Редакция таңдауы
Ономастикалық ғылыми орталық қажет
Ономастика мәселесі – ұлттық намыс қана емес, ұлттық саясат. Сондықтан оған терең мән беріп, жан-жақты қарау қажет. Қазір осы салада көзге айқын көрініп тұрған екі кемшілік бар: біріншісі бүгінге дейін елімізде ономастика туралы жеке заң қабылданған жоқ. Ал Еуропаның көптеген елінде мұндай заң бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ, Франция, Германия секілді дамыған мемлекеттерде ономастика туралы заң қабылданғанына бірнеше жыл болса да, олар уақыт талабына сай оны жаңартып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырады.
12 Шілде, 2022
Десантшы жауынгерлердің дайындығы маңызды
Қай елде болмасын қарулы күштердің маңызы зор, мемлекет те алдымен осы салаға басымдық береді. Әсіресе елдегі десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметі ерекше. Биыл аталған әскердің құрылғанына – 22 жыл толып отыр.
12 Шілде, 2022
Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылуда
Елімізде зейнетақы жасы төмендеуі мүмкін бе? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Таяуда Сенат депутаты Дана Нұржігіт Премьер-Министр Әлихан Смайылов депутаттық сауал жолдаған еді.
12 Шілде, 2022
Ұлттық Банктің Төрағасы Ғалымжан Пірматов «Egemen Qazaqstan»-ға арнайы сұхбат беріп, инфляция бойынша орта мерзімді болжамдар, валюта нарығындағы ахуал, сондай-ақ Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеру факторы және оның экономиканы кредиттеуге әсері туралы әңгімеледі.
11 Шілде, 2022
Интернет-алаяқтық өршіп барады
Алаяқтық атаулының алуан түрін меңгергендер айылын жиятын күн байқалмайды. Халықты судағы балықтай көрген табанының бүрі жоқ алаяқтар енді интернет арқылы қарапайым жұртшылықтың қалтасын қағып, соқыр тиынына дейін алып кетуден қымсынар емес. Жеңіл жол арқылы табысқа кенелгісі келетіндердің жасаған қылмысы төрт жыл бедерінде он есеге дейін артқаны ойландырмай қоймайды.
11 Шілде, 2022
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша 7 900-ден астам жобаны қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы биыл агробизнесті дамытудың басым бағыттары бойынша 330 млрд теңгенің несиесін беру көзделген.
11 Шілде, 2022
Эпидемиялық ахуал: Вирус жұқтырғандар көбейіп барады
Отанымыз түгілі озық елдердің өзін омақаса құлатқан індет іргемізден кетті дегенде бөркімізді аспанға атып қуанғанымыз рас. Сау адамды сарсаңға салған сол бір сәттерде дертке шалдықпаудың жолын іздеп, денсаулығымызды ойлап дегбіріміз қашқаны да шындық. Бірақ коронавирустан түбегейлі құтылдық екен деп арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сақтық шараларын ұмытуға болмайды. Себебі елдегі эпидемиялық жағдай күрделеніп, сырқаттанғандар саны өсіп жатыр.
11 Шілде, 2022
Бабалардан мирас болып қалған байтақ даланың тыныштығын күзету – Алаш азаматының мойнына артылған асыл міндет. Тыныштықты қуатты армия қорғаса, елдің ырыс-құты артады.
11 Шілде, 2022
Жемқорлықпен күрес мәселесі сөз болды
Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысын талқылауға арналған алқа отырысы өтті. Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов баяндама жасады.
11 Шілде, 2022
Бейбіт елдің белгісі – бітімгерлік миссиясы
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік миссияларына атсалысып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Дегенмен «тоғызыншы территорияның» сайыпқырандары әлемнің қай елдеріне жіберілмек? Оларды қауіпті аймақтарға жібере ме? Осы сауалдарға жауап іздеп көрген едік.
11 Шілде, 2022
«Алтын бу айна көлдің бетін жабар...»
Мақтанғандай болмайық, шын сөзіміз, әлемде қазақ секілді 100 томнан асатын фольклорлық еңбегі бар халық кемде-кем. Ағылшындар англосаксондық «Беобульф» сынды эпикалық поэмаларын сөз етіп сан-саққа таратса, француздар көбіне «Ролланд туралы жырды» уағыздайды. Ал қазақ халқының жылан қабығындай қатпар-қатпар жырлары мен толғау-дастандарында, аңыз әңгімелер мен ғибратты ертегілерінде есеп жоқ. Қайсыбірін алсақ та өлмес тақырыптар мен күрделі сюжетке құрылған.
