Редакция таңдауы
Қазақ музыканты Англияда өткен байқаудың бас жүлдесін иеленді
Қазақстандық музыкант Англияның Лидс қаласында өткен беделді байқауда бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
«Astana Media Week – 2021» медиа апталығы басталды
«Astana Media Week – 2021» жыл сайынғы медиа апталығы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Елордада атпен серуендеуге арналған орталық ашылды
Нұр-Сұлтанда жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды. «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды орындардың біріне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер
Нығметжан Есенғарин есімі тек республикаға ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы таныс. Өзінің еңбек жолын қарапайым байланыс монтері ретінде бастаған ол тынбай ізденуінің арқасында КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары, одан кейін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Көлік министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.
26 Қыркүйек, 2021
Шектеуде ширыққан шағын бизнес
Пандемия басталғалы шағын бизнестің де тынысы тарылып, бұған дейін өркендеп тұрған талай шағын кәсіпорындардың өндірісі тұралап, табысы ортайып қалғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл жағдайға ерекше тоқталып, күрделі кезеңнің қиындығын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге түрлі жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер берілгенін, бұл мақсаттағы мемлекеттік қолдау әлі де жалғасатынын айтты. Індетке қарсы карантин шаралары бірде қатайып, бірде жібіңкіреп тұрған елең-алаң кезеңге қарамастан, ел ішінде білек түріп бизнес ашып, шағын да болса кәсібін дөңгелетіп әкеткен азаматтар жүр. Шектеуде ширыққан талапты жандардың істеп жатқан тіршілігі көңілге мұз көбесін жарып шыққан жауқазындай жылу ұялатады.
26 Қыркүйек, 2021
Өмір, шіркін, сынаптай сырғып өтеді. Көп нәрсе ұмытылып жатады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстың аяқталғанына да аз уақыт болған жоқ. Әйтсе де, Раджан Батырханов қабырғадағы портретінен бізге бәз-баяғы жас қалпында көз тастап тұрған сыңайлы. Оның анасы, бауырлары мен мектептегі кезінде тай-құлындай тебісіп өскен достары, туған өлкесі Катон-Қарағайдан шығып, күркіреп аққан Пяндж өзеніндегі «ыстық нүктені» иық тіресе жүріп бірге қорғаған жауынгерлер арамызда жүр.
26 Қыркүйек, 2021
Вакцина коронавирус қаупін сейілте бастады
Әлемді әбігерге салған коронавирус әлі де аптығын басар емес. Кейінгі бірнеше күнде індет жұқтыру қарқыны саны сәл саябырсығанымен, тәулігіне 500 мыңға жуық адам қауіпті дерттің тырнағына ілінеді. Осыған байланысты көптеген елде әлі де карантиндік талаптар жеңілдетілген жоқ. Әйтсе де, вакцина салдырғандар саны көп елдер шектеу шараларын босаңдата бастады.
26 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда өткен жүлде қоры 480 000 АҚШ долларын құраған ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыстың бас жүлдесі үшін аустралиялық Джеймс Дакворт пен кореялық Квон Сон Ву таласты. Ақтық сайыс тым кеш аяқталғандықтан, оның нәтижесі жайында газетіміздің келесі санында баяндайтын боламыз.
26 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» атты халықаралық көрме ашылмақшы.
26 Қыркүйек, 2021
Облыс орталығының дені ауыз сусыз отыр
Көкшетау қаласының бірнеше шағын ауданы ауыз сусыз отыр. Қала басшыларының уәжі – Сергеевка су қоймасынан тартылған су құбыры жөнделуде. Жергілікті биліктің ақтала айтқан мәліметіне қарағанда, қыркүйек айының соңына дейін су берілмейтін сыңайлы.
26 Қыркүйек, 2021
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Осы бір орамды ой бүгінгі мақаламызға мәйек болып отыр. Ел Президенті әрбір Жолдауында ұлттың мәдени болмысы хақында толғамды пікір түзіп, әсіресе руханиятқа достық рәуіште ерекше назар аударып келеді.
26 Қыркүйек, 2021
«Қазақстан - біздің маңызды серіктесіміз» - Чжан Цинго, СЕО Huawei Technologies Kazakhstan
Ақпараттық-коммуникациялық индустрияның, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы әлемді цифрлық трансформацияға жетелейді. Бұл өзгерістен Қазақстан құр қалмайды. Өйткені біз 5G технологиясын іске қосу қарсаңында тұрмыз. Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжан Цинго жаңа буын желісінің қандай екенін және 5G іске қосылғаннан кейін әлем қалай өзгеретіні жайлы айтты.
24 Қыркүйек, 2021
Баспана бағасы 30 пайызға қымбаттайды
2022 жылдың көктемінде тұрғын үй 20%-30% қымбаттайды. Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне осындай болжам айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2021
«Қазгидромет» қар жауатынын хабарлады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2021
Сәуле Омарова АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалмақ
АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) лауазымына тағайындауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2021
Әдебиет әлеміне ХХ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде келген Қалдыбек Сейданов, өзінің бүкіл саналы ғұмырын Орта Азия халықтарының, оның ішінде түбі бірге туысқан өзбек пен қазақ халықтарының достығын, ынтымақ-бірлігін, әдеби-мәдени байланыстарын зерттеуге бағыштаған, шын мәніндегі достықтың бірден-бір жаршысы бола білді.
23 Қыркүйек, 2021
Кіші Талдыкөл елорданың көрікті жеріне айналады
Жуырда елорданың батыс бөлігіндегі Кіші Талдыкөлге байланысты қоғам тарапынан туған алаңдаушылықты жазған болатынбыз. Осы мәселеге орай редакциямызға хабарласқан елорда әкімдігі мен мамандардың пікірін тағы бір мәрте назарларыңызға ұсынамыз.
23 Қыркүйек, 2021
Бейбіт атом – орнықты даму кепілі
2030 жылға қарай Қазақстан электр қуатының тапшылығына тап болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұдан шығудың тиімді амалы – орнықты даму көрсеткіштеріне сай келетін экологиялық тұрғыда таза және үнемді энергетиканы дамыту. Өркендеудің тұрақты жолына түсу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамытудың мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.
23 Қыркүйек, 2021
Компания қызметкерлерінің 90%-ы вакцина салдырды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Қазақстан Республикасының басшылығына вакциналау науқанын белсенді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Компания қызметкерлерінің 90 пайызынан астамы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.
23 Қыркүйек, 2021