Редакция таңдауы
Оңтүстік астанада бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Туризм жөніндегі салалық комитеттің алғашқы отырысы өтті.
22 Қараша, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2022
Серік Жұманғарин азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік бағасы қандай себептерге байланысты өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2022
NASA Айдың жаңа суреттерін жариялады
NASA Artemis I миссиясы аясында түсірілген Айдың жаңа фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2022
«Дарын-2022» сыйлығының иегерлері анықталды
Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық жемісті қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін берілетін 2022 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2022
Ауылдық жерлерде 700-ге жуық медициналық нысан ашылады
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірлерде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2022
Елімізде экспорттың рекордтық көлемі тіркелді
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 98,4 млрд құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қараша, 2022
Тоқтаусыз іздеу мен шарқ ұра арпалыс үстіндегі өмір кісіге ләззат сыйлады. Өйткені жан құмары – білу. Ізденіс үстінде санада жарқ еткен иір-қиыр бұтақтар көлеңкесін өзіңізбен бөлісіп отыруды құп көрдік, қадірлі оқырман.
22 Қараша, 2022
Романшылық өнердің хас шебері (мысалы «Еділ – Жайық», «Тосқауыл», «Атырау» романдары), сондай-ақ тарихи-ғұламалық зердемен, білімпаздықпен пайымдаған «Көнеліктер», «Ноғайлы», «Асылдың сынығы», «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Бес мейрам» дейтін кесек-кесек зерттеулері – сөз зергері Әнес Сарайдың интеллектуалдық-шығармашылық, суреткерлік, тарихшылдық әлеуетін танытады.
22 Қараша, 2022
Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылды. Қолға алынған аз уақыттың ішінде бұл бағдарлама өз нәтижесін беріп отыр.
22 Қараша, 2022
Жоғары оқу орнында сапалы білім алумен шектелмей, замандастарын өнерімен тәнті етіп жүрген жастар көп. Сондықтан жергілікті әкімдік пен Жастар басқармалары да шығармашыл студенттерді ынталандыруға қажетінше қолдау көрсетіп келеді. Жуырда Халықаралық студенттер күні аясында елорда төрінде «Jastar Jalyny-2022» фестивалінің жабылу салтанаты өтіп, жүзден жүйріктер анықталды.
22 Қараша, 2022
Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер
Жыл басынан бері отандық қор нарығына капиталдың әлемдік нарықтарындағы құбылмалылық пен монетарлық саясаттың қатаңдатылуы әсер етті. Бұл нарықты жиынтық капиталдандыруды 13%-ға 38,2 трлн теңгеге дейін қысқартты және борыштық қаржыландыруды 35%-ға 443 млрд теңгеге дейін төмендетті. Бұл ретте нарықтың өзге де көрсеткіштері оң серпінді көрсетуді жалғастырды. Атап айтқанда, Қазақстан қор биржасында 2022 жылғы 9 айда сауда-саттықтың жиынтық көлемі 193,6 трлн теңгені құрап, бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 69,4%-ға артық болған.
22 Қараша, 2022
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлаушылардың 80 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Азаматтардың басым бөлігі Президенттің мемлекеттік жүйені реформалау саясатын, тиімді басқару үлгісін, экономиканы монополиясыздандыруды және әділ әлеуметтік саясатты қолдады. Халқымыз Мемлекет басшысына зор сенім артып отыр. Бұл озық идеяларды жүзеге асыру және басталған реформаларды тереңдетуге жол ашады.
22 Қараша, 2022
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауындағы дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады. Біздің кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сайлаушылардың 81,3 пайызы дауыс берді. Бұл Exit-poll деректеріне толығымен сәйкес келеді.
22 Қараша, 2022
Қазақ елі тарихи шешім қабылдады. Елімізде Президент сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасады. Биылғы саяси доданың бәсі осыған дейінгіден жоғары болғанын айта кеткен жөн. Біріншіден, тұңғыш рет Мемлекет басшысы 7 жылдық мерзімге 1 рет қана сайланады. Екіншіден, сайлау елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың заңды жалғасы іспетті. Үшіншіден, бірінші рет бюллетеньге «бәріне қарсымын» бағаны енгізілді.
22 Қараша, 2022
Еліміз шын мәнінде тарихи кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мемлекет мүддесі ойдағыдай орындалуына тілектестікпен кейбір жайттарға пікір білдіргіміз келді.
22 Қараша, 2022
Экономикаға несие берудегі мәселелер
Экономикаға кредит беруді шешу біржақты қаралатын мәселе емес. Бұл ретте Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тізе қосып жұмыс істеуі шарт. Дегенмен экономикаға несиені ұсынатын басты институт банктер болғандықтан, олармен тікелей жұмыс істейтін агенттік пікірін білу маңыздырақ. Қайткенмен, агенттік банктердің жай-күйін жақсы біледі, оларды қадағалап, тексереді, әрбір қаржы институтының әлеуетінен хабардар.
22 Қараша, 2022
Кепілсіз кредит: Сыйақы мөлшерлемесін төмендету кімге тиімді?
Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 56-дан 40 пайызға дейін төмендету ұсынылды. Мұндай ұсынысты Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен X Қаржыгерлер конгресінде мәлімдеді. 2011 жылдан бері елімізде ЖТСМ барлық банк займдары мен микронесиелер бойынша 56 пайыз болған еді. 2021 жылдың жазында кепілмен берілетін кредиттер үшін ЖТСМ 40 пайызға, ипотека бойынша 25 пайызға, 45 күн мерзімге 50 АЕК сомасына дейін ұсынылатын кепілді микронесие бойынша 30-дан 20 пайызға дейін төмендетілген болатын. Ал кепілсіз тұтынушылық несие және микроқаржы ұйымдарының несиелері 56 пайыз деңгейінде қала берді. Ү.Шаяхметова осы соңғы 56 пайызды да 40 пайыз қылуды ұсынып отыр.
22 Қараша, 2022
Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен ел аумағына келген этностарды діни көзқарасына, наным-сеніміне, салт-дәстүрі мен ұстанымына қарай бөле-жармаған. Нәубет жылдары жаны қиналғандарға қонақжайлығын көрсеткен. Ел егемендігін алып, еңсе тіктей бастаған тұста да ресми тіркелген дәстүрлі дінді ұстанғандардың құқығы мен бостандығы заңмен қорғалып отыр.
22 Қараша, 2022
Балалар денсаулығы – басты назарда
МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығын сақтауға және емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22%-ға өсті. Жуырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында балаларға медициналық көмекке қанша қаражат жұмсалғаны туралы есеп берілді.
21 Қараша, 2022