Редакция таңдауы
Әскерилерге қашықтан бақылайтын білезіктер тағылуы мүмкін
Әскерилер арасындағы суицидпен күресу үшін ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамына қашықтан бақылайтын білезіктер берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Әскердегі суицидтің бір себебі – несие
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерилер арасындағы суицидке төленбеген несиелер де себеп болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Үкімет басшысы коронавируспен күресті күшейтуді тапсырды
Коронавируспен күрес бойынша барлық мәселені ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Коронавирус тамыз айында өршиді
Тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жаңдайға дейін өседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Баспана сатып, пайда тапқандар салықтан жалтара алмайды
Қазақстанда тұрғын үйді сатқан кезде баспана бағасының 10%-ы көлемінде ұсталатын салық бар. Кезінде Үкімет бұл салық түрін енгізген кезде сарапшылар ел азаматтарының қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді. Шынымен де тұрғын үй бағасы қымбаттаған қазіргі заманда жылжымайтын мүлік салығы тұрғындарға ауыр тиіп тұр.
02 Тамыз, 2022
Кейінгі уақытта елімізде сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Жазатайым оқиға болса бір жөн. Өз-өзіне қол жұмсап, ажалы өзге сарбаздардың әлімжеттік әрекетінен келіп жатыр. Жұртшылықты алаңдататыны да сол. Бейбіт күнде жалғыз ұлынан айырылу оңай емес, әрине. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Президент келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмауды нақтылап, осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатынын ескерткен еді.
01 Тамыз, 2022
Қалтафон қоңыраулатты. «Махмұт Базарқұлұлы жақында жетпіс жасқа толатын еді... Сізден...» деп басталған өтініш-тілек таңданта қойған жоқ. Талайдан жолдас, дос болып келе жатқан азаматқа мерейжасы тұсында бірауыз жылы сөзін арнайтын шығар деп күту әбден-ақ табиғи. Несі бар, арнаймыз. Қарайлайтын, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жетпістің аты – жетпіс. «Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» дейді ғой біздің қазақ. Ал біздің өз кейіпкерімізбен етене аралас-құраласқанымызға биыл дәл отыз бес жыл толады екен. «35 күз. 35 қыс. 35 көктем. 35 жаз. Осал өмір емес-ау 35 жас» деп Мұқағали жазғандай, отыз бес жыл деген – біраз уақыт. Әйтеуір, бір адамды танып-білуге жететін уақыт екені анық.
01 Тамыз, 2022
Қантты да «қару» еткен алаяқтар
IT-технология дамыған сайын интернет-алаяқтықтың да жаңа түрлері пайда болуда. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, еліміздегі қылмыстардың басым бөлігі шекараның арғы шетіндегі қулардың әккі әрекетінен орын алады. Пысықайлар шетелде отырып, Қазақстаннан «әріптестерін» іздейтін көрінеді. Қылмыстық топтың көбі осылай жасақталады екен.
01 Тамыз, 2022
«Қаздырып берді Ызбанов, «Ақжар» атты жарманы»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс белсенді жүзеге асып жатыр. Осы орайда Кеңес Одағы тұсында тоталитаризмнің зардабын тартқан, жала жабылып, итжеккенге айдалып, атылып кеткен жандар оңтүстік өңірде де аз емес. Солардың бірі – Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған Аққозы Избанов.
01 Тамыз, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев Агробанк құру арқылы фермерлердің қолайлы несие алуына жағдай жасау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Бірақ бұл ұсыныс кезінде Үкімет тарапынан да, қаржы секторын бақылаушы органдар тарапынан да қолдау таппаған болатын. Жақында Ж.Дайрабаев тағы бір бұйымтайдың шетін шығарып, «ӨКМ операторы» қаржысы есебінен 50 млрд теңге қаржыландыру көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизингпен беру бағдарламасын іске қосу жөнінде Мемлекет басшысына тікелей өтініш білдірді.
01 Тамыз, 2022
«Магиялық реализм» терминін алғаш рет неміс өнертанушысы Франц Ро сурет өнеріне қолданды. Одан соң Ортега-и-Гассет магиялық реализмнің әдебиеттегі орны жайлы сөз қозғады. Латын Америкасы прозасында XX ғасырдың орта тұсында термин бірегей бағытқа айналып, әлем оқырмандарының жоғары қызығушылығына ие болды.
01 Тамыз, 2022
«Кемедей теңселеді кемел ақыл...»
Мағжан Түркістанды жырласа, Жәркен Шығыс Түркістанды көп жырлайды. Мағжанның бір қиыры іспетті. Түркістан, Тұран деген түркінің қара шаңырағы, өлмес мұрат, сөнбес шырақ біз үшін. Біз ғана емес, түбі бір түркі жұртының көкейінен өшпейтін атажұрт жан-жақтағы бауырлас елдердің сана түкпірінде жеке-дара ұғымға айналып кеткен. Сонау Қазтуған, Доспамбет жыраулардың шығармаларынан, тіпті олардан да әріден тамыр тартады.
01 Тамыз, 2022
Сөз етпек болып отырған кейіпкерімізбен менің ең алғаш қашан, қалай танысқаным нақты есімде жоқ. Кейіпкеріміз деп отырғаным – әріптес іні, 18 жыл «Егемен Қазақстанда» тізе қосып жұмыс істеген азамат Еркін Қыдыр. Оның өзінің айтуы бойынша 80-жылдардың басында ол стажер студент, мен газет қызметкері «Лениншіл жастың» дәлізінде кездесіп, сәлемдесіп жүріппіз. Иә, бұл ҚазМУ-дың 3-4-курсында оқитын журфак қыз-жігіттерінің жастар басылымына тоқсан сайын топталып келіп, өндірістік тәжірибеден толассыз өтіп-кетіп жататын кезі-тін. Міне, солардың қатарында Еркін де болған екен. Атап айтқанда редакциядағы Жарылқап Бейсенбаев басқаратын адамгершілік және тәрбие бөлімінде үйренуші шәкірт міндетін атқарыпты. Одан жоғарыда аталған факультетте диплом қорғау... Университетті бітіру... Жолдамамен Шымкентке аттану... Сондағы облыстық газетке қызметке тұру...
01 Тамыз, 2022
Тараз қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде келушілер тарапынан қызығушылық тудыратын жәдігерлер аз емес. Олардың қатарында қыштан жасалған оссуарий деп аталатын киіз үй пішіндес жәдігер де бар. Музейге келушілер жұмбағы мол оссуарий туралы көбірек білуге құштар.
01 Тамыз, 2022
Түйе өркешін ықтап өскен көшпелі халықтың өмір салты осы картинада қатталып қалғандай. Бағзы заманда қазақ үшін қам жеген, жортуылда жүріп күн кешіп, көкқасқа құрмалдық болып, бүгінде ел жадынан шыға бастаған бабатанымның басты бағдары да осы. Біздің әдет-ғұрпымызды уақыт көші алысқа алып қашқанымен, ұлттың тамыры ескі дәуірдің қазығына байлаулы. Осыны ұмытпаңызшы...
01 Тамыз, 2022
Мемлекеттік кеңесші Халықаралық Түркі академиясының президентімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2022
Қолжетімді баспана құрылысының жаңа механизмі әзірленіп жатыр
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын әлеуметтік тұрғын үйлердің конкурстық процедуралары оңтайландырылмақ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2022
Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адам сотталды
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2022
Батыс өңірлердегі тұрғындардың жалақысы өседі
2025 жылға қарай атыраулықтардың табысы 18, маңғыстаулықтардың табысы 22 пайызға өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2022
Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий ұзартылады
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2022