Редакция таңдауы
Үнемі тынымсыз теңселіп жататын, кейде жал-жал толқыны жағадағы жартасты жалмап кетердей екпіндеп соғып, кейде айдың нұрын айна-қатесіз өз бетіне өзгеріссіз көшіре мөлдіреп тына қалатын, бірде ақ көбігін ақжем жағаға бүркіп аласұрса, енді бірде сол жағаларды қаншама шақырымға ұзақ уақыттарға тастай шегініп кететін теңіз жаны – адам жанының айнымас сұлбасындай-ау...
09 Қараша, 2021
Қаламгердің биобиблиографиясы жарық көрді
Қазақ көркемсөзінің шебері, ерекше қолтаңбасы бар белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты Рахымжан Отарбаевтың туғанына биыл 65 жыл толар еді. Осы атаулы күнге орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында дүниеден өткен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Рахымжан Отарбаев биобиблиографиясы» кітабы үш тілде жарық көрді. Кітаптың таныстырылымына жазушының жақындары, қаламгер достары, Атыраудан келген арнайы делегация, кітапсүйер қауым қатысты.
09 Қараша, 2021
GPON технологиясының игілігі көп
Жыл басынан бері еліміздің аумағында 500-ге тарта көпқабатты тұрғын үй GPON технологиясы арқылы жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосылды. Жаңадан салынған пәтерлерді жылдам интернетпен қамту жағынан оңтүстік өңір көш бастап тұр.
09 Қараша, 2021
Түркия кинофестивалін «Томирис» ашты
Кеше түбі бір түркі дүниесінің басын қосып, өнерін сарапқа салатын көптен күткен Korkut Ata TurkicWorld Film Festival кино байқауы сұлу Ыстанбұл шаһарында шымылдық түрді. Түркі әлемі өнерін ұлықтайтын үздік фильмдер шеруіне еліміздің атынан бірнеше туынды қатысады деп күтілуде. Ал отандық өнердің көшін бастап барған режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмі атаулы фестивальді ресми түрде ашты.
09 Қараша, 2021
Қарапайым мамандықтарға сұраныс көп
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы электрондық еңбек биржасында өткен айда мамандықтарға сұраныс байқалғанын хабарлады. Орталықтың дерегі бойынша 2021 жылдың қазан айында 139,6 мың бос жұмыс орны және 49 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен айда жарияланған бос жұмыс орындары аздап өссе, түйіндемелер саны 21%-ға азайып, еңбек нарығындағы үдерістердің баяулағанын көрсеткен.
09 Қараша, 2021
Сапасыз өнім шығарғандар жазасыз қалмайды
Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтіп, соған сәйкес нормативтік-құқықтық базаны да толыққанды айқындап алды. Қазірдің өзінде техрегламенттерге сәйкес келмейтін өнімді өндіргендерге 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
09 Қараша, 2021
30 игі іс аясында мұқтаж отбасыларға үй сыйлады
«Бай болсаң – елге пайдаң тисін...» деген қазақтың ежелгі тәмсілін бүгінгі кезеңнің қалталы азаматтарына қарата айтуға әбден болады. Өйткені ел ішінде айналасындағы жоқ-жітікке қарайласып, қайырым жасап жүрген меценаттар жеткілікті.
09 Қараша, 2021
Заманауи полиция қандай болуы керек?
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау туралы» Үкімет сағаты өтті. Отырысты ашқан Палата Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева 2018 жылы Елбасы ел азаматтарының қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беретін қазіргі заманғы полицияға деген сұранысын жоғары саяси деңгейде өзектендіріп, ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі бағдарламаны қабылдау міндетін қойғанын атап өтті.
08 Қараша, 2021
Боксшыларымыз Токио Олимпиадасында небәрі екі қола медальды иеленіп, жалпыкомандалық есепте қалың топтың арасында қалып қойғанда, барша қазақстандық жанкүйердің жерге қарағаны жасырын емес. Жерлестеріміз сол сәтсіздіктен сабақ алған екен. Арада тура екі ай өткен соң Белградта ұйымдастырылған әлем чемпионатында біздің жігіттер 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды олжалап, мықтылар тізімінде Кубадан ғана қалып қойып, екінші орынды иеленді. Сөз жоқ, бұл – өте жақсы көрсеткіш.
