Редакция таңдауы
Иран ядролық келісімі қайта басталады
Иран ядролық келісімді қайта жандандыруға келісіп отыр. Ол үшін АҚШ осы келісімнің барлық экономикалық ережесін орындауға кепілдік беруі қажет. Сол кезде ғана Иран Бірлескен жан-жақты ядролық іс-қимыл жоспарындағы (JCPOA) өз міндеттемелерін толық орындауға қайта оралмақ.
04 Тамыз, 2022
«Әл-Қаида» басшысының көзі жойылды
Бұқаралық ақпарат құралдары «әл-Қаида» жетекшісі Айман әл-Завахири қаза тапқанын хабарлады. Оған Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ-тың дронынан соққы жасалған. АҚШ президенті Джо Байден Завахиридің отбасымен бірге Кабулда жасырынғаны анықталғанын, өзінің рұқсатымен 31 шілдеде соңғы үлгідегі дронмен арнайы операция жасалғанын мәлімдеді.
04 Тамыз, 2022
Zhas Project: NEET жастарға назар
Елде жұмыссыз жастарды қолдауға арналған Zhas Project жобасы басталды. Байқауға 6 облыс жастары әлеуметтік бағыттағы идеяларын ұсына алады. Әр жобаға берілетін қаржы көлемі әдеттегідей 1 млн теңге. Алайда оған ие болудың талаптары өзгерген. Биылғы байқаудың ерекшелігі неде? Жалпы, грантқа қол жеткізген жастар қандай кәсіп ашуға бейім? Саралап көрелік...
04 Тамыз, 2022
Кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші, заманауи тілмен айтқанда, драйвері – жастар. Олардың ұстанымы, көзқарасы елдің ертеңі, бағдар алған бағыты екені түсінікті. Осы орайда тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастардың құндылықтары қандай? Олар үшін не маңызды? Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп жырлап кетті. Ал бүгінгі жастар неге немесе кімге сенеді?
04 Тамыз, 2022
Ғафу. Күллі қазақ «Ғафекең» деп құрметтейтін ақын Ғафу Қайырбеков туралы көп жазылды. Оның ұлт поэзиясына түрен салған тебіні, ойлылығы мен тереңдігі, тіпті алдымен азаматта, сосын ақында болуға тиісті мінезі хақында аға буынның естеліктерінен жиі кездеседі. Осыдан екі жыл бұрын ақын Есенғали Раушановпен бірге Алматының шетіндегі Қырғауылды деген ауылға бардым.
04 Тамыз, 2022
Бір адамның ғұмырын аңызға айналдыруға кейде өнердің де күші жетпейтін сияқты көрінеді. Әйтпесе алып теңіздей өнер айдынында осыған дейін талай талантты жанның ізі қалды – бірақ, бәрі бірдей аңыз-ғұмыр кеше алған жоқ.
04 Тамыз, 2022
Қазақстанға жасанды дәрі-дәрмек әкеліп жүргендер анықталды
Соңғы екі жылда Қазақстанға жалған дәрі-дәрмектерді әкелу бойынша 700-ге жуық бұзушылық фактісі тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2022
Қазақстанда киім бағасы қымбаттады
Маусым айында ел дүкендеріндегі сауда сөрелерінде аяқкиім мен киім бағасы бір жылда 9,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz ақпаратына сілтеме жасап.
04 Тамыз, 2022
Қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер жасалды
Қаңтар оқиғасы кезінде мүлкі бүлінген кәсіпкерлерге залалды өтеу мақсатында мемлекеттен алған ақшалай көмегі табыс салығынан босатылған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2022
Биыл Мемлекеттік комиссия шешімімен медициналық мамандықтар бойынша білім алған 4,1 мың түлектің 2,9 мыңы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері тапшы аймақтарға қызмет етуге бөлінді.
04 Тамыз, 2022
Өткен аптада Косово мен Сербия арасы тағы ушықты. Оған Косово билігінің 1 тамыздан бастап енгізген жаңа талабы себеп болды. Ел үкіметі Сербияның төлқұжатымен жүрген азаматтарға Косово жеке куәлігін алуды талап ету, сондай-ақ серб нөмірлері бар барлық көлікті қайта тіркеу туралы шешім қабылдаған. Бұл жергілікті сербтердің наразылығын тудырды.
