Редакция таңдауы
Сарғайған парақтардағы сағыныш
Шерхан Мұртаза еліміздің төрт құбыласындағы халыққа таныс тұлға. Әйгілі қаламгердің қаламынан туған шығармаларды ел іздеп жүріп оқыды. Әрдайым шындықтың шырақшысы болған жазушыны құрмет тұтты. Тұлғаның жазып қалдырған тағдырлы туындылары ел жадында. Жалпы, Шерхан сынды алып қаламгердің қаламынан туған әрбір сөз, әрбір жол ұлт руханияты үшін асыл қазына. Көркем шығармаларынан бөлек, әдеби мақалалары, күнделіктері мен хаттары да замана жүгін көтеріп тұрған дүниелер. Жазушының әр жылдары жазған хаттары да бұл күнде Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығында сақтаулы тұр.
07 Ақпан, 2022
Кеше Алматы жұртшылығы көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
07 Ақпан, 2022
Өмірде алғашқы қадамдардың бәрі сәттілікке бастай бермейді. Әйтсе де адам санасында сол адым мәңгілік сақталып қалатыны қызық. Жазушының тұңғыш шығармасындай, ақынның алғашқы өлеңіндей… Албырт сезімнің жұпары аңқып тұрады. Құдды бозбаланың ай астындағы алғашқы сүйісі секілді…
07 Ақпан, 2022
Ғылымға қолбайлау мәселелер хақында
Қазақстандық ғылымды дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Ғылым қоғамның тікелей өндірістік күшіне айналса, ғылыми әзірлемелер экономиканың негізгі қозғаушы күші болады. Білімнің жоғары деңгейі, кәсібилік, серпінді бағыттар мен ғылыми жетістіктерді дер кезінде жүзеге асыру – заманауи жоғары технологиялық қоғамның ең құнды қасиеттері. Қазіргі таңда ғылымға көңіл бөлмеген мемлекеттер қоғамның озық игіліктерінен құр қалуға мәжбүр. Осының салдарынан олар жаһандық экономикалық нарықтағы ең табысты, технологиясы дамыған елдерге шикізат өндіруші ретінде ғана қызмет ете алады. Сондықтан да ел Президенті Қ.Тоқаев білім мен ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр.
07 Ақпан, 2022
Ауғанстанда туып, Америкада есейген жазушы Халлед Хоссейниді әлем оқырмандары өте жақсы біледі. Ол әр шығармасына өзінің туған елінің, анығын айтқанда, Ауғанстанның тарихын, халқының мұң-зарын, қасіретін, үмітін арқау етіп, өлмес романдарды әдебиет тарихына алып келді. Сол үшін де оның шығармашылығына тәнті болған әдебиеттанушылар «Халлед Хоссейни шығармашылығы – ауған қасіретінің қағазға түскен нұсқасы, оның қаламы – бір ұлттың көз жасымен суарылған», деп жоғары баға берген болатын.
07 Ақпан, 2022
Еліміздің көрнекті ғалымы, жоғары мектеп пен ғылымның белгілі ұйымдастырушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Кенжеғали Сағадиев тірі болғанда бұл күндері оның 84 жасын тойлар едік.
07 Ақпан, 2022
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі А.С. Жолманов ҚР МҚІА төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2022
Педагог мамандығына түсу үшін талап күшейді
Былтырдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу талаптары қатаңдатылып, межелік балл көтерілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздық мамандықтың жастар арасындағы беделін көтеру үшін осындай қадамдар жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2022
Елімізде әлеуметтік төлемдерді алу ережесі өзгерді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрықпен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу және жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2022
Кәрім Мәсімовтің орынбасары болған Дәулет Ерғожин қамауға алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2022
Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2022
Елсіз, жым-жырт бос жатқан биші бақ. Қадау-қадау қылқиған қайыңдар. Күн көрпесін үстіне тартып, қоңыр күздің бейбіт ұйқыға бой ұсынған кезі. Жерге оюлы көрпедей төселген майда жапырақтар бейуақ сәттің тылсым кейпіне үйлесіп, жел шырқаған жаяуқоңыр әуенге елітеді. Табиғат уысындағы тыныштық қандай тәтті еді!
06 Ақпан, 2022
Бұған дейін, яғни 3 ақпанға қараған түні АҚШ арнайы күштерінің Сирияның солтүстік-батысындағы Атма қаласында миссиясын сәтті орындағаны хабарланды. Алайда Пентагон сол күні миссияның сәтті аяқталғанынан басқа мәлімдеме жасамады. Кеше АҚШ президенті Джо Байден «Ислам мемлекетінің» (ДАИШ/ИШИМ) жетекшісі, халифі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Құрайштың өлтірілгенін мәлімдеді.
06 Ақпан, 2022
Жаңа Қазақстанның басты принципі әділеттілік болуға тиіс
Бейбіт шерулермен басталып, ақыры қантөгіспен аяқталған «Қасіретті қаңтар» қоғамда жылдар бойы қордаланған кемшіліктерді, өзекті мәселелерді ашып көрсетіп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде «Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», деп үндеу тастағаны белгілі. Осы орайда, Президент айтқан жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Еліміз дамудың қандай бағытын ұстанғаны жөн? Тоғызыншы территорияның қауіпсіздігін нықтап, халықтың әл-ауқатын қалай көтереміз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырған едік. Оған саясаттанушы-әлеуметтанушы Серік Бейсембаев, білім беру мамандығы бойынша PhD Лаура Қарабасова, әлеуметтанушы Исатай Минуаров, қаржыгер Жасұлан Кушебаев секілді сарапшылар қатысты.
06 Ақпан, 2022
Алматыда террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі жойылады
Қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2022
Бейжің-2022: Бүгін 7 медаль сарапқа салынады
Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жеті жүлде жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Ақпан, 2022
Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа өтті
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР-да коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
06 Ақпан, 2022
Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден озды
Қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, соғыс ардагері, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Ақпан, 2022
Бейжің-2022: Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды
Қытайдың Бейжің қаласында XXIV Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Ақпан, 2022