Редакция таңдауы
Президент Атыраудағы мұнай-газ компанияларына қатаң ескерту жасады
Мемлекет басшысы Атырау облысының экологиясына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Атырау облысындағы медициналық инфрақұрылым сапасы сын көтермейді
Атырау қаласында емхана ғимараттары тапшы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Қ.Тоқаев Атыраудағы электр желісін түгелдей жаңғыртуды тапсырды
Атырау облысындағы өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
08 Қараша, 2022
Табиғатты қорғауға жауапты органдардың жұмысында олқылықтар бар
Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
Қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып ала алады
Қазақстандықтар еліміздегі ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаздың» акцияларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Компанияның акциялары бастапқы жария ұсынылымға қойылады, деп жазады Egemen.kz.
08 Қараша, 2022
АЭС: Әлемдік және өңірлік тәжірибе
Әлемнің 32 елінде 427 реактор жұмыс істейді. Қазір атом энергетика стансалары бүкіләлемдік электр энергиясы өндірісінің 10 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан да АЭС салуға ықылас танытып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтты. Президенттің айтуынша, ел аумағында АЭС-тің салынуы елдегі энергетикалық проблеманы айтарлықтай жеңілдетеді.
08 Қараша, 2022
Саяси құқықтың ажырамас бөлігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыз айында жарияланған саяси бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар заңнамалық актіге қол қойды. Бұл заңдардың айтарлықтай бөлігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық қорғау институттарын нығайтуға, оның ішінде «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қатысты.
08 Қараша, 2022
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңға жария түрде қол қойды. Құжаттар биыл маусым айында өткен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумнан кейін қабылданған болатын. Қол қою рәсімін жария түрде өткізу заңдардың демократияның даңғыл жолына түсуде маңызы ерекше екенін көрсетсе керек.
07 Қараша, 2022
Жиын арқауы – «Жасыл экономика»
Қазақстанда «Жасыл экономикаға» көшу жағдайында қалдықтарды басқару жүйесін қалай дамытуға болады? Елімізде жасыл экономиканы дамытудың осы және өзге де өзекті мәселелері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды.
07 Қараша, 2022
Майбалықтан түлеп ұшқан қырандар
«Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» дейді дана халқымыз. Ел басына қара бұлт үйірілген қиын сәттерде ауыздықпен алысып атойлаған баһадүрлердің ерлігі мақтаныш қана емес, кейінгі жас ұрпаққа үлгі. Олардың кіндік кесіп, жаялық жуған жерін қорғау барысындағы қайсарлығы мен ерлігі алаш жұртының мәңгі жадында. Олардың кескілескен ұрысқа ұласқан өмірі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылып, елдің ерекше жаратылған ұлы перзенттерінің бірі болып есімі мәңгі ұлықталып өтетініне еш шүбә жоқ...Астана іргесіндегі Майбалық елді мекенін алтын құрсақ аналар талай арыстарды дүниеге әкелген киелі өңір десек асылық айтқандық болмас. Майбалықтан маңдайын Сарыарқаның самалына тосып өскен талай батыр тұлғалы азамат шықты.
07 Қараша, 2022
Нұржан Қабдолданов: Қалдықты өңдеу қалпына түсе бастады
Үкімет қаулысына сәйкес 2022 жылдың 18 қаңтарында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы болып «Жасыл даму» АҚ айқындалған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес утилизациялық алымды қабылдап келген жекеменшік компания бүгінгі таңда 100 пайыз мемлекет еншісіне өткен. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты кәсіпорын 9 айда қандай шаруа атқарғанын білу үшін «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолдановты әңгімеге тарттық.
07 Қараша, 2022
Орталық сайлау комиссиясы мүшелері еліміздің өңірлерінде президент сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізіп жатыр.
07 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Бекет ата мешітіне барды
Президент Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Қаңтар оқиғасына қатысқан 579 адам сотталды
Ішкі істер министрлігіне қарасты Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар айындағы оқиғалар бойынша сотталғандардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Рақымшылыққа ілінгендердің жалпы саны белгілі болды
Бас прокуратура қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан бес азаматқа рақымшылық жасау арқылы қылмыстық қудалау тоқтатылғанын хабарлады. Қалғандарына қатысты сот шешім қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Қазақ Адай жылқысы еліміздің брендіне айналады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Жиын барысында Президент Үкіметке түйе шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік шараларды күшейту мәселесін пысықтауды жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Маңғыстаулықтар 100 млн доллардың азық-түлігін сырттан алады
Президент азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды деп санайды. Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
07 Қараша, 2022
Маңғыстауда жаңа 21 мектеп салынады
Мемлекет басшысы Маңғыстау аймағында алдағы үш жылда 21 мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Маңғыстауда «жасыл» сутегі өндірісі іске қосылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосу жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Маңғыстау облысы әрдайым менің ерекше назарымда - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында облыстағы халық саны 2,5 есеге өскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022