Редакция таңдауы
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.
17 Қараша, 2021
Инвестиция – елді өркендету тетігі
Қазіргідей қаржы нарығы тұрақсыз кезеңде инвестор табу оңай емес. Оларға елімізде ыңғайлы жағдай да жасалуы керек. Павлодар облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, инвестиция тарту бойынша кешенді жоспар құрылған. Осы жылдың алғашқы жартысында өңірде негізгі капиталға 217 млрд теңге инвестиция құйылған.
17 Қараша, 2021
Елбасы ұсынысынан бастау алған ұйым
Биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бастапқыда «Шанхай бестігі» ретінде іргетасын қалаған бірлестік қазіргі таңда әлемдегі беделді ұйымға айналды. Осы орайда, ШЫҰ-ның құрылуына тікелей ықпал еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен жөн.
17 Қараша, 2021
Жасанды интеллектінің әлеуметтік саладағы мүмкіндіктері
Бүгінде жасанды интеллектіні компаниялар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе өнімдерді даярлау мен қызмет түрлерінде, сонымен қатар өнімдердің сипаттамасын арттырып, жаңа түрлерін әзірлеудегі ықпалы зор.
16 Қараша, 2021
Еуропаның стратегиялық компасы
Компас адамға жол табуға көмектеседі. Ал Еуропалық кеңестің тапсырмасы бойынша мен әзірлеген «Стратегиялық компас» Еуропалық одақтың қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөнінде алға жылжып, шешім қабылдауына жедел нұсқаулық есебінде қолданылады. Құжат алдағы аптада Еуропалық одақтың Сыртқы істер мен Қорғаныс министрліктерінде талқылаудан өтеді.
16 Қараша, 2021
Саясаттың долы дауылы ышқына соғып тұрды. Қап-қараңғы түнде тарс-тұрс атылған оқ бір сәтке тоқтаған жоқ. Буырқанған кісі атушылар қара түндей түнеріп қара машина ішінде мылтықтарына оқтарын әлсін-әлі салып, дүлейлікпен ерсі күліседі кейде. Кеудеден оқ тескенде өкіре құлаған адамдардың қаны шашылып жатқанына міз бақпайды. Өліктердің киім-кешегін тінтіп, алтын, күміс заттары, тәуір киімдері болса бөлісіп алып, денесін терең шұңқырға лақтырады да күледі. Ажал шашқан ауыздарынан «жаудың жазасы» деп есалаң ой айтса да күледі. Бұларда сезім жоқ, аянышты білмейді. Қара дауыл саясаттың орындаушысы болғандарын мақтан көреді. Арман-мақсаттарын саясаттың көлеңкесі, көсемнің сурет елесінен ғана тауып, өздерін ерекше адаммын деп сезінеді. Жаңа қоғам орнатуда «батылмыз», «өжетпіз», «саясатқа әділміз» деп кеуделерін өрлікке билетеді.
16 Қараша, 2021
Глазгода өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) негізгі назарды мемлекеттер жауапкершілігіне емес, жеке сектордың күшіне аударғанымен есте қалмақ. Егер әр елдің билігі өз мүдделерін үйлестірудің жолын таппай, ұжымдық әрекетке бел буа алмаса, жеке сектор мұның орнын толтыра ала ма?
16 Қараша, 2021
Әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу кімге тиімді?
«Миллиондар ойыны» саналатын футболды жақын жылдары тағы бір үлкен реформа күтіп тұрғандай. 1930 жылдан бері әр төрт жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан жаһандық доп додасы 2026 жылдан бастап әр екі жыл сайын өткізілуі мүмкін. Әлемдік мундиалды жиі өткізу туралы ұсыныстар біраздан бері айтылып жүргенімен, ФИФА бұл жолы шындап іске кіріскен сияқты. Өйткені аталған ұйымның басшылығы жуырда әр елдің ұлттық федерацияларына әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу туралы ресми ұсыныс жіберіп, құрамалардың қолдауын күтіп отыр.
16 Қараша, 2021
Алматы әуежайында тағы да жанармай тапшылығы байқалды
Алматы әуежайында авиациялық жанармай жетіспей жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Екі өңірде 25 градусқа дейін аяз күтіледі
Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 25 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Өлім жазасын жою ешқандай ескертусіз қабылдануы тиіс - Қ.Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Құқық қорғаушылардың өлім жазасын елдің Қылмыстық кодексінен жазалау шарасы ретінде толығымен алып тастау туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Өзбекстан халқы Конституция бойынша жалпыұлттық емтихан тапсырады
2021 жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда жалпыұлттық конституциялық емтихан өтеді, деп жазады Egemen.kz uza-ға сілтеме жасап.
16 Қараша, 2021
Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті
Бүгін Egemen Qazaqstan газетінің редакциясында Мәжіліс депутаты, жазушы-публицист Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Қазақстанда шенеуніктердің табысы тексерілетін болады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қазақстандағы халықтың кірісі мен шығысына қандай бақылау жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Өмір бойы бір диплом сценарийі енді маңызды емес – Білім министрі
Қазақстанда Еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарт енгізілуде. Өткен жылы ұлттық біліктілік шеңбері Еуропалық біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен өтті. Енді осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының дипломдарын Еуропада танылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Бұл жайында бүгінгі Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Қазақстандықтар таңдаған вакцинасын ақылы негізде салдыра алады
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
16 Қараша, 2021
Мәшһүр Жүсіптің тақиясы мен шапаны
Тарихымызда бір бойына сан түрлі өнер мен тылсым дүние тоғысқан ғажайып тұлғалар болған. Сондай асылдың бірі – көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафу Қайырбеков «Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп» деп жырлаған, тарихшы, этнограф, философ, фольклортанушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Елордадағы Ұлттық музейде осы әулие бабамыздың тақиясы мен шапаны сақталған.
16 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен аптаның аяғында, отандық археология ғылымының негізін қаласқан қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысының, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті.
16 Қараша, 2021
Мерейтойға дайындық пысықталды
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік комиссия бекітіліп, республикалық жоспар әзірленгені белгілі. Жоспарда белгіленген 60 шараның 23-і облыс әкімдіктеріне жүктеліп отыр.
16 Қараша, 2021