Редакция таңдауы
Баға өскенде банктер не ұсынады?
Нарықтағы болып жатқан кез келген өзгерістерге қарай екінші деңгейлі банктер де өздерінің қаржылық саясатын өзгерте бастайды. Желдің қайдан соққанына байланысты жедел түрде оңтайлы (бәлкім өзі үшін, бәлкім клиент үшін) бағыт ұстанбаса, рейтингін төмендетіп алуы ықтимал. Наурыз айының орта шенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,6 пайызға қымбаттап кетті. Мұндай жағдайда адамдар тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуға көше бастайды.
06 Сәуір, 2022
Ел ішінде де, сыртында да асқынған геосаяси проблемаларға байланысты банк секторы біршама жайсыз күйді бастан өткеруде. Мұндайда қаржы саласының көтерер жүгі де ауыр болмақ.
06 Сәуір, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зейін қойып зерделедім. Көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген күрмеуі қиын күрделі мәселелердің түйінін шешкендей.
06 Сәуір, 2022
Елімізде азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр. Мәселен, өткен екі айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,9 пайызға қымбаттаған. Мұны Үкімет те мойындайды. Әсіресе 19-25 наурыз аралығында тауар құны бірден 1,7 пайызға өскен.
05 Сәуір, 2022
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған болжамы және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеті нақтыланды.
05 Сәуір, 2022
Өзіндік дара стилімен әлемге әйгілі суретші атанған Сальвадор Далидің музейі әлемнің үлкен қалаларындағы жұрт көп баратын мәдениет орталықтарында орналасқан. Монмартрдегі Дали мұражайы бұл күндері Парижге саяхаттап барушылардың ат басын бұратын санаулы орынның бірі. Әрине, Парижде не көп, мұражай көп. Ал солардың ішінде суретші Далидің музейі несімен ерекшеленеді деген үлкен сұрақ туындайды. Бұған жауап та дайын.
05 Сәуір, 2022
Тергеу тобы әділдік танытса екен
Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған әкенің тілегі бұл. Өткен айда «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына Үржар ауданына қарасты Ақшоқы ауылының тұрғыны Бекен Нұрқанов баласының өліміне байланысты тергеу әділ жүрсе деген мақсатпен хат жолдапты. Баласы Нұрым Нұрқановты 20 қаңтар күні Бақты ауылына кіреберісте атып кеткен екен. Оқиға түсінікті болуы үшін әділдік іздеген әкенің хатын ықшамдап, оқырманға ұсынайық.
05 Сәуір, 2022
Сарыарқаның сайын даласына салынған астанамыздың ауа райын жақтырмайтын жандар жетерлік. Бірі қаңтары қарлы, ақпаны аязды десе, енді бірі көктемі келіп болмайтын суық мекенге теңеп жатады.
05 Сәуір, 2022
Ерекше баланы тәрбиелеу – ерекше парыз
Әрбір ата-ана шөңге баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген аутизмге шалдыққан балалар туралы айту әркімнің болсын жанына бататыны анық. Айту былай тұрсын, сондай ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж.
05 Сәуір, 2022
Икемге көнбейтін инфляция наурыз айында 8,7-ден 12 пайызға бір-ақ көтерілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, әсіресе азық-түлік өнімдері 15,5 пайызға қымбаттаған (мұны енді дүкенге барған қарапайым тұрғындар да аңғара алады). Азық-түлік емес тауарлар инфляциясы 10,9 пайыз болды. Сәйкесінше, қызметтер 8,3 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар «инфляцияның бұлай шарықтайтыны белгілі еді, импорттық тауарлар ағыны мен теңгенің күрт құнсыздануы осыған алып келді» дейді.
05 Сәуір, 2022
Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Министр тұрғын үй бағасына болжам жасады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі тұрғын үй бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды
Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Республикалық бюджеттің шығысы 2,7 трлн теңгеге артты
Халықтың табысын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 197 млрд теңге бағытталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Ветеринария саласы реформалауды қажет етеді
Кеше Мәжілісте Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария мәселелері талқыланды. Саланың жай-күйі жөнінде депутаттарға Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.
05 Сәуір, 2022
Шетелдік инвестиция пандемияға дейінгі деңгейіне көтерілді
Біраз уақыттан бері адамзат өміріне де, шаруасына да орасан шығын келтіріп, қыспаққа алып келген пандемияның «иіні босай» бастаған секілді. Оның бір дәлелі елімізге құйылып жатқан шетелдік инвестициялар ағыны пандемияға дейінгі деңгейіне оралды. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Сәуір, 2022
Зекен Шаймарданов: Жанкүйерлерімді жерге қаратқан кезім жоқ
Самбоның серкесі Зекен Сүлейменұлы Шаймардановты кезінде барша қазақ жанкүйері құрмет тұтатын. Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған киелі топырақта дүниеге келген қазақтың қаршығадай ғана жігіті өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Азияның алды болып, әлемдік деңгейдегі додаларда атой салды. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін көпшілік көзінен тасада қалған саңлақпен таяуда кездесудің сәті түсті. Семейде өткен Қазақстан чемпионатын тамашалау үшін спорт кешеніне арнайы атбасын Зекен Шаймардановпен аз-кем әңгімелескен едік.
04 Сәуір, 2022
Қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың көркем бейнесі – алғаш рет театр сахнасында! Әлемі әнмен егіз өрілген аңыз әншінің бекзат болмысын «Қазақконцерт» ұйымына қарасты Astana Musical мемлекеттік театрының талантты ұжымы «Роза Бағланова» мюзиклінде сараптап көрді. Ұлы тұлғаның ғасыр тойына арналып қойылған туынды әнші туралы тың деректерді сөйлетуімен құнды.
04 Сәуір, 2022
Қуатты армия – қауіпсіздік кепілі
Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтарда Қорғаныс министрлігінде сөйлеген сөзінде геосаяси жағдайды және өңірлік деңгейдегі қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті.
04 Сәуір, 2022
Өнер – керемет құдіретті күш. Шынында да, өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлықты арттырады.
04 Сәуір, 2022