11 Шілде, 2022
Ғұмыр қиссаңыз алқұлым шақта қамсау қараңғылыққа әкеліп тіресе қайтесіз!? Жарық дүниеде жұлдызыңыз жанторсықтай жаныңыздан қалмағанымен түптін-түбі бақтың сізді айналып өтерін сезсеңізші. Ең соңында тағдырдың тарғалаңымен онаша қалу тозақпен бетпе-бет келгенмен бірдей емес пе? Қабірін өзі қазған пендедей әлдебір үрей дедектетіп ала жөнеледі. Тек сондайда Тәңірдің түстеп берген өміріне өкпе арта көрмеңіз. Аңылжыған бос кеңістік тастай қараңғы кейіпке енсе де жүректегі сәулеңізді сөндірмеңіз.
11 Шілде, 2022
Елена Рыбакина «Достық» орденімен марапатталды
Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Шілде, 2022
Үкімет басшысы зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтардың зейнет жасына қатысты депутаттық сауалға жауап жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Шілде, 2022
Қала дамуының қарқынды қадамдары
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы ақпарат берді. Оның мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсетті. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 3 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, бірінші жартыжылдықта 1 млн 250 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.
11 Шілде, 2022
Қатаң ақша-несие саясаты жалғасады
Қазақстанда жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты өте қатаң. Бұлай етуге 2020-2022 жылдардағы тұтынушылық инфляцияның күрт өсуі, 2019 жылдан бергі инфляция бойынша таргет-дәліздің төмендігі, банк жүйесіндегі долларлану тәуекелі және девальвациялық күтулер себеп. Бәлкім, осы себептен, пандемия уақытынан бері базалық ставка 9 пайыздан жоғары көтеріліп көрген емес. АКРА халықаралық рейтинг агенттігі осылай деп топшылайды.
11 Шілде, 2022
Жасөспірімдердің проблемасын бірлесіп шешу керек
Суицид жасау бойынша Қазақстан әлем елдерінің арасында 20-шы орында тұр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауы бүгінгі күні қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Бұл мәселенің алдын алу үшін отандық ғалымдар елде психологиялық қолдау қызметін дамыту қажет екенін алға тартады. Ал құзырлы органдар мен сарапшылар мәселенің шешімін қалай қарастырады? Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында осындай сұрақтар талқыға салынды.
10 Шілде, 2022
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілердің Уимблдон турнирі аяқталды. Көпшілік тағатсыздана күткен әйелдер арасындағы финалдық сайыс сенбі күні кешкісін өтті. Бұған дейін швециялық Мирьям Бьерклунд, польшалық Катажина Кава, франциялық Диан Парри, бельгиялық Элиса Мертенс, чехиялық Мари Боузкова және германиялық Татьяна Марияны жолынан ығыстырған әлемнің екінші ракеткасы, тунистік Онс Жабер ақтық айқасқа бес қаруын асынып келді. Десек те біздің Елена Рыбакина да бас жүлдені олжалау үшін барымды саламын деп, кортқа ерекше құлшыныспен шықты.
10 Шілде, 2022
Қызылжардан Көкшетауға келе жатқан үлкен жолдың бойындағы елді мекендердің атауы кіл орысша: «Трудовая Нива», «Чапаев», «Астраханка», «Рублевка», «Келлеровка», «Драгомировка», «Ивангород», «Обуховка», т.б. Алайда осы аталған ауылдардың бәрінің де жер мен суға қатысты қазақша атаулары (топонимдері) бар.
10 Шілде, 2022
Көбейген киік, кейіген шаруа: Оққа байлаумен оңтайландыру оң шешім бе?
Сайын даланың киесі әрі еркесі саналатын киік санының миллионнан әлдеқайда асып кеткені бүгінде әжептәуір мәселеге айналды. Жайылым мен егістік алқаптарына жаудай тиген жануарлардан көресіні көрген шарасыз шаруалардың шағымы барған сайын үдеп барады. Бұл ретте Үкімет тарапынан қабылдануы мүмкін киік санын реттеу туралы шешім қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.
10 Шілде, 2022