Редакция таңдауы
Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды
Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Қазан, 2021
Цой коронавирус туралы жаңа болжам айтты
Министрлік алдағы үш айда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2021
Академик Серік Қирабаев дүниеден озды
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қазан, 2021
Қазақстан даласы құрғап барады
Соңғы жылдары еліміздің жетекші экология мамандары, География және су қауіпсіздігі институты өзекті экологиялық мәселе – шөлейттенуге байланысты дабыл қаға бастағаны белгілі.
26 Қазан, 2021
Осылай мақала жазып, толғануымызға классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың Борис Слуцкийден аударған «Мұқиттағы жылқы» деген аудармасы себеп болды. Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығының дені ең алдымен, өнерге сосын жылқыға тығыз байланысты. Қадау-қадау ғасырлардан бері жылқы түлігімен мұңдас, сырлас, тағдырлас болған қазақ халқының әні мен өлеңінің негізі де жылқы болғаны шындық.
26 Қазан, 2021
Ортағасырлық Сарайшық – Ұлық ұлыстың бір бөлшегі
Елімізде 2019 жылдан бері Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында атқарылып жатқан шаралар аз емес. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ортағасырлық Сарайшық қаласының Ұлық ұлыс тарихындағы маңызына назар аударды. Осыған орай «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтармен әңгімелескен едік.
26 Қазан, 2021
Қазақта «қара» сөзіне кие мен қасиет қонғандай. Небір ұлтқа тән түйдек тіркестер осы сөзбен астасып жатыр. «Қара жер», «қара бала», «қара орман», «қара халық», «қара шал» дегендей... Осынау киелі ұғымымен қабаттастырып, мақаламыздың маңдайына «Қазақтың қасиетті қара шалы» деп тақырып қойып, тарқата сөйлеуге болар еді.
25 Қазан, 2021
«Шаңырақ» бағдарламасының шарапаты
Шымкент қаласында «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындары өз пәтеріне қол жеткізді.
25 Қазан, 2021
Банк секторын қандай қауіп-қатер күтіп тұр?
Қазақстанның банк секторын күтіп тұрған қатерлер мен тәуекелдер бар. Бұл туралы «Финансовые институты» S&P Global Ratings тобының директоры Ирина Велиева экономика, ұжымдық және банк секторының өзекті даму тенденцияларына арналған конференцияда айтты.
25 Қазан, 2021
1920 жылы Қазақстанда халық саны 5 миллионнан кем болмаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті.
25 Қазан, 2021
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту қадамдары
Мәжілісте «Үкімет сағаты» өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жақсарту мәселесі талқыланды. Жиын барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің баяндамасы тыңдалды.
25 Қазан, 2021
Әдебиет – халықтың рухани өмірінің ең күрделі әрі маңызды бөлігі. Әйгілі жазушы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев: «Мен әдебиетші болмасам, саясатқа келмес едім. Суреткер болмасам, күрескер де болмас едім. Бұрын суреткер ретінде толғандырып жүрген мәселелер – мені азамат ретінде толғандырып жүрген мәселелер еді», деген.
25 Қазан, 2021
ӘМСҚ: Жүкті және босанған әйелдерге пайдалы шолу
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүкті және босанған әйелдерге пайдалы кеңес әзірледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі сарапшысы, тәжірибелі дәрігер Бағдагүл ӘБДІРАСЫЛОВА әйелдерге жеңілдігі бар мәртебені қалай алуға болатынын, сақтандырусыз есепке тұру жолдарын түсіндіріп, оларға қандай медициналық көмек көрсетілетінін айтып берді.
25 Қазан, 2021
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бекітті
ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады Egemen.kz.
25 Қазан, 2021
Төрегелді Шарманов: Ғылымның рөлі төмендеп кетті
РҒА және ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов өзінің Facebook парақшасында елдегі ғылымның жай-күйі жайлы жазба жариялады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қазан, 2021
Украинада Абайға ескерткіш орнатылды
Украинаның Харьков қаласында ұлы ақын Абайдың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қазан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында талантты суретші Таңсық Мәжитованың халқымыздың ардақты перзенттерін айшықты бейнелеген «Тәуелсіздік тұлғалары» атты көркем портреттер көрмесі ашылды. Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында ұйымдастырылды.
25 Қазан, 2021
Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды
Синоптиктер 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қазан, 2021
«Қызыл аймақтан» қайтсек шыға аламыз?
Ресейде 30 қазаннан 7 қарашаға дейін жұмысшылардың жалақысын сақтай отырып, бүкіл ел бойынша жұмыс істемейтін күндерді жариялау туралы ұсыныс қолдау тапты. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов Ресей азаматтары шекаралас Павлодар облысына тек ПТР анықтамасымен кіре алатынын атап өтті.
24 Қазан, 2021
Ассалаумағалейкүм, айналайын іні-досым Сауытбек! Сізге арналған хұсни хатымды Хатжазған жартасының астындағы аршаның ығынан жазып отырмын. Өзіңіз білетін Таупістелі ауылының Қаратау жақ биігіндегі Бозторғай асуының оң қапталы ғой. Хатжазған жартасындағы таңбалар бертінгі ғасырларда өшіп, көрінбей кеткен. Әлдекімдер ерігіп те, еліріп те қиратқан деседі. Анда-санда осынау Хатжазғанның астындағы аршаның түбінде хат жазып отырып, шыбын жанына шипа тілейді мына жаман ағаңыз.
24 Қазан, 2021