04 Тамыз, 2022
Дүниені дүрліктіріп, елді елең еткізген індеттің ізі қайта көріне бастады. Алысқа бармай-ақ, айналамыздағы адамдардан да ауырып қалдым, емделіп шықтым деген мәндес мәліметтерді күнде естіп жүрміз. Дей тұрғанмен, аурудың алаңдатарлық ахуалын аңғармастан, маска тақпай бейғам жүрген жандардың да қарасы қалың. «Жасыл аймақтағылар» жайбарақат жүр, «сары аймаққа» енгендер салғырттық танытуда. Сонда аты жаман аурудың қауіпті екенін түсіну үшін індет жаппай белең алып, «қызыл аймаққа» кіру қалды ма?!
03 Тамыз, 2022
«Майшелпегінен» қағылған майнерлер заңды нарыққа шыға бастады
Бірер жыл бұрын ғана майнинг біз үшін бөгде ұғым еді және онымен айналысушылардың «қара нарықты» қыздырып жатқанын ептеп түсінуші едік. Қытай қысымынан кейін Қазақстанды паналаған майнерлер біздің электр энергиямызды пайдаланып, миллиондаған биткоин өндіруге көшкен-ді. Тіпті бір облыстың жылдық энергиясын жағып жібергендері де кездескен. Майдан қыл суырғандай етіп мемлекет олардың біразын тапты, жапты. Ресми дерек бойынша қазір ел аумағында 330 ұйым майнингпен ресми түрде айналысады.
03 Тамыз, 2022
Ұлттық экономика министрлігі жақында жақсы жаңалық жариялады: 2022 жылғы мамырда Қазақстаннан тауарлар экспорты 7,7 млрд долларды құрапты. Бір айдағы мұндай экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болмаған екен. Ол кезде экспорт көлемі 7,9 млрд долларға жеткен. Осылайша, еліміз тауарларды экспорттау жағынан осыдан 8 жыл бұрынғы межені бағындырып отыр.
03 Тамыз, 2022
ОСК отырысында үш мәселе қаралды
Кеше Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады ОСК-нің баспасөз қызметі.
03 Тамыз, 2022
Ирактағы саяси дағдарыс ұзаққа созылатын түрі бар. 2021 жылдың қазан айында өткен парламенттік сайлаудан кейін елдің саяси күштері ақыры жаңа президентті сайлап, үкіметті құра алмады. Бүгінде саясаткер Муктада ас-Садрдың жақтастары наразылық шерулерін өткізіп, елдің берекетін кетіруде. Жаппай толқу қазірдің өзінде жеті провинцияны, соның ішінде Бағдадты да қамтыды.
03 Тамыз, 2022
Тайвань тағдыры тағы да талқыға түсті
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барды. Бұл сапарға бүкіл әлем көз тіккені белгілі. Нэнси ханым алақандай аралға ат басын бұрады дегеннен бастап ұшақ Тайбейдегі әуежайға қонғанға дейін бұл оқиғаға алаңдағандар жетерлік. Бұл түсінікті де. Өйткені Қытай тарапы Өкілдер палатасы спикерінің сапары елдің тұтастығына нұқсан келтіретінін айтып, қажет жағдайда қару қолдануы мүмкін екенін ескерткен.
03 Тамыз, 2022
Қарулы Күштерді цифрландыру мәселесі ақсап тұр
Қарулы Күштер заманауи ақпараттық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіле алмай отыр. Әскери бөлімдерде арнайы телекоммуникация желісі жоқ. Әскердегі цифрландыруды дамыту және жетілдіру бүгінде Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған шешімі кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
03 Тамыз, 2022
Сара Камерон: Арал дағдарысы тарихи мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді
Сара Камерон (Sarah Cameron) – 1977 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласында туған. Стэнфорд университетінде бакалавр және магистр, Йель университетінде PhD дәрежесін қорғаған. Қазір Мэриленд университетінің (Колледж паркі) тарих профессоры болып қызмет атқарады. Орталық Азия мен Қазақстан туралы бірнеше тілге аударылған зерттеу кітабы мен ондаған ғылыми мақалалардың авторы. Таяуда Сара ханыммен аз-кем әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік туған еді.
03 Тамыз, 2022
Ән әлемінің жарық жұлдызы, сопрано үнді ән падишасы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарының бірі, қазақ елін дүние жүзіне таныстырып, паш еткен, аңыз-адам, ұлт мақтанышы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.
03 Тамыз, 2022