Редакция таңдауы
Коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші ұлғайды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған науқастар саны артқан. Бүгінгі көрсеткіш ел бойынша 66 адамды құрап отыр, деп жазады Egemen.kz.
09 Қараша, 2022
«Көгілдір отыннан» да қауіп бар
Жылыту маусымының басталғаны кеше ғана секілді еді, алайда газдан улану деректері бірінен соң бірі тіркеліп жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында айналдырған бір айдың ішінде осындай 17 оқиға болды. Өкінішке қарай, соңы қайғылы аяқталғандары да бар. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері аталған келеңсіз жағдайлардың басым бөлігі тұрмыстық газды ережеге сай пайдаланбаудан туындағанын айтып отыр. Сондықтан өңірде түсіндіру жұмыстары барынша күшейтілу үстінде.
09 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Барлық шенеунікті бірден жастармен ауыстыра салуға болмайды. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарса, институционалдық жадқа ие болса, мемлекеттік қызмет үшін өте пайдалы болса, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Яғни ақылға қонымды, сараланған көзқарас болуы керек. Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тиісті тетіктерді әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деген болатын.
09 Қараша, 2022
Соңғы елу жылда адамзат баласы ғаламат ғылыми-өндірістік жетістіктерге қол жеткізді. Ғарышты бағындырды. Жолаушы, жүк, қаржыны тасымалдау, ақпарат тарату жылдамдығы бірнеше есе артты. Өмір сүру ұзақтығы ұлғайды, тұрмыс деңгейі жақсарды. Әрине, бұл үрдіс жалғаса беретіні анық.
09 Қараша, 2022
Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы арта бастады. Бірақ әлемде бұл көрсеткіш әлі де болса төмен. Мәселен, АҚШ-та сатылым 13 пайызға құлдыраса, Шығыс Еуропада 31 пайызға дейін түскен. Биыл үш тоқсанда бүкіл әлемде 59,5 млн бірлік жаңа жеңіл көлік сатылған. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен.
08 Қараша, 2022
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығының 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды. Игі бастама Қазақстан Республикасының Қырғыз еліндегі елшілігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен әрі Отандастар қорының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
08 Қараша, 2022
Азық-түлік бағасы қалай реттелмек?
Қымбатшылық бүйірден қысып тұр, әсіресе азық-түлік бағасының өсуі азаматтарға ауыр тиіп жатыр. Бұл орайда мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдерінің бағасын ұстап тұруға күш салып жатқаны белгілі. Алайда Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, мемлекет ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың «қатаң» құралдарын пайдаланудан бас тартады.
08 Қараша, 2022
Анемия – гемоглобин концентрациясы мен эритроциттердің азаюынан болатын ауру түрі. Тек зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша диагноз қойылатын ауруды басқа жолмен анықтау қиынға соғады. Оны емдеудің бағыты көбіне ауру шақыратын себептерге, жасына және жынысына қарай қатар жүретін патологияларға байланысты. Сондай-ақ ағзада темір жетіспеушілігі салдары және ауа райын ауыстыру да әсер етеді дейді мамандар.
08 Қараша, 2022
Көкшедегі білімнің қара шаңырағы
Қасиетті де киелі Көкше жеріндегі бүгінде білімнің қара шаңырағы атанып, алпыстың асқарына шыққан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті замана талабына сай мамандар даярлауда.
08 Қараша, 2022
Конституциялық реформадан заңға дейін...
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Конституциялық сот жұмыс істей бастайды. Бұған дейін болған Конституциялық кеңес пен жаңа соттың айырмашылығы неде? Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеті қандай? Реформаларды толығымен жүзеге асыру үшін қабылданған 6 заң нені көздейді? Осы сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігінің өкілі түсініктеме берді.
08 Қараша, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, ақын Смағұл Рахымбекті еске алу кеші өтті. Онда қаламгердің замандастары мен жерлестері сөз алып, тағылымды естелік өрбітті.
08 Қараша, 2022
Қай ұялы байланысты жөн көреміз?
Биыл телефон нөмірін ауыстыру қызметін қазақстандықтар шамамен 160 мың рет пайдаланған. Мобилді телефон қызметінің көп таралуына байланысты клиенттерге оператор ауыстырғаннан кейін де өзінің бұрынғы нөмірін сақтап қалу мүмкіндігі беріліп отыр. Нөмір портациясынан кейін қазақстандықтар қандай ұялы байланыс операторын таңдайды?
08 Қараша, 2022
Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі TikTok-пен бірлесіп, отандық стартаптар үшін TikTok Startup академиясының алғашқы білім беру бағдарламасын іске қосты. Академия аясында стартаптың 218 өкілі платформада жетістікке жетуді және қоғамдастықтың назарын өз өнімдеріне аударуды үйренеді. TikTok Startup академиясының ең үздік студенттері 10 мың долларға дейінгі гранттарға ие болады.
08 Қараша, 2022
Нарықтағы тәуекелшіл стартаптар
Акселерациялық бағдарламаға қатысушылардың арасында үш айда бағасын екі есеге арттырған компаниялар да, айлық табысы 22 есеге өскен стартаптар да бар.
08 Қараша, 2022
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
08 Қараша, 2022
Педагогтердің құқығы қорғалады - министрлік
Мұғалімдер құқықтары бұзылған жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-чатына жаза алады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2022
Президент Атыраудағы мұнай-газ компанияларына қатаң ескерту жасады
Мемлекет басшысы Атырау облысының экологиясына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Атырау облысындағы медициналық инфрақұрылым сапасы сын көтермейді
Атырау қаласында емхана ғимараттары тапшы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Қ.Тоқаев Атыраудағы электр желісін түгелдей жаңғыртуды тапсырды
Атырау облысындағы өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
08 Қараша, 2022
Табиғатты қорғауға жауапты органдардың жұмысында олқылықтар бар
Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022