Редакция таңдауы
Тәуелсіздік тудырған туындылар
Арайлап атқан азаттық таңы – ол Алаш баласы аңсап жеткен ең асыл аманат. Тәуелсіздікке жету бар да, оны тұрақты ету бар. Сол жолда қазақ баласы қаншама қиын өткелді өршілдікпен өтті, қаншама қиын сынақты қайыспас иықпен көтере білді. Жалпы, Ұлы даланы мыңдаған жыл бойы мекен еткен көшпелі қазақ ұлысы үшін тәуелсіздіктен қымбат құндылық болған емес. Тәуелсіздік дегеніміз ол – тарлан тарих. Егемендік дегеніміз ол – ертеңгі бостан болашақ.
16 Желтоқсан, 2021
Президенттік басқару институтының қалыптасуы
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы маңызды заңға қол қойды. Алты күннен кейін, 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Тәуелсіздікті жариялады. Сондықтан 1991 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін шын мәнінде ел дамуының бағдарын айқындаған тағдыршешті кезеңге айналды. Содан бері елімізді халықаралық аренада мойындалған, экономикасы өркендеп, іргесі бекіген мемлекетке айналдыру бағытында көптеген жұмыс атқарылды. Соның бірі – президенттік институттың дамуы.
16 Желтоқсан, 2021
Елбасы егемен елдің еңсесін тіктеді
Ел үшін еркіндікке қол жеткізу қаншалықты маңызды болса, сол еркіндікті, тәуелсіздікті уыста ұстап қалу мәселесі де соншалықты маңызды. Өткен үш онжылдыққа бұрылып қараған сайын осындай ойда қаламыз. Ең бастысы, бостандықтың бозала таңы бозарып атқан тұста ұлттық қауіпсіздігімізді, тұтастығымызды қамтамасыз етуде барынша еңбек еткен тұлғалар болды. Бұл ретте біз әр жылдары жауапты қызметтерді атқарып, Қазақстанның қалыптасу кезеңінде тер төккен аптал азамат Сәт Тоқпақбаевпен әңгімелескен болатынбыз.
15 Желтоқсан, 2021
Мемлекеттік әнұранға бейнебаян түсірілді
3 мың қазақстандықтың қатысуымен әнұранға бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Желтоқсан, 2021
Ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіріп ала алады
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын біріктіре алатындығын айтты, деп жазады Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2021
Бекшин коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны атады
Жандарбек Бекшин Facebook-те жариялаған бейне-баяндамасында қала тұрғындары тарапынан елімізде салынып жатқан вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатқанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2021
Ұлы даланың төрінде қазығы қағылған ел астанасы ұлттық рухтың мәңгілік мәйегі, алтын тамыры іспетті. Тәу етер Тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпағы осы шаһарда арманын аспандатып, талғамын шыңдайды, ойы мен бойын түзейді. Себебі еңселі елорда – Қазақ елінің қаймағы бұзылмаған болмыс-бітімін, асыл қасиетін, кемелдігі мен тереңдігін тербетіп тұрған шырайлы шаһар. «Еділдің бойына ел қондырсам» деп кеткен баһадүр Махамбеттің арманын Елбасы Есілдің бойында орындады. Ел қондырды. Ел сүйсінер еңселі шаһар тұрғызды.
15 Желтоқсан, 2021
Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов: Елдікті еңселі етуде Елбасының еңбегі ерен
Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де биыл ордалы 30 жыл толып отыр. Егемен еліміздің осынау үш онжылдықта жүріп өткен жолы мен жылдар жылнамасына үңілген сайын азаттық алған сәттің тұма бастауында тұрған тау тұлғаларды көретініміз анық. Бұл ретте, біз әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарған ардақты азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовпен әңгімелескен едік.
14 Желтоқсан, 2021
Ғарыш жүйелері: Игере білгенге игілік көп
Қазақстан – Жерді қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш жүйелеріне иелік ететін Азия құрлығындағы санаулы елдердің қатарында. Айталық, қазір еліміздің орбитаға сәтті шығарылған 6 спутнигі бар. Оның үшеуі – Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараты.
14 Желтоқсан, 2021
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: Тәртіпті ел табысты болады
Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесінде еліміздің ішкі тәртібі нығайып, тұрақтылық пен түсіністік салтанат құруына ішкі істер органдары да аз еңбек сіңірген жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевпен сұхбаттасу барысында біз ішкі істер органдарының өткені мен бүгіні туралы әңгіме өрбіткен едік.
14 Желтоқсан, 2021
Ел дамуына еселі еңбек сіңірген білім ордасы
Егемен еліміздің еңсесін көтеру жылдары бір ерекше білім ордасы бой көтерді. Ол еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінің іргесін қалауға еселі үлесін қосқан ең алғашқы ұлттық кәсіби мамандарымызды даярлаған Президент жанынан құрылған Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) еді. Бұл мектептің құрылуы мен даму жолы ел тарихының ажырамас бөлігі болды. Білім ордасынан түлеп ұшқан білікті мамандарымыз бүгінде елге тұтқа болып, әртүрлі салаларда абыройлы қызмет істеп жатыр.
14 Желтоқсан, 2021
Мемлекетіміздің бағыты – түзу, мақсаты – айқын
Биыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы кезең ішінде мемлекетіміздің қол жеткізген табыстары орасан зор. Алайда мұның бәрі бізге оңай келе қалған жоқ. Небір күрделі кезеңдерді бастан кештік.
14 Желтоқсан, 2021
Ахмед Хамди Аян: Бизнестегі принциптер адамгершілікке негізделуі керек
Ел егемендігімен бірге еңсе тіктеген түрлі бизнес салалары мемлекет экономикасының өрістеуіне елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, қонақүй бизнесінің елдің туристік әлеуетін арттыруға, мемлекет имиджін қалыптастыруға ықпалы зор. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, осыдан 29 жыл бұрын Елбасының шақыртуымен Қазақстанға келіп қонақүй мен құрылыс саласында айтулы табысқа жеткен танымал инвестор Ахмед Хамди АЯН мырзаны әңгімеге тартқан едік. Мыңдаған азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері туралы ой толғады.
14 Желтоқсан, 2021
Бұдан былай Қазақстан шетелдік қаржылық шоттар туралы біле алады
Қазақстан 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап еліміздің резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың шетелдік активтері туралы ақпарат алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Бүгін, 2021 жылдың 14 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Мәженов абайсызда қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Мектеп оқулықтарының салмағына қатысты талаптар бекітілді
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығы бойынша оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылады
Елордада 16 желтоқсан күні Пригородный елді мекенінде техникалық режимде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылады. Ауданы 7000 шаршы метр сауда орталығында 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет ете алады. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базар бағасынан төмен болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі қысқарды
Бұл туралы «Отбасы банк» инстаграмдағы парақшасында хабарлама таратты, деп жазады Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2021
Қазақстандықтарға 357 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 357 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Желтоқсан, 2021