Редакция таңдауы
Осыдан 105 жыл бұрын Орынборда Алаш Орданың құрылтайы өтті. Бұл – жаңа ұлттық үкіметтің іргетасын құруға жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді. Сол кезде Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Қазаққа ұйымдасу керек», «Қазақ болып қамдану қажет» деп, ел тағдырына ықпал ететін есімдерге құрылтай жөнінде хат жолдаған екен.
15 Маусым, 2022
«Тұранды мақтамаймын тіпті текке, Онсыз да Тұран мәлім талай шетке» (Мағжан) демекші, халық көкке көтерген есімді билік одан әрі асқақтатқаны қандай келісті, қандай жарасымды! Кешелі бері «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгені туралы хабар ел ішіне жарықтың жылдамдығымен тарады. Халық әлдеқашан мойындап, жүрегіне ұялатқан екі қазақ болса, соның бірі – Шәмші.
15 Маусым, 2022
Шикізаттық емес экспорттың көлемі өсті
2021 жылы елімізде тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі жоспарланған 32 млрд доллардың орнына 25,6 млрд долларды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 25,4 пайызға көбейген. Оның 19,8 млрд доллары өңделген тауарлар экспортына тиесілі болса, 5,8 млрд доллары қызметтер экспортына жатады.
15 Маусым, 2022
Геосаяси дағдарыс экспорт пен импортқа, одан әрі сауда нүктелеріндегі тауар тапшылығы мен баға саясатына да тым қатты әсер етіп жатыр. Көзге үйреншікті болған кей тауардың сөрелерден жоғалып кеткенін, ал біразының бағасы біршама өзгергенін байқауға болады. Отандық сауда желілері өкілдерінің айтуынша, айналада болып жатқан геосаяси белгісіздік, сыртқы нарық қысымы тауар ассортиментіне де өзгерістер алып келді.
15 Маусым, 2022
Біздің үйдегі ескі альбомда Сырбай Мәуленов пен әкемнің немере ағасы Байдақ көкемнің бірге түскен суреті бар. Екеуінің ол суретке қай жылдары түскенін білмеймін. Әйтеуір есімді білгеннен сол фотоны көрдім. Байдақ көкем – Қостанай облысы Амангелді ауданында есеп саласында ұзақ жылдар қызмет істеген, көзіқарақты, зиялы адам еді. Соғысқа қатысқан. Сырбай, Ғафулардан бастап, Сейіт Кенжеахметов, Қоғабай Сәрсекеев, Серік Тұрғынбеков және т.б. Торғай өңірінен шыққан ақын-жазушылармен жақын сыйласты. Әсіресе Сырбай, Ғафулармен көңілі жақын болып, олар елге келгенде қарсы алып, қонақ ететін. Айтулы екі тұлғаның ол кісіге деген құрметі де ерекше еді. Көкемнің өзі де ақын болатын, көзі тірісінде «Жазушы» баспасынан екі-үш жыр жинағы жарық көрген. Сондықтан мен Сырбай атамыздың жалынды жырларынан бұрын суретін көріп, бала күнімнен көңілімде жылы бейнесі сақталып қалды.
15 Маусым, 2022
Елдің бәрі Жарасқанның эпиграммаларын айтады. Мен оның «Ақ бұлақтары» мен «Ақын кетіп барады көшеменен», «Портфель», «Ақырғы өлеңін» айтқым келеді. Жұрттың бәрі басын шайқап тыңдайтын «Кенже баласын» қайда қоясыз?
15 Маусым, 2022
Шығарма жазудың көпіртіп көп жазу емес екенін дәлелдеп кеткен таланттар қаншама?! Олар дүниенің жұмбақ сырларын, айтар сөзін, тұщымды ойларын, жеке көзқарастарын тек жалғыз романға сыйғызыпты. Сөздің сиқыры да, қадірі мен қасиеті де сол «жалғыздықта» салмақ басып тұр. Себебі олар «сөзді де сезім сынды үнемдемесе, таусылып қалатынын» (Шыңғыс Айтматов) ерте білген де шығар. Мүмкін олар өздері бастан кешкен жалғыздыққа мәңгілік ескерткіш қоюды ойлады ма екен? Сонымен біз бүгін тек жалғыз роман жазып, есімдері әдебиет тарихында алтын әріппен жазылған қаламгерлер туралы ой бөлісеміз.
