Редакция таңдауы
Қазақстан Қарулы Күштері: Отан күзетіндегі 30 жыл
Заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға баса назар аударылады. Бұл саладағы негізгі қағидаттар мен тәсілдер Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасында айқындалған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының әскери доктринаны, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта жарақтандыру және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамасын қайта қарау жөніндегі тапсырмалары іске асырылып жатыр.
18 Шілде, 2022
Әдетте әдебиет туралы әңгіме айтылып-айтылып біткенге ұқсайды, кейде. Кейде адамның өзі басқа түгілі өзіне жат көрінеді. Көп ішінде, топ ішінде жалғыз қалады.
18 Шілде, 2022
Ұлтымыздың аса көрнекті ақыны, солақай да содыр саясаттың ығына жығылмай, солқылдақтық танытпай, Алаштың асыл мұратына өзінің азаматтық, ақындық және тұлғалық ұстанымын ұштастыра өмір сүрген, күштінің құрығы мойынына түссе де мойымай, басын имей, еңсесін тік ұстап жүріп қазағының рухани қазынасына зор үлесін қосып кеткен Мағжан Жұмабаевтың айшықты ізіне, руханиятымыздың қақ төріне сіңіре қағып кеткен алтын қазығына көкірегі ояу, көзі ашық қазақтың әрбір баласы қайта-қайта оралып, ақыл-ойын сауықтырып отырса жарар еді.
18 Шілде, 2022
Еуропа ренессансқа дейінгі дәуірде түнекті кезеңді бастан өткерді. Шіркеудің ғылымсыз епископтары басқаны былай қойғанда, жуыну үшін сабынды пайдалануды күнә деп тапты. Қала ішінде балконнан құйылатын «сары судан» сақтану үшін шляпа бас киімі мен жердегі қоқсықты баспау үшін биік өкшелі аяқ киімдер Еуропада ойлап табылды. Тазалық сақталмаған ортада оба, қотыр сынды әртүрлі аурулар жайлады, адамдар миллиондап қырылып жатты.
18 Шілде, 2022
Дұрыс сөйлей білу де мәдениеттілік
Тілде ұсақ-түйек деген болмайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
18 Шілде, 2022
Ұлттық музейде Қазақстан мен Мажарстан мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай, Мажарстан өнер академиясының мүшесі, графика суретшісі, аниматор, жазушы, Кошут атындағы ұлттық сыйлықтың лауреаты Иштван Оростың «Суретке салынған уақыт» атты көрмесі ашылды.
18 Шілде, 2022
Боранбаев пен Сатыбалдыұлы жымқырған қаржы мемлекетке қайтарылды
Бас прокуратура ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық табысты заңдастыру белгілері бар резонанстық істерді тергеп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Шілде, 2022
Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2022
Халықта «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағидалы сөз бар. Осы идеяны іс жүзіне асыру мақсатында құрылған Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының жұмыс істей бастағанына екі жылдың жүзі болды. Аталмыш қор аз уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарды. Аудан аумағында қайырымдылық іс-шараларын жүзеге асырды. Бірқатар білім ошағына көмек қолын созды. Алты мектепке музыкалық жабдықтар алынды.
18 Шілде, 2022
Әуежай маңындағы үйлер неге көшірілмеді?
Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болған тұста жаңа әуежай салынатыны жөнінде көп әңгіме айтылған еді. Жылдар өте айтылған сөз нақты іске айнала бастады. Дегенмен бүгінде көпшілік талқылауына ұсынылған Шымкенттің бас жоспарында әуежайдың тұрағы ескі орнында көрсетілген. Қаланың қақпасына байланысты өзгеріс тек терминал ғимаратының құрылысына қатысты болмақ.
18 Шілде, 2022
Еуропадағы аптап ыстық салдарынан өрт көбейді. Қазір мыңдаған өрт сөндіруші Португалия, Испания және Францияның оңтүстік-батысында орманда тілсіз жаумен күресіп жатыр.
18 Шілде, 2022
Бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр
Украинадағы әскери қақтығыста қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны күн санап артып барады. Әсіресе мерт болған балалар көп. Таяуда Винница қаласына жасалған жан түршігерлік соққы халықаралық қоғамдастықты алаңдатты.
17 Шілде, 2022
Президент тапсырмасы: Үкімет жұмыла іске кіріспек
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар қаралды.
17 Шілде, 2022
Өмірлік үдерістерді реттеуде адамның құндылықтары мен ортасының алатын орны бөлек. Құндылықтар өмірге арналған навигаторлар мен нұсқаулар сияқты. Олар адам өмірін дұрыс арнаға бағыттайды.
17 Шілде, 2022
Даурығатын ештенесі жоқ, латынамерика биі әлемдегі ең ашық әрі еліктіргіш композициялардың бірі. Әрбір қимыл-қозғалысы әлденеден сыр тартып тұрады. Әйгілі әртіс Дженнифер Лопес «Кел, билейік» фильмінде оны «көлденең тілектің тік көрінісі» деп суреттейтіні бар. Әуезді әуені буыныңызды балқытып, лезде көңіліңізді баурап алатын дәруменге ие. Мәселен, «Тербел» әні. Кербез Дин Мартиннің даңқын асқақтатқан ғаламат туынды әлі де әуе кезіп жүр.
17 Шілде, 2022
«Тақиялы періштедегі» «Япурай»
«Тақиялы періште» фильмінің байлығы баласына қалыңдық іздеген қазақ анасының күлкісі ғана емес, қазақ әндерін, соның ішінде қазақтың халық әнін де дәріптей алуында деген ойдамыз. Бұл фильмнің әр оқиғасының бұрылысы мен жықпылына тоқталуға болады. Бірақ айтпағымыз ол да емес, атақты режиссер, режиссер ғана емес әнші Шәкен Аймановтың қайталанбас дауысынан туындап отыр әңгіме.
17 Шілде, 2022
Заңсыз мигранттар көші тоқтамай тұр
Заңсыз еңбек миграциясы елдің өзекті мәселесінің бірі. Өйткені халықаралық қоғамдастық заңсыз еңбек көші-қонын терроризммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен қатар ұлттық және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлері қатарына енгізген. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары кезекті жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.
17 Шілде, 2022
Атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков хақында
Қазақ халқында «Ердің ерлігі – еліне мұра» деген даналық сөз бар. Ұлтының атын шығарған батырлардың ерлігі кейінгілерге өнеге, өскелең ұрпақтың отаншылдық рухын шыңдап, патриоттық мерейін асқақтату тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да батыр бабаларымыздың ерлік қасиеттерін қастерлеп, олардың әрбір ісін ұмытпай ұлықтау баршаның парызы екені сөзсіз. Алайда тоталитарлық заманның қасаң саясатының салдарынан қазақтың небір марқасқа жампоздары мен батыр ұландарының қайталанбас ерен ерліктері еленбей қалғаны өкінішті болып отыр.
17 Шілде, 2022
Филармония – кез келген қаланың музыкалық жүрегі, оның мәдени орталығы. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония жаңа астананың көне мәдениет ошақтарының бірі, мұнда өнердің тамыры 1997 жылдан бері соғып тұр. XXV концерттік маусым аяқталды.
17 Шілде, 2022
Соңғы жылдары байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен екен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 562 тексеру жүргізген. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы – 51 тексеру, 2019 жылы – 93 тексеру. Соның нәтижесі арыз-шағымның ұлғайғанын көрсеткен.
17 Шілде, 2022