Редакция таңдауы
Нидерландтың Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бірге В тобында сынға түсетін болды. УЕФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы жеребе алдында Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетте орналасқан болатын.
21 Қазан, 2021
Есімі ел есіне тамырланып қалған, танымал тұлғалар қазақ топырағында өте көп. Солардың бірі де бірегейі, бүкіл түркі жұртының, араб дүниетанымының ерекше бір кірпіші болып қаланған, аяулы да арда анамыз Жәудір туралы не білеміз?
21 Қазан, 2021
Студенттердің өнертабыстары халықаралық деңгейде танылды
Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген Al-Farabi -2 наноспутнигін іске қосқан болатын.
21 Қазан, 2021
Физикалық уран қорына қатысады
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Директорлар кеңесінің ұйғарымымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанындағы ANU Energy OEIC Ltd табиғи уран қорына қатысатыны туралы шешімді қабылдады.
21 Қазан, 2021
Әйелдер кәсіпкерлігі қолдау тауып жатыр
Қазақстанның кәсіпкерлік кеңістігінде әйел азаматтар да белсенді. Әйелдер ашқан қаншама бизнес көпшілік тарапынан қолдау тауып, аудиториясын кеңейте түсуде.
21 Қазан, 2021
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар үш жылдық бюджет жобасын мақұлдады. Коронавирус індеті басталған бір жарым жылдан бері алғаш рет Мәжілістің жалпы отырысы бұрынғы, толыққанды дәстүрлі форматта, журналистердің қатысуымен өтті.
21 Қазан, 2021
Осы күндері солтүстікте май тоңғысыз, барынша жайлы, мизамшуақ қоңыр күз тұр. Қыс қамын жасап үлгермегендер қазір қызу жұмыс үстінде. Агроқұрылымдардың бәрі жиын-терім науқанын аяқтаған. Астық өсіретін шаруашылықтар бағаның тұрақтануын күтіп, өнімдерін сата қойған жоқ, бірақ өкіметке берешектерін толық өтеген. Биыл ауыр жыл болды. Жаман індет бір жақтан қысса, жаз ортасына дейін болған аптап ыстық екінші жақтан соғып, қуаңшылық болды. Құрылыс материалдары бағасының шарықтап өсуі де экономикаға өз зиянын тигізіп бақты.
20 Қазан, 2021
Бапкер ауыстыратын уақыт келді
Жақында Қазақстан құрамасының балуандары кезекті рет әлем біріншілігінен алтын медальсыз қайтты. Сонау 1999 жылдан бері жаһандық жарыстың бас жүлдесіне жете алмай жүрген балуандарымыздың жеңілістеріне, өкінішке қарай, етіміз үйрене бастады.
20 Қазан, 2021
Еліміздің ғылым саласында жүрген қыздарымыз аз емес. Алайда олардың жеткен жетістіктері мен отандық ғылымды дамыту жолында төккен тері, қосқан үлесі туралы көп айтылмайтын секілді.
20 Қазан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Үкіметке көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыра отырып, ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажеттігін атап көрсеткендігі мәлім.
20 Қазан, 2021
ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған 60 шағын грантты беру бойынша конкурстың сарапшылар комиссиясы ауылдарда заңгерлердің, терапевтердің және психологтердің консультациясын өткізуде жеңімпаздарды анықтады.
20 Қазан, 2021
Ескерткіштер еңсе көтеріп, музыкалық мұралар жаңғыртылды
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған маңызды шара «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Тұжырымдамасында көрсетілген басым бағыттың бірі еліміздiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту болатын.
20 Қазан, 2021
ArcelorMittal 2050 жылға қарай көміртекті бейтарап болады
Нұр-Сұлтанда Astana Mining and Metallurgy Congress отырысы өтті. Конгресте«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир шығарындыларды азайту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша жұмыс туралы айтып берді.
20 Қазан, 2021
Кэти ЛИЧ: Қазақ тілін үйренудің артықшылығы бар
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осынау мерейлі кезеңде Қазақстан үшін маңызды серіктес мемлекеттің бірі – Ұлыбританияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Кэти Личтан сұхбат алған едік. Кэти ханым дипломатиялық қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың жүзі болды. Ол Қазақстанға келместен бұрын қазақ тілін үйренген екен.
20 Қазан, 2021
Қазақстанда несие берудің ең жоғары сомасы бекітіледі
Қазақстанда баспана сатып алуға берілетін несиенің бірыңғай ең жоғары сомасы бекітіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021
Нығматулин Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына қатысты пікір білдірді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021
Ревакцинация кімнің есебінен жүргізіледі?
Қараша айында Қазақстанда коронавирустық инфекциядан ревакцинацияны бастау жоспарлануда. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қандай қаражат есебінен жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021
Елімізде кедейлік 9 есе төмендеді
Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында 2001-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021
Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021
20 қазанға арналған ауа райы болжамы
20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Сондай-ақ елдің батысында және шығысында тұман болжанады, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен батыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қазан, 2021