Редакция таңдауы
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Йеменде тараптар атысты тоқтату мерзімін ұзарту туралы келісімге келді. Елдегі азаматтық соғыс пен атысты тоқтату келісімі осымен екінші рет ұзартылып отыр. Тараптардың бітімге келуі елдегі тыныштықты сақтау тұрғысынан үлкен мәнге ие.
17 Тамыз, 2022
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Еуропа жаһандық энергия бағасының шарықтауына байланысты электр қуатын үнемдеуге көшті. Косово бұдан былай электр қуатын импорттауға шамасы жоқ екенін мәлімдеді. Ал Азия елдері әзірге Ресейден алатын электр энергиясының мөлшерін азайта қойған жоқ.
17 Тамыз, 2022
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Халықаралық қоғамдастық дабыл қағып жатыр. Әлем ашаршылық алдында тұр. Кейінгі геосаяси оқиғалар, жаһандық жылыну секілді мәселелер миллиондаған халықты ашқұрсақ қалдырған. «Жұт жеті ағайынды» демекші, азық-түлік тапшылығына энергетика саласындағы қымбатшылық, ауыл шаруашылығына қажетті тауарлардың бағасының өсуі де әсер етіп отыр.
16 Тамыз, 2022
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
2021 жылдың қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсыра отырып, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Ел энергетикасы ондаған млрд доллар инвестицияға мұқтаж. «Оны кім қаржыландырады?» деген мәселеге әлі түйінді жауап жоқ. Себебі халық табысы аз, электр энергиясына тарифтерді көтеруге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, әлемдік тренд бізге де ықпал ете бастағанын айтуға тиіспіз.
16 Тамыз, 2022
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың тамыз айында қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалдамасының нәтижелерін ұсынды. Онда 6 негізгі аспекті бойынша болжамдар жарияланған.
16 Тамыз, 2022
Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы-мемлекетке қатысты кезекті макроэкономикалық шолуын жариялады. Онда елдердің даму бағытына қысқа мерзімді перспектива аясында баға берілген.
16 Тамыз, 2022
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Бір уақытта республикалық 5 бірдей басылымның шығуына қол қойған кәсіби редакторды білесіз бе? Ол – әскери журналист-публицист, гвардия майоры Омарғали Құдышев. Бүгінде республикалық бірқатар газет-журналдың құрылуына еңбек сіңірген азамат туралы өкінішке қарай, көп айтыла бермейді. Омарғали Құдышев Қытайдағы Шыңжаң қазақтарының өмірі туралы «Жаңа өмір» журналын шығарған, «Үгітші блокноты», «Қазақстан мұғалімі» басылымдарының бастауында тұрған, «Социалистік Қазақстан» газетінде еңбек еткен. Бүгінде еліміздегі бірқатар баспасөз қайраткері – осы тұлғаның шарапатын сезініп, тәлімін көргендер. Біз бүгінгі мақаламызда О.Құдышевтың Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы ретінде қызмет еткен 1956-1962 жылдардағы еңбегі туралы зерделеп көрмекпіз. Өзінің айтуынша, оның өмірінің жарқын сәттері Кереку өңірінде өткен.
16 Тамыз, 2022
Кения жазушысы Нгуги Уатиңгоның паспортына айналған шығармасының бірі «Жылама, балақай» атты роман. Бұл жазушының тырнақалды туындысы, аталған шығарма сонау 1964 жылы баспадан шыққаннан кейін оқырманның қолынан әлі түскен жоқ. Әдебиеттанушылар бұл романды ағылшын тіліне аударылған шығыс африкалық тұңғыш кітап ретінде бағалайды. Жазушы осы шығармасында африкалықтар мен колониялық Кенияға қоныстанған ақ нәсілділер арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстық һәм ұлттық араздықты, олардың бір-біріне деген жеккөру, кектену сезімдерін сөз ете отырып, шынайы оқиғаларды, яғни Кения жерінде болған әртүрлі қақтығыстарды тілге тиек етеді. Сол үшін біз оның әр шығармасында шындықтың өзі сөйлейді дегіміз келеді.
16 Тамыз, 2022
Ақсу ферроқорытпа зауытында жыл басынан бері үш газ тазарту жүйесінде жеңдік сүзгілер ауыстырылды. Оларды ұдайы ауыстыру кәсіпорынға газтазалағыштардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және ферроқорытпа өндірісінің шығарындыларын азайтады.
16 Тамыз, 2022
Француз суретшісі Эжен Делакруа 1854 жылы «Мароккодағы арыстанды аулау» картинасын Шығыс Африкаға жасаған саяхаты туралы естеліктер негізінде жазған. Кескіндеме шеберге тән қалыпта құйылған. Арыстанмен арбасқан аңшылардың шайқасқа дайындық сахнасынан автордың қолтаңбасын тануға болады. Бұл Франция өнерінде әлі де үстемдік ететін классицизмді ұстанушылар арасында бар дағды. Құдды XIX ғасырды ұмыттырмау үшін осылай істеу қажет секілді.
16 Тамыз, 2022
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа оқу жылында шәкіртақы көлемі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов экономикадағы жоғары инфляциялық қысымның сақталып отырғаны туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
16 Тамыз, 2022
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзгі егіс жұмыстары кезінде дизель отынының бағасы қалай сараланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2022
Темір жол көлігі саласындағы тепсе темір үзетін азаматтардың жемқорлықтың жетегінде кеткені белгілі. Оны қойшы, кейде өзіміз де билет болмаса ақша қыстырып, қыстырылмай діттеген жерімізге жетуге асықпыз. Енді еркіндікке жол жоқ. Антикор «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық қаупі бар-жоғын анықтауға мықтап кірісті.
16 Тамыз, 2022
Жаңа Қазақстан – шетелдіктер көзімен
Сыртқы істер министрлігінде «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қорытындылары жарияланды. Биыл жетінші рет өткізілген байқауға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Бас редакторлар клубының басшысы Бибігүл Жексенбай және Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қазылық етті.
16 Тамыз, 2022
Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде «Қазақстан» павильоны үздіктер қатарынан көрінді.
15 Тамыз, 2022
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Қазақстан сауда тасымалдарын нығайту жолында Орталық Азия елдерімен кең тынысты қарым-қатынас орната бастады. Алдағы бес жыл – Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерінің кеңейе түсіп, бес елдің бір-біріне шынымен қолғабыс тигізер сәті. Осы бес жылдықта қолға алынған бастамалар сәтті болса, онда одан әрі қарай сауда байланыстарындағы оңтүстік дәліздің басымдығы біржола артып, шын мәніндегі азиялық интеграция көрініс бермек.
15 Тамыз, 2022
Мимырт тірліктің ми қайнатар ыстығында бал арасының тынымсыз тіршілігі тамсантады һәм көңіл тебірентеді. Тамсантатыны сол – адам атаулы қанша рет талпынса да қол жеткізе алмаған ізгілікті де әділетті, мәнді де мағыналы ғұмыр осы бір титімдей ғана тіршілік иесіне бұйырған. Ал көңіл тебірентетіні – қаншама қанат талдырып, аяқ шаршатып, мыңдаған гүлдің басынан тірнектеп жиған тәттісінен өзіне тиесілі несібесі шамалы: еңбек – онікі, қызығы – өзгенікі. Мұндай тірлік ғұламалардың көбіне тән болса, біз бұл сөзімізді қазақтың біртуар ері Нұрмолда Алдабергеновке қаратып айтар едік.
15 Тамыз, 2022