Редакция таңдауы
Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина қалыптасып отырған жайдайды баяндап, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
04 Қазан, 2021
Бағаның өсуіне жол бермеу керек
Nur Otan партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтылды. Аталған Кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспановтың айтуынша, Nur Otan партиясы өңірлерде азық-түлік қорларын қамтамасыз ету, тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу мәселелерін бұған дейін де бірнеше рет көтерген.
04 Қазан, 2021
Футзалдан Балтық жағалауында орын тепкен Литва мемлекетінде өткен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһан жанкүйерлерінің назарын өзіне аударған дүбірлі доп додасының бас жүлдесі үшін тартыс Аргентина мен Португалия арасында өрбісе, Бразилия мен Қазақстан құрамалары қола медаль үшін сайысқа түсті.
04 Қазан, 2021
Елордада Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі апталығы аясында «Химиялық өнеркәсіптің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында конференция өтті. Оны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды.
04 Қазан, 2021
Президент архивінің Маңғыстаудағы күндері
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Руханижаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Президент Архивінің Маңғыстау облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.
04 Қазан, 2021
Мемлекеттің мерейі мығымдығында болса, оның алғышарттарының бірі – қуатты өңірлер, дамыған қалалар. Тәуелсіздіктің 30 жылында Өскемен өндірісін өрлетіп, экономикасы мен руханиятын өркендете отырып, болашаққа нық қадам басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев металлургтер қаласына ерекше ілтипат танытып, көптеген жобаны қаржыландырып, ірі нысандарды өз қолымен ашқан.
04 Қазан, 2021
Қостанай облысында жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері сұйытылған газ бен дизелді отынның күн санап қымбаттап жатқанын айтып дабыл қағуда. Осыған орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде құзырлы орындардың өкілдері журналистермен кездесіп, нарықтағы жағдайды түсіндірді.
04 Қазан, 2021
Үшінші мегаполис үш сценарийге де дайын
Оқу жылы басталғаннан бері Шымкент қаласында 487 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 146-ның сырқаттануы жазғы демалыс кезінде басталса, 341-і оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған. Оқу жылының басынан бастап 100 мектепте 291 сыныпта, ал қазіргі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген.
04 Қазан, 2021
Алматыда Ұлттық кітапханада өткен алқалы жиында елімізге белгілі тілші-ғалымдар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейтуге байланысты түйткілді мәселелерді ортаға салды.
04 Қазан, 2021
Өңірдегі сакралды туризм Шымкенттен басталады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай республикалық «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен өңірлерде өткізіліп жатқан «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Шымкент қаласында жалғасты.
04 Қазан, 2021
Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрының жаңа маусымы өзбек драматургі Шараф Башбековтың «Темір қатын» комедиясымен ашылды. Көрерменін бірде күлдіріп, бірде ой тереңіне батырған қойылым күнделікті қарапайым тұрмыстық қарым-қатынастарды сахнаға шығару арқылы бүгінгі қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз құбылыстарды ашып көрсетеді.
04 Қазан, 2021
Жұмысынан айырылғанға – төлемақы
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады. Бұл ретте, биыл 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
04 Қазан, 2021
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Швецияда физиология мен медицина саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды
Индер ауданында жас ана жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
Қазақстан құрамасы ФИФА сыйлығын иеленді
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасына Литвада өткен футзалдан Әлем чемпионатындағы өнері үшін арнайы сыйлық табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
04 Қазан, 2021
«Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Түркістан облысында жалғасты
Түркістан мен Қызылорда облыстарының шекарасында экспедицияның қызылордалық мүшелерін танымал жазушы, «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» Халықаралық сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт, К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалиев, Түркістан облысының үздік жазушысы номинациясының иегері Абылай Есімбай, сонымен қатар Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков пен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Жақыпбеков бастаған, құрамына бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері кірген топ дәм-тұз ұсынып, құшақ жая қарсы алды.
03 Қазан, 2021
Большевиктер саясатына қарсы бағытталған Батыс Сібір шаруаларының көтерілісі туралы бүгінде сирек айтылады. Осыдан 100 жыл бұрын – 1921 жылы Сібір өңірінде тонау, зәбір көрсету шектен шығып кеткені соншалық, бейбіт тұрғындар қолдарына қару алып, коммунистерге қарсы тұруға мәжбүр болды.
03 Қазан, 2021
Орта Азияның тұңғыш саяси эмигранты
Мұстафа Шоқай (Чокай, Чокаев, Чокай-оглы) – Ресейдегі және өзінің туған жері Қазақстандағы ең танымал тұлға, ғұмыры қысқа болған Түркістан автономиясының көшбасшысы. Қазақтың ақсүйек әулетінен шыққан Мұстафа Шоқай 1918 жылы жаңа билікті қабылдай алмай, 1921 жылдан 1941 жылға дейін Францияға қоныс аударып, сонда орнығады. Кеңес кезеңінде, 1930 жылдар мен 1940 жылдардың басында оған Германиядағы нацистік режіммен байланысып, ынтымақтастық орнатты деген айып тағылды.
03 Қазан, 2021
Оқу орындарында оқыс оқиға болмасын десек...
Жақында Ресейдің Пермь университетінде орын алған, одан төрт ай бұрын Татарстан астанасы Қазандағы мектепте болған қайғылы жағдайлар білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті күшейтудің маңызды екенін көрсетті. Бұл оқиғаға бейжай қарамаған елімізде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудің кешенді іс-шаралары қолға алынып, террористік тұрғыдан осал оқу орындарының қорғалуына баса мән беріліп жатыр.
03 Қазан, 2021