Редакция таңдауы
Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығына сәйкес, Қарулы Күштерде 7 қараша Әскери журналист күні кәсіби мереке болып бекітілді. Біз мұны ақпарат майданында сертте тұрған семсер сөз иелеріне көрсетілген құрмет деп білеміз.
09 Қараша, 2022
Мұхтарбай Өтелбаев! Бұл есім – биік деңгейде әспеттеліп айтылатын айтулы тұлға. Шын мәніндегі білімі мен білігі мықты, ой-өрісі биік, көзқарасы мығым, артық сөзден ада, барды місе тұтып, кемді кемелдігі жеңіп, ғылым деген мұхит әлемінің, оның ішінде дәл бүгінгі қазақ математиктерінің көшбасында келе жатқан заңғар оқымысты.
09 Қараша, 2022
«Қанаттылар» инклюзивті театры екінші маусымды Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы желісінде сахналанған «Қызжылаған» премьерасымен ашты. Қойылымға Семей полигоны зардабынан есеймей қалған қыздың тағдыры арқау болған. Арманы – биік, көңілі асқақ Ләйлә жиылған қалың көрерменді әрі күрсінтті, әрі күлдірді, сөйте-сөйте соңында бәрімізді терең бір құздан лақтырып кеп жібергендей болды.
09 Қараша, 2022
«Ән – көңілдің ажары» деген сөзде көңілдің нәзік қылын тербейтін бір сиқырлы сыр бар. Түрлі зобалаңды басынан өткерсе де халқымыз ішкі мұңы мен қайғысын ән арқылы емдеп, әннен жылу алып, ән айтып қанаттанды. Біздің бала күнімізде ауылда жиын-тойда аналарымыз бастары қосыла қалғанда, халық әндерінен бастап, сол кезде ел ішіне кеңірек жайылған әндерді нақышына келтіріп, шырқай жөнелетін. Сонда көбінесе айтылатыны – «Ауылым» әні. Әсіресе оны Дәкіш апа сыңғырлаған бұлақтай дауысымен шырқағанда, оған отырғандар ғана емес, дала да, ай да, жұлдыз да, аспан да бірге қосылғандай әсерге бөлейтін.
09 Қараша, 2022
Осыдан алты жыл бұрын тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша бір топ магистрант Еуропадағы бес елге сапарға шықтық. Прагадан Парижге баратын автобусқа билет алып, вокзалда екі сағат шамасында аялдадық. Әне сол сәтте мен әлемдік деңгейдегі үлкен әнші, актриса Уитни Хьюстонмен «таныстым». Оның әндері бірінен соң бірі Берлин вокзалының үлкен экранында қойылып тұрды. Тіпті соның концерті болып жатқандай жұрт зейін қоя тыңдап отыр. Аздаған мәдени-шоктарға қарамастан, біз де Хьюстон әлеміне енуге тырысып көрдік. Сөйтсек, ол биік те мәртебелі әнші екен.
09 Қараша, 2022
Астананың мәдени-рухани өмірінде ерекше оқиға болды. Ұлтымыздың күй өнері саңлақтарының гранит тасқа есімдері жазылып, күйшілер аллеясы ашылды. Бұл Ұлы дала өркениетіне, қазақтың рухани кемелдігіне қойылған ескерткіш болды.
09 Қараша, 2022
Белгілі сатирик Көпен Әмірбек дүниеден өтті
Белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
Димаш Құдайберген ең ықпалды мұсылмандар тізіміне енді
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
Қазақстандықтар паспорттың электронды нұсқасын қолдана алады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлы төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
Бұрынғы вице-министр Тоқтабаев ұсталды
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.
09 Қараша, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өтетін саммитке қатысады
Мемлекет басшысы 10-11 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанға барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
Коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші ұлғайды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған науқастар саны артқан. Бүгінгі көрсеткіш ел бойынша 66 адамды құрап отыр, деп жазады Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
«Көгілдір отыннан» да қауіп бар
Жылыту маусымының басталғаны кеше ғана секілді еді, алайда газдан улану деректері бірінен соң бірі тіркеліп жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында айналдырған бір айдың ішінде осындай 17 оқиға болды. Өкінішке қарай, соңы қайғылы аяқталғандары да бар. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері аталған келеңсіз жағдайлардың басым бөлігі тұрмыстық газды ережеге сай пайдаланбаудан туындағанын айтып отыр. Сондықтан өңірде түсіндіру жұмыстары барынша күшейтілу үстінде.
09 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Барлық шенеунікті бірден жастармен ауыстыра салуға болмайды. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарса, институционалдық жадқа ие болса, мемлекеттік қызмет үшін өте пайдалы болса, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Яғни ақылға қонымды, сараланған көзқарас болуы керек. Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тиісті тетіктерді әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деген болатын.
09 Қараша, 2022
Соңғы елу жылда адамзат баласы ғаламат ғылыми-өндірістік жетістіктерге қол жеткізді. Ғарышты бағындырды. Жолаушы, жүк, қаржыны тасымалдау, ақпарат тарату жылдамдығы бірнеше есе артты. Өмір сүру ұзақтығы ұлғайды, тұрмыс деңгейі жақсарды. Әрине, бұл үрдіс жалғаса беретіні анық.
09 Қараша, 2022
Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы арта бастады. Бірақ әлемде бұл көрсеткіш әлі де болса төмен. Мәселен, АҚШ-та сатылым 13 пайызға құлдыраса, Шығыс Еуропада 31 пайызға дейін түскен. Биыл үш тоқсанда бүкіл әлемде 59,5 млн бірлік жаңа жеңіл көлік сатылған. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен.
08 Қараша, 2022
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығының 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды. Игі бастама Қазақстан Республикасының Қырғыз еліндегі елшілігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен әрі Отандастар қорының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
08 Қараша, 2022
Азық-түлік бағасы қалай реттелмек?
Қымбатшылық бүйірден қысып тұр, әсіресе азық-түлік бағасының өсуі азаматтарға ауыр тиіп жатыр. Бұл орайда мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдерінің бағасын ұстап тұруға күш салып жатқаны белгілі. Алайда Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, мемлекет ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың «қатаң» құралдарын пайдаланудан бас тартады.
08 Қараша, 2022
Анемия – гемоглобин концентрациясы мен эритроциттердің азаюынан болатын ауру түрі. Тек зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша диагноз қойылатын ауруды басқа жолмен анықтау қиынға соғады. Оны емдеудің бағыты көбіне ауру шақыратын себептерге, жасына және жынысына қарай қатар жүретін патологияларға байланысты. Сондай-ақ ағзада темір жетіспеушілігі салдары және ауа райын ауыстыру да әсер етеді дейді мамандар.
08 Қараша, 2022
Көкшедегі білімнің қара шаңырағы
Қасиетті де киелі Көкше жеріндегі бүгінде білімнің қара шаңырағы атанып, алпыстың асқарына шыққан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті замана талабына сай мамандар даярлауда.
08 Қараша, 2022