08 Қараша, 2021
Жуықта Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме өткізді. Осында қойылған жәдігерлер арасынан ағылшын дипломаты Энтони Дженкинсонның (1529 -1610) ежелгі картасын көріп қалдық.
08 Қараша, 2021
Боб Дилан Нобель сыйлығын алғанда жұрттың көбі оны лайықсыз деп санады. Неге? Мұндай алыпқашпа сөзді оның шығармашылығынан бейхабар адамдар айтты деп есептер едік. 500-ге жуық ән жазып, 3000 рет концерт берген талант иесі тегін адам болмаса керек.
08 Қараша, 2021
Банктер кибершабуылдарға дайын ба?
Біздің банктердің сын көтермейтін бір осал тұсы болса, бұл – киберқауіпсіздік мәселесі. Жақында «Делойт» компаниясы мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесе талдау жүргізіп, нәтижесінде отандық банктердің қауіпсіздікке қырын қарайтынын анықтаған. Қазір Android және iOS сияқты мобильді платформалардың қорғаныс механизмдерінің жиынтығы өте бай екеніне қарамастан, біздің банктердің мобильді қосымшаларының 63 пайызында қорғаныс функциялары қарастырылмаған болып шықты.
08 Қараша, 2021
Ұн экспорты: Қай нарық тиімді?
Ауғанстандағы саяси өмір өзгеріп, билік басына талибандар келген сәтте отандық ұн экспорттаушы компаниялардың әрі-сәрі күй кешкені рас. Көп ұзамай әліптің артын баққан біздің билік талибандармен тіл табысты да. Бірақ ұн экспортының нарығы Ауғанстанмен ғана шектелмейді. Ресей, Қытай һәм Өзбекстан нарығы да біз үшін тартымды. Бірақ бұл тараптарға қатысты мәселелер де бар.
08 Қараша, 2021
Осы біз босаңсып кеткен жоқпыз ба?
Жақында бұқаралық ақпарат құралдары «Қытайда коронавирус қайта өршіді» деп жерден жеті қоян тапқандай жарыса хабарлады. Бақсақ, Қытайда жаман індетті жұқтырудың небәрі 93 жағдайы тіркелген екен. ҚХР Денсаулық сақтау және бала туу жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Қытай билігі халықты сақ болуға шақыра отырып, ел азаматтарының сапарға шығуын шектеу, тексеру мен тестілеу шараларын күшейту үстінде.
08 Қараша, 2021
«Жаңбырлы түн, екеуімізде бір шатыр, Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр. Махаббаттың сөнбесін деп жалыны, Шатыр болып менің жаным суда тұр».
08 Қараша, 2021
Қазақстанда педагогтарды даярлайтын ЖОО саны қысқарды
Қазақстанда педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны азайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2021
Қазақстандық студенттерге кепілсіз несие беріледі
Қазақстан студенттері оқу ақысын төлеу үшін негізгі қарызды 10 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру арқылы кепілсіз несие ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2021
Бетперде кигісі келмейтіндер төбелес шығарды
АҚШ-тың Бостон қаласында бетперде киюге және вакцина қабылдауға қарсы топ антиковидтік шараларды қолдаушылармен төбелесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2021
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалайтын ерітінді жасап шығарды
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалау үшін ерітінді жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қараша, 2021
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын тойлау ел ішінен ұзап, халықаралық деңгейде өтіп жатқанынан үнемі хабардар етіп отырмыз. Оған мысал ретінде жақында ғана көршілес Ресейде, Түркия елінде ақынға арналған іс-шаралар өткен болатын. Жамбыл жырлары бірнеше тілде кітап болып, шетелдерде жарық көрді. Ал күні кеше 100 жасаған Жамбылдың құрметіне Жетісуда дүркіреп айтыс өтті.
08 Қараша, 2021