Редакция таңдауы
Қазақстанда карантиндік шаралар күшейтіледі
Қазақстан коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына байланысты 3 желтоқсаннан шектеу іс-шараларын күшейтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қараша, 2021
Елбасының еңбегі қандай құрметке де лайық
«Санасы жоғары адамдар идея талқылайды, санасы орта адамдар оқиғаларды талқылайды, санасы төмен адамдар адамдарды талқылайды» дейміз. Елімнің тағдыры – менің де тағдырым деп білетін барлық қазақстандық патриоттар секілді мен де жан-жағымдағы болып жатқан жайттарға бейжай қарай алмаймын. Ойымды айтып, көзқарасымды білдіріп жүремін. Қоғамда қанша адам болса, сонша пікір болады. Осы тұрғыдан алғанда, мен үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының орны қашанда бөлек.
30 Қараша, 2021
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жоғары. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың біздің елге қаржы құюға құлшынып тұратыны да сондықтан. Түптеп келгенде мұндай қатынастардың үлкен сенімге құрылатыны белгілі. Ал Қазақстанды әлемдік аренада сенімді ел, сенімді серіктес еткен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені айтпаса да түсінікті.
30 Қараша, 2021
Тұңғыш Президент күні – жалпыхалықтық мереке
Тұрақтылық пен тұтастықты мемлекеттің мызғымас межесі етіп белгілеп, орнықты дамып, әлемнің озық елдерімен иық теңестірген еліміздің тәуелсіз мемлекет атанғанына ордалы отыз жыл толды. Осындай қысқа мерзімге қарамастан егемендіктің елең-алаңының өтпелі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі дүние жүзіндегі керегесі кең, терезесі тең мәртебелі мемлекеттер қатарына қосылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі, мемлекеттің тәуелсіздігі бүкіл әлем қауымдастығы тарапынан толық мойындалды. Осылайша, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы арман-аңсарына айналған ұлы мұраты ХХ ғасырдың соңында жүзеге асты.
30 Қараша, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыс атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжат, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағат дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын», деген болатын.
30 Қараша, 2021
XX ғасырдағы 80-жылдарының соңы мен 90-жылдардың басындағы сындарлы оқиғалар сол кезеңдегі халықаралық қарым-қатынастардың биполярлық жүйесін құлдыратты. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Ғаламдық геосаясатта тектоникалық өзгерістермен қатар, Еуразия мен Шығыс Еуропа кеңістігінде бұрыннан қордаланып қалған және жаңадан пайда болған азаматтық және мемлекетаралық қақтығыстар шиеленісе түсті. Сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм, діни экстремизм, терроризм, есірткінің заңсыз айналымы секілді жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер шыға бастады. Бұл посткеңестік елдерге ғана емес, шартарапта орныққан әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін еді.
30 Қараша, 2021
Иран мен Америка Құрама Штаттарының Иранның уранды игеруіне қатысты келіссөздері 29 қарашада қайта басталады деп жоспарланып отыр. Тараптар іс барысының бұлай өрбігенін құптайды. Бірақ соған қарамастан, келіссөздердің сәтті болуы екіталай екенін есте ұстаған жөн. Тіпті уағдаластыққа қол жеткізген күннің өзінде де, кез келген келісім Иранның аймақтық басымдыққа немесе ядролық қаруға ұмтылуына тосқауыл бола алмайды.
29 Қараша, 2021
Данияр Елеусінов қарсылассыз қалды
Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген отандасымыз Данияр Елеусіновтің Елорда төрінде өтетін бокс кешіндегі қарсыласы жекпе-жекке шықпайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қараша, 2021
Алексей Цой коронавирустың жаңа штамы туралы дерек жариялады
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, коронавирустың жаңа «омикрон» штамы туралы жаңартылған деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қараша, 2021
Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы мүмкін – ДДСҰ
Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл пікірді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерде жарияланған сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
29 Қараша, 2021
«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!
Ел тарихын ежелден тасқа басып, ұлт ұраншысына айналып келе жатқан газет-журналдардың, соның ішінде жүз жылдан астам жасампаз тарихы бар, отандық ақпарат кеңістігіндегі орны айрықша басылым «Egemen Qazаqstan» мен «Казахстанская правда» газеттерінің жөні тұрақты оқырмандары үшін тіптен бөлек. Осыны ескере отырып, газет редакциясы 2022 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанында өз оқырмандары мен жанашырлары үшін тарту-таралғысын әзірлеп отырғанын хабарлаймыз.
29 Қараша, 2021
Экономиканың нақты секторының соңғы жартыжылдық мерзімінде өсім көрсете бастағаны белгілі. Үкіметтің ресми дерегіне сүйенсек, 2021 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 3,4 пайызға ілгерілеген. Нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құраған.
29 Қараша, 2021
Ауылға салынған инвестиция қысқарды
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.
29 Қараша, 2021
Қызылжарда қазақ драма театры тұңғыш рет 1935 жылы ашылып, республикадағы алғашқы сауық орындарының бірі болған еді. Ол кездегі халық бала-шағасына дейін шұбырып барып, ойынды қызықтайды екен. Алайда олардың өнерге деген сусауы қанбады. Кеңес өкіметі театрды 1938 жылы толықтай жауып, барлық труппасын тұтастай сол кездегі Гурьев, қазіргі Атырау қаласына көшіріп жіберген. Сылтаулары – «Петропавлда қазақтың саны аз, аз халыққа театр керек емес» болған. Осының өзі қуғын-сүргіннің адамдарға ғана қатысты емес, халықтың өнеріне, тіліне, әдебиетіне, тарихына да қатысты болғанының бір көрінісі.
29 Қараша, 2021
Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.
29 Қараша, 2021
Ошақ – қазақ баласы үшін қадірлі ұғым. Кейде «ошағыңның оты өшпесін» деген бір ауыз тілек тұтас өмірдің мәні ме дейсің. Көмейіне отын салсаң гүр етіп, үй ішін құс ұясындай жылылыққа толтыратын бұл бұйым балалық шағымыздың ең аяулы естелігіндей. Осы ошақта анамыз шәйін қайнатып, сүт пісіріп, тіл үйірер тәтті тамағын әзірлеп, үстел үстін жайнатып жіберуші еді. Ойын баласы қыстың суық күндері бүрсеңдеп үйге енгенде жан дауасын қызуы күшті пеш түбінен табатын. Алыста қалған мөлдір шаққа қиялмен сапар шеккенде де барлық береке осы ошақтың айналасында екен ғой деген ойға қаламыз. Жылылық та, мейірім де, тазалық та, сағыныш та сонда...
28 Қараша, 2021
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы жас ұрпаққа жолдаған Үндеуінде тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін баса айтты. Елбасы: «Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы. Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады», деді.
28 Қараша, 2021
Үшінші сектор: тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке 30 жыл» Х Азаматтық форумы Алматы қаласында қорытындыланды. Отыздан астам пікірталас алаңында үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар адамзат дамуының түйткілді мәселелерін талқылады.
28 Қараша, 2021
Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды
Ақтөбеде жоғалған геологтарды іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2021
«Омикрон»: Әлем елдері шекараларын жауып жатыр
Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл отырысында коронавирус мутанты ресми VOC (қауіп тудыратын нұсқа) деп жіктелді, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
27 Қараша, 2021