл салынды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңында» отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін толықтыру мәселелеріне арналған кеңес өткізілді. Алқалы жиынның күн тәртібінде әуе компанияларының ұшу бағыты кестелерін уақтылы орындаудың маңыздылығы, сондай-ақ рейстердің кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқықтарының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.
08 Желтоқсан, 2022
Зейнетақы қоры: Комиссия жарнасы қанша?
Биыл қазан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың зейнетақы жинағы 14 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 7,8 пайызға көбейді. Көбею жинақтаудың барлық түрі бойынша байқалады: міндетті зейнетақы жарнасы бойынша өсім 7,4 пайыз болса, міндетті кәсіби жарна бойынша – 20,9 пайыз, ерікті жарна бойынша – 90,6 пайыз.
08 Желтоқсан, 2022
Халықтың несие жүктемесінің шамадан тыс артып кетуіне байланысты мемлекет жеке тұлғалардың банкрот атануына мүмкіндік беретін заң жобасын дайындауға мәжбүр болды. Мұны қаңтарда Мемлекет басшысы тапсырған еді. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша 1,4 млн адамның 90 күннен асып төленбеген берешегі 1 449 млрд теңгеге жеткен. Вице-министр Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының біраз ерекшеліктерін тізбелеп берді.
08 Желтоқсан, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде қарапайым еңбек адамдары бүгінгінің батырлары деген болатын. Ұзақ жыл ұстаздық еткен Темірхан Қаржаубаев қоғамда жастарды еңбекқор етіп тәрбиелеу үшін алдымен ата-ананың өзі балаларына дұрыс тәлім-тәрбие беру керек деп есептейді.
08 Желтоқсан, 2022
Елдің есін алған коронавирус инфекиясы қазір халық арасында көп айтылмаса да, мутацияланған вирустың жаңа түрлеріне нақты тосқауыл табылмай тұр. Ал эпидемиолог дәрігерлер вирустың тарауына жол бермеудің жалғыз амалы қоғамдық иммунитет қалыптастыру екенін бұған дейін де талай мәрте айтқан.
08 Желтоқсан, 2022
Астанада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына арналған іс-шаралар легі, алдымен Ұлттық академиялық кітапханада қабырғалы қаламгердің тұңғыш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Troubled times» («Тар кезең») тарихи романының таныстырылымымен басталды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин, аудармашы Саймон Холлингсуорт, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және зиялы қауым өкілдері қатысты.
08 Желтоқсан, 2022
Мына бір сурет – соңғы жылдары табылған тарихи жәдігердің бірі. Сол жақ шетте отырған адам – қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов, оның қасындағы эстон балуаны Карл Томберг екен.
08 Желтоқсан, 2022
Қазақ киносы әлемге таныла бастады
Қазақ киносын түп-тамырымен танитын және ол жайлы бәрін білетін бір тұлға болса, ол – Гүлнар Әбікеева. Жетекші отандық кинотанушы, өнертану докторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті, Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы туралы он екі кітаптың және топтама жинақтарда, альманахтарда, журналдарда, интернет-порталдарда үзбей жарияланатын жүздеген мақаланың авторы, Кино саласындағы баспасөз өкілдері халықаралық қауымдастығының (ФИПРЕССИ) және Азия киносын ілгерілету ұйымының (НЕТПАК) мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасының мүшесі. 2005 жылдан бастап оның кәсіби тағдыры «Еуразия» кинофестивалімен қатар өріліп келеді – өткен кинофестивальдердің көпшілігінде ол арт-директор міндетін атқарды. Ал биыл XVI «Еуразия» ХКФ бағдарламалық директоры ретінде бірнеше сауалымызға жауап берді.
08 Желтоқсан, 2022
Қонаев қаласын қақ жарып өтетін қасқа жолдың бойында көне көліктер мекені бар. Атау-сойы да адам көңілін тыпыршытатындай «Тұлпар» деп аталады. Осы ретросалоннан өткен ғасырдың 50-80 жылдарында жасалған ескі көліктердің түр-түрін көруге болады.
07 Желтоқсан, 2022
Алдағы күндері аяз біртіндеп бәсеңдейді
Синоптиктер 7-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2022
Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Білім министрлігі «Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мерзімін анықтау туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Желтоқсан, 2022
Павлодар облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Байханов Асайын Қуандықұлы Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда барлық зардап шеккен үйге жылу берілді
Бұл туралы жедел штаб басшысы - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Желтоқсан, 2022
Парламент Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіров Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергиспен кездесті.
07 Желтоқсан, 2022
Қазақстан-Литва: Байланыстың жаңа кезеңі
Астанаға Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис ат басын бұрды. Балтық жағалауынан келген мейманмен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді келіссөз жүргізді. Жиыннан кейін екі дипломат мәлімдеме жасады.
07 Желтоқсан, 2022
Әлеуметтік нысандар биоотынмен жылытылмақ
Облыс әкімдігінде өткен жедел кеңесте өңірдің жылу жүйесіне қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарға арзан отын биомассамен жанатын заманауи қазандықтарды орнату мәселесі сөз болды.
07 Желтоқсан, 2022
Саяси маман даярлау бағдарламасы
«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» бір апталық оқу бағдарламасын аяқтады. Бағдарламаның алғашқы легіне еліміздің барлық өңірінен 50 адам қатысты.
07 Желтоқсан, 2022