Редакция таңдауы
Қазақстан мен Қытайдың халықтар мен мәдени алмасулардағы ұзақ тарихы мен дәстүрлері бар, саяси және геосаяси қарым-қатынастардағы кең ауқымды ынтымақтастық артықшылықтарға ие, күшті экономикалық толықтырулар мен стратегиялық сәйкестік бар. 2022 жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп, екі елдің қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы да жаңа жолға түсті.
11 Қараша, 2022
Ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл әдістеме ЕТЖ мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік бермек.
11 Қараша, 2022
Кез келген өнімнің қауіпсіздік талаптарынан өткеннен кейін ғана сатылымға һәм тұтынуға жіберілетіні бесенеден белгілі. Бұл үдерісті жалпақ тілмен «сертификаттау» деп жүрміз. Алайда осы бір қатаң талаптың өзін қапысын тауып айналып өтетін пысықайлар бар. Осының салдарынан адал бәсекеге ұмтылған бизнес жапа шегеді.
10 Қараша, 2022
Экономиканы несиелеу: Корпоративтік секторға қойылатын талап жеңілдей ме?
Экономиканы несиелеу өте маңызды, сонымен бірге тәуекелі де жоғары. Президенттің айтуынша, банктерде қажетке жарамай триллиондаған теңге жатыр. Ал шағын және орта бизнес осы сәтте 42 млрд долларға мұқтаж. Бірақ банктер бәрібір белсенді несиелеуден тайсақтайды. Олар аяғын апыл-тапыл басқан бизнесті қолдағаннан гөрі, қызметі әртараптанған, маржасы жоғары сауда саласына қаржы құйғанды жөн көретін сияқты.
10 Қараша, 2022
Кеше Түркі мемлекеттері ұйымының IX саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды.
10 Қараша, 2022
Еуропамен сауда қатынасы жақсарады
Қазір экономикалық стратегияны түрлі бағытта өрбітудің маңызы мен пайдасын түсінетін кезеңге келіп жеттік. Еліміздің экономикалық қатынасын тар шеңберге байлап қойған келісімдер мейлі, бүгін, ертең бұзылмаса да, түбі оның да аяғына жем түсерін болжалдаймыз. Бұл ретте біз үшін Еуропамен алыс-беріс аясын кеңейтудің мәні орасан.
10 Қараша, 2022
Аумалы-төкпелі қазіргі кезеңде қазақ қоғамы үлкен рухани серпіліске ден қойып отыр. Атап айтқанда, мемлекетіміз ұлы тұлғаларын ұлықтап, мерейін асыру жолында барлық шараны жүзеге асырып жатыр. Сондай дара тұлғалардың көш басында қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Әуезовтің тұратыны даусыз.
10 Қараша, 2022
Академик Салық Зимановтың есімі құқықтану мен заң ғылымының асқан білімпазы, мемлекет және құқық тарихын терең зерделеген данагөй абыз ретінде жылнамаға еніп, тарих төрінен ойып тұрып орын алды, іргелі зерттеулері ұлтына сәуле шашқан асыл мұраға айналды.
10 Қараша, 2022
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Тұрсынбек Кәкішұлы – әдебиеттану мен сынның ауыр жүгін көтерген, кер замандағы кереғар қағидалардың таяғын жей жүрсе де ұлттық ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеуге мол үлес қосқан тұлға. Ұлт зиялылары ұстазымызды әдебиеттану ғылымының ар-ожданын жоғары ұстаған абыз дәрежесінде бағалайды.
10 Қараша, 2022
Шығыс – кең тақырып, кемел тақырып. Жақында ғана Гетенің «Жаңа Мелузинасын» оқып, ергежейлілер елі мен айдаһар бейнесінің түбі қайдан шыққаны жөнінде ой жүгірттік. Ергежейлілер Германияның ежелгі фольклорларынан бастау алса, айдаһар бейнесі алғаш шығыстық шумерлердің ескі тастарынан табылған. Қайбір іргелі туындының түп-тамырын зерделегенде шежірелі Шығыс өркениетіне тіреліп жатамыз. Бүгінгі әңгімеміздің негізгі тұздығы да Шығыс тақырыбы хақында болмақ.
10 Қараша, 2022
Астанадағы Форте банктің көрме залында «Құланшы» заманауи өнер орталығының қолдауымен Назарбаев университеттің iGEM студенттер ұйымы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп, «In Vivo: Адам алуандылығы» атты биологиялық өнер көрмесін өткізді. Бұл іс-шара Орталық Азия көлемінде алғаш өтіп отыр.
10 Қараша, 2022
Гүлзейнеп Сәдірқызы: «Егемен» – өмірім, Шерағам – ұстазым!
Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай жарияланған «Ақиқаттың ақ туы» атты республикалық мәртебелі байқаудың бас жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі, қарымды қаламгер Гүлзейнеп Сәдірқызы («Жас жесір» әңгімесі мен «Шерағаның қызыл шапаны» эссесі үшін) жеңіп алды. Төменде Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ақпарат саласының үздігі Гүлзейнеп Сәдірқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
10 Қараша, 2022
Арал теңізін қалпына келтіру, Кіші Аралдың қазіргі деңгейін сақтап қалу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Тығырықтан шығудың түрлі тетіктері де ұсынылып жатыр. Осы өңірдің тұрғыны ретінде мен де аталған мәселеге қатысты өз пікіріммен бөлісуді жөн көріп отырмын.
10 Қараша, 2022
Көкпар – тектілігіміздің сипаты
Қазіргі көкпарларда бұрынғыдай шын тартыстың болмайтындығы, шабандоздардың алдын ала келісіп алатыны сол үшін де доданың тез тарқап кететіндігі жиі сөз болады. Көкпарда бай-бағландардың ықпалы үлкен екендігі де алға тартылады. Әрине, нағыз шабандозды анықтап беретін бірегей сынақ –дәстүрлі көкпар екені сөзсіз. Осы орайда кезекті көкпар маусымының қарсаңында қалың жұртшылыққа ой салар деген ниетпен атақты шабандоз, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы әрі аудандық көкпар федерациясының төрағасы Әлиакбар Үсіпбеков ағамызды әңгімеге тарқан едік.
10 Қараша, 2022
Бюджет бекітілерде халықтың жағдайы ескеріледі
Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын қарады.
10 Қараша, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Парламент Сенатында өткен брифинг барысында Каспий Құбыр консорциумында жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндады.
10 Қараша, 2022
Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Риддердегі жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2022
Алматыдағы цемент зауыты қашан жабылады?
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Нұртау темір» цемент зауытын жабу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2022
Құмар ойын ойнаған полицейлерге тәртіптік жаза қолданылды
Алматы облысында құмар ойынына әуес полицейлер көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2022