Редакция таңдауы
Өндіріс пен құрылыста маман тапшы
2022 жылдың қазан айында Электрондық еңбек биржасында 109,2 мың бос жұмыс орны және 59,8 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда жарияланған жұмыс орындарының саны аздап төмендеді (5,6%), ал түйіндеме саны үштен бірге (27,3%) азайды. Ірі қалалармен қатар өнеркәсіптік өңірлерде де кадрлардың жетіспеушілігі сезілді.
24 Қараша, 2022
«Концертіміз осымен аяқталды» дейтін еді ғой әдетте. Концерт аяқталады, ән мен күй аяқталмайды, бірақ. Біреудің жүрегінен шыққан сәуле біреудің жүрегіне от болып түсе ме, шоқ болып түсе ме, әйтеуір тыңдағанның жанын қозғай алса, өнер иесінің парызы өтелгені де. Демек ән жарыққа шығып, көпшілікке жария болғасын, сүйіп қалған демей-ақ қояйық, сол туындыны ұнатып қалғандардың жанында, көңілінде жасай беруі бек мүмкін.
24 Қараша, 2022
Астана алаңындағы мәмілегерлік
Астана қаласында Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 19-раунды өтті. Пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов ашып, кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің Бірлескен мәлімдемесін оқыды.
23 Қараша, 2022
Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысқан шетелдік байқаушылар саяси доданың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп отыр. Шетелдік байқаушылар жұмысын бір ай бұрын бастап, әу бастағы іс-шаралардың барлығына куә болды. Мәселен, Қазақстандағы ТМД сайлауды бақылау миссиясы қызметін 27 қазанда бастады. Онда оншақты ұзақмерзімді байқаушы жұмыс істеді. Ал сайлау қарсаңында елімізге ТМД-ның 9 мемлекетінен миссия құрамына енген 174 адам келді. Байқаушылар миссиясы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңнан астам сайлау учаскесін аралады. Олар сайлаудың тыңғылықты ұйымдастырылғанын және тыныш өткенін ерекше атап өтті.
23 Қараша, 2022
Адамзаттың асыл ойлы данышпаны Жүсіп Баласағұнның он ғасыр бұрын жазған осы бір сөзі ХХІ ғасырда да өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, маңыздылығы еселеп артты деуге болады. Тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына аяқ басқанда еліміз үлкен сыннан өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл іс-шараларды қолға алуы мемлекетке төнген қауіпті қысқа уақытта жойып, болуы ықтимал аса күрделі саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыстан шығуымызға мүмкіндік берді.
23 Қараша, 2022
Елордада «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік ең жоғары марапат иелерінің бірлестігі «Тáyelsiz qazaqstannyń halyq batyrlary» Республикалық қоғамдық ұйымының I республикалық конференциясы өтті.
23 Қараша, 2022
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгісі, ұлттың мақтанышы, халықтың айбары екендігі белгілі. Әйтсе де, елімізде рәмізтануды ғылым саласы ретінде орнықтыру барысында әлі де қыруар шаруаны атқару қажет. Геральдикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жібек Болтановамен мемлекеттік рәміздер төңірегінде ой өрбіткен едік.
23 Қараша, 2022
Есту, сөйлеу қабілетінде туғанынан кемістік болса да, қоғаммен араласу мүмкіндігі шектелмеген рухы биік ерекше жандардың таңдаған саласында жеткен жетістіктері талайды сүйсінтеді. Осындай сәулелі жанның бірі – Айнұр Саинованың аты-жөні және кәсібі жақында өткен Қ.Тоқаев жақтастарының сайлауалды форумында жұртшылықты елең еткізді.
23 Қараша, 2022
Оңалту орталығындағы орайлы істер
Елімізде балаларды оңалту орталықтарына сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Қазір бірнеше өңірде балаларды оңалту орталықтары ашылса, онда көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға да баса мән берілуде. Бірақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар перзентін қолдан келсе, елордадағы University Medical Center корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығына апаруды құп көреді. Біз аталған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысуға барғанда осыған көз жеткіздік.
23 Қараша, 2022
Мектеп медицинасы: Іс-шаралар ауқымы
Балалар денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Балалар жеңілдік санатына кіреді және мемлекет есебінен МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Балаларға Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдар тегін медициналық қызмет көрсетеді. 2022 жылы мектеп медицинасына шамамен 26,1 млрд теңге қарастырылған.
23 Қараша, 2022
«Астана Опера» театрының дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин елімізге ғана емес, әлемдегі өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның дирижерлік репертуарында 250-ден астам вокалдық-симфониялық, симфониялық және камералық музыка шығармалары мен 40-тан астам опералық-балет қойылымдары бар. Сондай-ақ қоюшы дирижер ретінде 20-дан астам туындыны сахналаған. Сонымен қатар ол Роберто Аланья, Мауриццио Барбаро (Италия), Жерар Коссе (Франция), Марк Холланд, Джеймс Керби (Ұлыбритания), Пьетро Масса (Германия), Олег Крыса (АҚШ), Миранда Кейс (Аустралия), Марианн Талаба (Аустрия), Зураб Соткилава (Ресей) секілді әлемдік деңгейдегі көптеген музыканттармен бірге өнер көрсетті.
23 Қараша, 2022
Әлемде сурет өнерін қалыптан тыс магиясымен сырқаттаған туындылар легі көп емес. Соның бірі һәм бірегейі норвег суретшісі Эдвард Мунктің «Айқайы».
23 Қараша, 2022
Алматыдағы С.Мұқановтың музей-үйінің қорында жазушының мерейтойларына орай сыйланған көптеген көзтартарлық заттар бар. Солардың бірі – Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойына сыйлаған, өз қолымен кестелеген жастықтың тысы.
23 Қараша, 2022
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
23 Қараша, 2022
Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды
Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің үш адамды құтқарған тұрғын үйдегі өрттің неден шыққаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қараша, 2022
Еңбек инспекциясы «Қазфосфаттағы» жағдайға түсініктеме берді
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы «Қазфосфаттағы» жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2022
ТЖМ Ленин атындағы шахтада болған жарылыстың себебін айтты
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ленин атындағы шахтада болған жарылыстың себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2022
Елімізде 29 градусқа дейін аяз күтілуде
Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2022
Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге болады
Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2022
Еліміз елеулі биіктерге жол салатын кезең
Соңғы үш жыл халқымыз үшін ең ауыр болғаны баршаға мәлім. Соған қарамастан Президент сабырлық танытып, сындардан сүрінбей өтті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялау арқылы халықпен, азаматтық қоғам институттарымен тікелей байланыс орнатты.
23 Қараша, 2022