Редакция таңдауы
ИТАКА. Глазгодағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) қарсаңында алаңдаушылық та, үміт те басым. Алаңдаудың себебі қасақана «соқырларды» қоспағанда, бәріміз планетаға тигізіп жатқан зиянымызды көріп отырмыз. Өрт, су тасқыны және теңіз деңгейінің көтерілуі бүкіл әлемді елегізетеді. Қоршаған ортаның бұзылуы, соның салдарынан туындаған қақтығыстар босқындар санын жаппай көбейтеді.
02 Қараша, 2021
«Егеменге» өзінен бұрын сөзі жеткен
Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне енді орналасқан шақ. Әрі жергілікті университеттің екінші курсында оқимыз. «Редактор шақырып жатыр» десе, бойды үрей билейтін ақ үрпек кез.
02 Қараша, 2021
Бар ғұмырын еңбекке арнаған, туған жерін түлетуге атсалысып, ел қамын ойлаған қаншама абзал азамат бар. Ондаған жыл қызу еңбектің көрігінде шыңдалған сол саңлақтар «бейнет қыл да, міндет қыл» деген емес. Төрде отырып алмай, әлі де ел-жұртына қызмет етіп келеді. Мен бүгін осындай ағалардың бірі – Сыр еліне сыйы артқан Серік Әбішұлы Дүйсенбаев туралы айтқым келеді.
02 Қараша, 2021
Атажұрттағы басқосу қандастарды шексіз қуанышқа бөледі
Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап шетелдегі қандастарды қолдау және отандастарымызды тарихи атамекенімен таныстыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы мақсатта «Отандастар қоры» КеАҚ пен Jas Qazaq халықаралық жастар клубы бірнеше жыл қатарынан «Киелі Қазақстан» жобасын ұйымдастырып келеді.
02 Қараша, 2021
Қазақстанда көмір бағасы қымбаттады
Қазақстанда көмір бағасы жылына орта есеппен бес пайызға өседі. Кейбір өңірлерде қатты отын құны бірден 11 пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2021
«Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады
Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, осы жылдың қараша айында үйден шықпай құрылыс салушыдан онлайн форматта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2021
ӘЧ: Бүгін 10 боксшымыз жүлдегер атануға тырысады
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты күн өткен сайын қызып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қараша, 2021
Қазақстанның көптеген азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидекті сырт елдерден импорттайтыны белгілі. Алайда ағылып келетін өнімнің арасында мерзімі өткен, жеуге жарамсызы да жетерлік. Әрі оны дер уақытында анықтай білу маңызды. Осы ретте агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қырағылығын атап өту маңызды.
02 Қараша, 2021
Әрбір тұрғынды есепке алу маңызды
Осы күндері ұлттық санақтың соңғы апталары өтуде. Жаман індеттің кесірінен және басқа да себептерге байланысты бұл маңызды шараға түрлі кедергі кездеседі.
02 Қараша, 2021
Жазылғанына жүз жылдан асса да, кезеңдерге құрдас болып, уақытпен бірге түлеп, балет деген атаудың бір баламасына айналып кеткен атақты «Аққу көлі» екі күн бойы Алматы жұртына естен кетпес кеш сыйлады. Операның отаны Италия болса, балеттің өніп, өркен жайған құтты мекені – Ресей, бекзат өнерді бүкіл әлемге мойындатқан Мәскеудің Үлкен театрының қос бірдей белгілі бишісінің орындауында аққулар тағдырын тамашалау – адам өмірінде де, мәдениетте де күнде бола бермейтін сирек сәттердің бірі.
01 Қараша, 2021
Жұртшылықты жұмылдыратын ұлттық жобалар
Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген. Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген.
01 Қараша, 2021
Ұлттық анимацияның халықаралық қадамы
Түркістанда халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі өтті. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатында отандық және бауырлас түркі елдердің, атап айтқанда, Әзербайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан мен Түркияның білікті мультипликаторлары Орталық Азиядағы ең ірі анимациялық фестивальдың қызыл кілемімен жүріп өтті. Биыл байқауға барлығы 57 өтінім келіп түскен, оның 49-ы іріктеуден өтіп, әйгілі шетел аниматор-мультипликаторлары мен отандық білікті мамандардың бағасын алды.
01 Қараша, 2021
«Қайырлы болсын сіздерге, менен қалған мынау Еділ жұрт...» Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын осы толғауының тақырыбын «Қайран Еділ» екен деп ойлап келдік. Елдің жадында сақталып, осы заманға жеткен сөз – ХV ғасырда туған ең көне толғаулардың бірі. Әшейін толғау деуге келмейтін ұлы туынды десе жарасады. Ел айырылған алмағайып кезеңнің бейнесін кейіптеген шығарма жерін тастай көшкен жұрттың зарын да, заңғарлығын да аңғартады.
01 Қараша, 2021
Жамбылдың жауһар жырларының академиялық жинағы
Жамбыл – қазақ әдебиеті тарихындағы суырыпсалма ақындықтың, авторлық ауызша әдебиеттің көрнекті өкілі. Оның шығармашылық мұрасы – ғасырдан-ғасырға ұласқан жыраулық, жыршылық, ақындық дәстүрді саф алтындай таза күйінде жеткізген жауһар жәдігер. Ақындық, айтыскерлік, жыршылық өнерді ұлттық мәдениеттің биік өресі деп таныған қазақ қоғамы шығармашылық тұлғаны қашанда туралықтың, әділеттіліктің, адамгершіліктің символы ретінде ардақ тұтты.
01 Қараша, 2021
Отбасы банк «Корпоративті өнім» ипотекалық бағдарламасына серпін берді
Кез келген ұжымнан баспанасыз қызметкерлер табылады. Бұлар – жас мамандар, яки отбасын жаңадан құрған қызметкерлер мен әрқилы себептермен үйлі болуды кешеуілдеткендер. Мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтіндердің жайы белгілі, түрлі жеңілдіктермен, мемлекеттік бағдарламалармен тұрғын үй несиелерін алуға жол тауып жатыр. Ал жекеменшік сектор мен бюджеттік емес мекемелерден несібесін тауып отырғандардың баспана мәселесі қалай шешіледі?
01 Қараша, 2021
Ақшаға мен емес, Емельяненко құмар - UFC басшысы маңызды мәлімдеме жасады
UFC басшысы Дана Уайт Bellator атынан сынға түсіп жүрген аралас жекпе-жек әлемінің аңызы Федор Емельяненконы өзі басқаратын ұйымға жолатпайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2021
Алдағы үш күнде -20 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2021
БҚО-да 780 оқушыдан коронавирус анықталды
Батыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда 780 оқушыдан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2021
Пенжімдегі төбелес: Зардап шеккен оқушының жағдайы белгілі болды
Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Қараша, 2021
Интернет игілігін қашан көреміз?
Таяуда жарияланған ғаламдық мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 21 сатыға жоғарылап, 80-орынға табан тіреген. Былай қарасаңыз, 21 позицияға көтерілу – тәп-тәуір прогресс, бірақ 80-орын дегеніңіз – аса қуанып айтарлықтай нәтиже де емес.
01 Қараша, 2021