Редакция таңдауы
«Қасіретті қаңтар»: 728 адам қамауда отыр
«Әлеуметтік желілерді шарлап кеткен «Алматыда ортағасырлық үлгідегі жазалауға арналған «азаптау камералары» жасақталып жатыр» деген ақпараттар жалған. Мұндай болған емес, болмайды да!» Бұл жөнінде ІІМ-де өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
17 Ақпан, 2022
Шетел асқан қаражат қалай қайтарылады?
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Құжатты талқылау барысында депуттаттар шетелге заңсыз кеткен капиталды елге қайтару бойынша мәселе көтерген еді.
17 Ақпан, 2022
Еңбек пәнінің ендігі сипаты қандай?
Еліміздегі мектептер жаңартылған білім бағдарламаларына толық көшкен болатын. Жақында аяқталған осы реформа бойынша орта білім беру ұйымдарындағы бейнелеу өнері (яғни, сурет), сызу сабақтары алынып, оның мазмұны бұрынғы еңбекке баулу пәніне кіріктіріліп көркем еңбекке айналды. Жуырда механик, құрылысшы, дизайнер, архитектор, ағаш пен металл шеберлерін қалыптастыруға ықпал ететін пәннің қалай өтетінімен таныстық.
17 Ақпан, 2022
Қарулы күштердегі жемқорлық ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді
Ел Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте жемқорлықтан таза қоғам қалыптастырудың алғышарттары туралы айта келіп: «Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз», деді.
16 Ақпан, 2022
Ақылбек Күрішбаев: Парламентте ықпалды аграрлық лобби жоқтың қасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар тапсырма жүктегені белгілі. Осы саланың жай-күйі, оған құрылымдық өзгерістер енгізу, мемлекеттік қолдау тетіктерін реттеу жөнінде сенатор Ақылбек Күрішбаевтың пікірін білген едік.
16 Ақпан, 2022
Банкрот болудың талабын білген абзал
Жеке тұлғаларды банк алдында өзін банкротпын деп жариялауға мүмкіндік беретін заң жобасы жақын арада қабылданбақ. Осыдан бірнеше күн бұрын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында заң жобасы жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылды. Жоба 23 ақпанға дейін талқыланады.
16 Ақпан, 2022
Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай Аронұлының бейнесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары төл валютамыз «үш теңге» арқылы көпшілікке таныс болды. Ақынның бұл фотосы өзі дүниеден өткен соң жетпіс жылдан кейін салынса, оны бейнелеген адам қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев екен.
16 Ақпан, 2022
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметінің іздері Ақтөбе өңірінде қалса да, сол кезең куәгерлерінің естеліктері дер кезінде жинақталмай қалған. Ұлт ұстазының мектебінен оқып, тәрбие алған қариялар Мұғалжар, Алға, Темір аудандарында көп ұшырасатын. Бұлай дейтініміз, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылында ашылған 4 басқыштық мектепте екі жыл сабақ беріп, осы төңіректегі талай баланың сауатын ашты.
16 Ақпан, 2022
Үйіп-үйіріп құйындата соғатын жел құмды өңірді қабырғалата, айғыздап тастаған: аттың шашасынан келеді, кей-кейде құм көшіп тұрады, бел-белеңі, төбе-қырқасы жаңарып жатады. Бірде қатқылға тартатын қасқа жол біраздан соң құмдауытпен еміс-еміс көрінеді, бусанған із құмды жауып жатады. Құмды өңірде әр бұтаның бағытына ой-жобаң жетпесе, мәңгіріп қаласың. Қауіп-қатерден сүрінбей өтуің алғыр ақылыңа, көрегендігіңе байланысты.
16 Ақпан, 2022
2022 жылға 22 банкпен аяқ бастық. Былтыр төрт банк нарықпен қош айтысты. Оның екеуі Орифджан Шадиевке тиесілі AsiaCredit Bank (ақпан) пен Capital Bank (маусым) болса, бірі – Jusan Bank-ке жұтылған АТФБанк (қазан). Төртіншісі – Пәкістан Ұлттық банкінің еншілес банкі. Мамыр айында өз еркімен лицензиясын қайтарды. 2021 жылы сектордың жиынтық активі 20,7 пайызға өсіп, 37,6 трлн теңгені құраған. Алғашқы бестікте – Halyk Bank (11,6 трлн теңге), «Сбербанк» (4,2 трлн), Kaspi (3,6 трлн), «Отбасы банк» (2,8 трлн) және Jusan (2,6 трлн).
16 Ақпан, 2022
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың портреті жасалды
Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың портретін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Жаңаөзендегі жұмысшылардың жалақысы өсті
Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшыларының еңбекақысын арттыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Қазақстанның Даму банкі төрағасы тағайындалды
Руслан Ысқақов Қазақстанның Даму банкін басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz «Бәйтерек» ұлттық холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Ақпан, 2022
Ермек Сағымбаев жаңа қызметке тағайындалды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығын басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады – министр
«Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы отандық спортшыларымыздың өнеріне қатысты пікір білдіруін сұраған тілшілердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін жасырмады, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Атырауда қаржы жымқырған лауазымды тұлғалар ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-нің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
16 Ақпан, 2022
ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсартуға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?
2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әсем Нүсіпова жаңа лауазымға ие болды. Енді ол Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022
Алаш арыстарының Торғайдағы музейі
Торғайдағы ең көне ғимараттың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың әдеби музейі орналасқан үй. 1901 жылы салынған бұл ғимарат кезінде атақты көпестер ағайынды Яушевтердің Торғай қаласындағы саудасын басқарған ноғай саудагері Фазылжан Назмутдиновтің үйі екен. Фазылжан – Ахаң мен Жахаңды жақсы білген, аралас-құралас, сыйлас болған кісі. Ұлт ұстазының өзі де бұл үйге бір-екі рет келген деседі.
16 Ақпан, 2022