Редакция таңдауы
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2022
Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы инклюзивті «Қанаттылар» театрымен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері мен ақындар мүшәйрасын өткізді. Шара «Жастар» театрында өтті.
27 Маусым, 2022
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Қазақстанда 290 кәсіпорын керамикалық кірпіш өндіреді. Былтыр отандық кәсіпорындар ішкі нарықтағы сұраныстың 44 пайызын қамтамасыз еткен.
27 Маусым, 2022
Оңтүстік Кореяда балалардың мүддесін қорғайтын заңгерлер «мемлекет болашақ ұрпақтың құқығын бұзып отыр» деп санайды. Олар «мемлекет ауаға таралып жатқан зиянды қалдықтарды азайтуға жеткілікті әрекет жасамай, болашақ ұрпақтың құқықтарын бұзып отыр» деген айыппен сотқа жүгінген.
27 Маусым, 2022
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінде әскери қызметтің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелері қаралды.
27 Маусым, 2022
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Испания мен Марокко арасында тағы да шу шықты. Мароккодан Испанияның Мелилья анклавына кірмек болған 18 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 500-ден астам босқын қоршауды бұзып, шекаралық бақылау аймағына кірген.
26 Маусым, 2022
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Полиэтилентерефталат, яғни термопластикалық полимер бөтелкеден бастап, киім, жиһаз сынды қарапайым заттар өндірісінің бәрінде қолданылады. Енді бұл тізбек Қазақстанда заңмен жүйеленбек. Осыған байланысты жақында пластикалық қалдықтарды өңдеушілер мен қазақстандық тоқыма өндірушілер арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
26 Маусым, 2022
Қазақтың классик жазушысы, көркем сөздің зергері атанған Ғабит Мүсірепов ақынның өмір жолы туралы түсірілген деректі фильмде Кенен Әзірбаевтың дарынды ақын, күміс көмей әншілігі жайлы айта келіп, «Еуропа халқында соңғы могикан деген ұғым бар. Сол сияқты Кенен де қазақтың сал-серісінің соңы, соңғы тұяғы» деген пікір айтты. Жазушының бұл сөзі кімге болса да ой салатыны даусыз. Сал-сері дегенде ойымызға, ең алдымен, ерекше үлгіде киінген, бөркіне үкі тағып, домбырасы күмбірлеген дауылпаз ақындар келетіні сөзсіз. Көз алдымызға асқақтата ән шырқаған Біржан салдың, көктегі аққуға үнін қосқан Ақан серінің бейнесі тұра қалғандай болады.
26 Маусым, 2022
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Өткен аптаның соңындағы жаңалық – Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Nazarbaev University ғимаратында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған ғылыми конференция болды. Алаш ардақтысына арналған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, ректорлар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын тізгінін белгілі алаштанушы ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы ұстады.
26 Маусым, 2022
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиетте жаңадан кейіпкер жасап, образ тудыру оңай емес. Небір мен деген ақын-жазушылар кейіпкерсіз кетуі мүмкін. Әрине, кейіпкер тудырмай қоймайды ғой ақын-жазушы, алайда Бейімбеттің «Мырқымбайындай», Жұматайдың «Ләйләсындай» ел арасына кең тарап кеткендері кемде-кем. Қазақ поэзиясындағы кейіпкерлер аллеясына Жұматай Жақыпбаев қадау-қадау кейіпкерлер әкелді. Жаңа образдар тудырды. Ләйлә мен Кенежиренді қосты жыр бәйгесіне. Біреуі адамзат баласында, біреуі жылқы баласында маңдайы жарқырап шыға келді де, ақынды өлместің кемесіне мінгізді де жіберді.
26 Маусым, 2022
Бұл, бәлки оқырманның Сайынды алғаш көруі. Қаншама жыл шығармаларын ынтыға оқып, кейіпкерлерімен бірге сағынған, қуанған, мұңайған көп оқушы автордың даусын да алғаш рет естіп отырған болар. Сонау өмірді енді тани бастаған бозбала шақта «жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала» Аянмен бірге есейген біз үшін жазушы Сайынның әңгімесін тыңдау сұмдық әсерлі болды.
26 Маусым, 2022
Осыған дейін қарасөз деген ұғым Абайға тиесілі болып келді. Сөйтсек, бізде басқа да ақындар қарасөз жазып, айтар ойын ашып айтқан екен. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Былайғы жұрт ең алдымен Мағжан ақынды отты өлеңдерімен, сосын тартымды прозалық шығармалары арқылы жақсы біледі.
26 Маусым, 2022
Бұқаралық Ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында республикалық Egemen Qazaqstan және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымы табиғат аясында демалып, кәсіби мерекені мәнді де мазмұнды атап өтті. Бұл қос ұжымның бір шаңырақ астына біріккеннен кейінгі және екі жылдық пандемиядан соңғы алғашқы бас қосуы.
26 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогында әлем бойынша инфляцияның қарқынды өсуі шешімін қажет ететін тағы бір өзекті міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.
24 Маусым, 2022
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Мемлекеттік комиссия төрт жұмысшы қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы жазатайым оқиғаның себептерін атады. Оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының үміткерлер тізімі жарияланды
«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Маймыл шешегі инфекциясы пандемия деп жарияланды
ДДҰ маймыл шешегін пандемия деп жариялады. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгеден асты
Қазақстанда зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ең жоғары төлем 707 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Маусым, 2022