15 Маусым, 2022
Жалған инвестициялаудың жаңа кейстері
Бүгінде заман ағымына сай алаяқтықтың да түр-пішіні өзгерген. Жұртшылық көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін біліп алған әккі қулар қазір интернет арқылы алдап-арбауды жақсы меңгерген. Желілерде жылтыңдап шығып қоймайтын «Табыстылардың қатарына қосылғыңыз келе ме?», «Метромен жүресіз бе, әлде өзіңіздің жекеменшік көлігіңізбен жүргіңіз келе ме?», «Демалысыңызды қайда өткізесіз: саяжайда ма, шетелде ме?» деген сияқты жарнамалар – соның куәсі.
15 Маусым, 2022
Электронды сауданың дамуы қарқынды
Электронды коммерция нарығының даму қарқыны қазір триллиондаған теңгелермен өлшене бастады. Былтырғы қорытынды бойынша онлайн-сауда нарығының айналымы 1 трлн теңгеден асты. Екі жыл бұрын ғана айналым 327 млрд болғанын ескерсек, 24 айдың ішінде нарықтың айтарлықтай ұлғайғанын байқаймыз. Бұл тұтынушы үшін де, бизнес иесі үшін де тиімді болып тұр. Екі жақтың да шығыны қысқарады, сәйкесінше уақыты мен энергиясы үнемделеді.
15 Маусым, 2022
Көміртегінен бейтараптылық: Мақсатқа жетсек игі
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінің көрсеткіштерін нөлдік межеге жеткізіп, экономиканы карбонсыздандыруға байланысты көздеген жоспарларын жүзеге асырмақ ниетте. Бұған байланысты тиісті доктрина мен ұлттық жоба әзірленіп, жаңа Экологиялық кодекс те қабылданған болатын. Алайда өндірушілер мен қоғам белсенділері бұл заңнамадағы кейбір толықтырулар жетілдіруді қажет етеді деп санайды.
15 Маусым, 2022
Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының Ұлытау ауданында өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең сағат 15:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Президент 100 жастағы майдангерді құттықтады
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, майдангер, өлкетанушы әрі жазушы Сергей Пресняков 100 жасқа келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
15 Маусым, 2022
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі
ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Жүректің нотасында өз әуеніңді табу үшін адасуға да болады. Ең дұрыс сөйлемді құрау үшін мың, миллион сөздің бәрі еркіңде. Салған суретіңе үйлесімді түсті табу үшін сан бояуды қолдан асық. Бірақ соның бәріне қанша уақытымыз бар екен?.. Сүйіп, сезіп, жазып, тауып үлгереміз бе?.. Ең соңғы әнін шырқай алмай кеткендер бар ғой.
15 Маусым, 2022
Ерте, ерте, ертеде дейтін бір замандарда қазіргі Индер ауданындағы (жергілікті жұрт «Дендер» дейді, аудандық газеті «Дендер» аталады) Жамантау баурайында қалың ел, мыңғырған мал болған екен. Адамдардың жағасы жайлауда, мамыражай бір кезең. Жамантау дегеніңіз – Ресейдің Орал тауының сілемі. Бірте-бірте аласарып, Дендер өңірінде тәмамдалады. Жергілікті тұрғындар кейде бұл тауды «Дендертау» деп те атайды.
15 Маусым, 2022
Артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісі
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа әдістер мен осыған қатысты құрылғыларға отандық және халықаралық патент алды. Оны енді практикада қолдануға болады.
15 Маусым, 2022
Сайлау процесі: теория мен тәжірибе
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында елімізде сайлау процесін ұйымдастырушы қызметкерлерді оқыту курсы басталды. Теория мен тәжірибе қамтылған оқыту үш күнге созылады.
15 Маусым, 2022
БҰҰ Қазақстандағы реформаларды қолдайды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда қолға алынған саяси реформалардың өркениетті елдерге тән екеніне күмән келтірмейді. Бұл туралы ұйым Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммад Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
15 Маусым, 2022
Өткен аптаның соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Маңызды құжатта «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын» делінген. Ғылымның маңыздылығына коронавируспен күрес және кейінгі кездердегі технологиядағы жетістіктер көзімізді анық жеткізді. Сондықтан да Президенттің бұл қадамы қоғамның зор қолдауына ие болғаны сөзсіз.
14 Маусым, 2022