Редакция таңдауы
Балқаш суы қалпына келетін күн жақын ба?
Балқаш көлінің экологиясы туралы мәселеге «Egemen Qazaqstan» газеті үнемі үн қосып келеді. Бұған дейін біз бірнеше мақала әзірлеп, көл суының азаюы мен оған әсер етіп отырған жағдайларға тоқталған едік. Өйткені көлдің экологиялық ахуалы еліміздің ғана емес, дүние жүзінің назарын аударып отырған үлкен қатер екені анық.
18 Тамыз, 2021
Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде дала қырандары күрт азайып барады. Қатары жыл санап сиреп бара жатқан қанатты жыртқыштардың бұл түрін орнитолог мамандар да ерекше қамқорлыққа ала бастады. Мәселен, шілде айында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігіне дала қырандарына арналған 71 жасанды ұя орнатқан.
18 Тамыз, 2021
Президент Жолдауы қалай орындалуда?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының жарияланғанына таяу күндері бір жыл толады. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде халық назарына ұсынылған бұл құжатта белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуы, берілген тапсырмалардың орындалуы пандемия жағдайындағы еліміздің қазіргі сын-қатерлерді еңсере отырып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени бағыттар бойынша ілгерілеуіне оң ықпалын тигізіп отыр.
18 Тамыз, 2021
Жергілікті өзін өзі басқару әкімдердің жауапкершілігін күшейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі Жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Онда қамтылған мәселелердің бәрі де демократиялық даму жолына түскен қоғамымыз үшін маңызды.
18 Тамыз, 2021
Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі
Пандемия кезінде жүрісінен жаңылып, табысынан айырылған кәсіпкерлер көп болды. Қолға алған жобасын пышыратып алғандар қатарында «Бастау Бизнес» жобасының түлектері де жоқ емес. Кәсіпкерлік негіздерін енді-енді меңгеріп, ел қатарлы табыс табуға кіріскен жоба түлектері күтпеген жерден қиындыққа тап болғаны белгілі. Мемлекет қолдауының игілігін көрген оларға тағы да бір мүмкіндік беріліп отыр. Қысқасы, індет қысқан күрделі кезеңде зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алады.
18 Тамыз, 2021
Азаматтардың амандығы – еліміздің байлығы
Қазіргі кезде коронавирус індетімен ауырғандар Жамбыл өңірінде де көптеп тіркелуде. Қауіпті індетпен күні бүгінге дейін 10 мыңнан аса тұрғын ауырған. Өкінішке қарай, жүздеген адам қайтыс болған. Қабылданған жедел шаралардың және білікті дәрігерлердің еңбегінің нәтижесінде коронавирусты жеңіп шыққандар да бар.
18 Тамыз, 2021
Қазақстан Президент Архивінің қорқұрушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаевтың туғанына биыл 100 жыл толады. Сұлтан Сүлейменұлы жайында жазуыма себепші болған ол кісіні осыдан бес жыл бұрын 95 жасқа келуіне орай Архив тарапынан құттықтап барған кездегі ізгі ниетпен айтқан сөздері, өнегелі, тәрбиелік мәні бар әңгімелерін естіп, жадымда сақтап қалғаным.
18 Тамыз, 2021
Өзбекәлі сынды тұлғаны еске түсіргенде алдымен ойға қасиетті Тайқазан оралады. Өйткені тайқазан халқымыздың құтына айналған, тәуелсіздіктің символындай жәдігер бүгінде еліміздің мақтанышы. Ал осы Тайқазанның құт болып құйылғанына 622 жылдан асыпты. Тайқазан туралы аз-кем мәліметке көз жүгіртсек, әлемдегі ең үлкен қазанның жалпы салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Оған бейсенбі күні су толтырылып, тәтті араластырылып қояды екен. Келесі күні, яғни жұма намаздан кейін тәтті су жұртқа таратылған. Одан кейін бос қазанға әркім өзінің әкелгенін, яғни саудагер – тиынын, қасапшы – етін, аңшы – терісін, шаруа бидайын салатын болған.
18 Тамыз, 2021
Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді
Бүгін сағат 17.00-де Алматыға Ауғанстаннан 42 жолаушыны эвакуациялаған ұшақ қонды. 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері елге оралды, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды
Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Футболдан Қазақстан кубогы Амангелді Сейітхановты еске алумен басталады
Еліміздің кәсіпқой футбол лигасы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – Алексей Цой
Соңғы үш апта ішінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалады. Елімізде бір апта ішінде орта есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2021
18 тамыз – Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Сәрсенбіде күн райы қандай болады?
Синоптиктер 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Тамыз, 2021
Тагор күнделігіне тағы бір үңілгенде
Жаһан оқырманы үзбей оқуға ынталы үлкен әдебиеттерде жасампаздықтың әр жанры күн сайын дамып, өз міндетін атқарып келеді. Біз сөз еткелі отырған күнделік жазу да қазіргі әдебиет үшін аса маңызды. Қаламгердің күнделігі бізге оның жан дүниесіндегі кей жұмбақтардың шешімін, ешкімге айтпаған сырларын, күйініші мен сүйінішін, қала берді өмірін айна қатесіз айтып береді. Бұған Кафканың, Толстойдың, өзіміздің Мұқағали Мақатаевтың жазған күнделіктері дәлел болмақ.
17 Тамыз, 2021
Банк секторында жарты жылда не өзгерді?
Отандық банктер ел азаматтарына несие беруді аса қарқынды жалғастырып жатыр. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде 9,3 трлн теңге несие беріліпті. Оның 54 пайызын корпоративтік сектордың займдары құрайды екен.
17 Тамыз, 2021
ЕО-ның Меркельден кейінгі тағдыры қандай болмақ?
МАДРИД. Еуропалық жобаларда әрдайым кемшілік болатын. Бірақ ешқайсысы құрлықты дүр сілкіндірген емес. Бұған себеп – Германия. Аталған ел Еуропалық одақ мүшелері арасында туындаған мәселелерде білікті араағайын бола білді, әсіресе, канцлер Ангела Меркель 16 жылдық билігі тұсында осыны айқын дәлелдеді. Биылғы қыркүйекте Меркельдің қызмет мерзімі аяқталмақ. Ендеше, Еуропалық одақты не күтіп тұр? Дүр сілкіне ме, әлде одан да зор бола ма?
17 Тамыз, 2021
Байденнің шешімі бәрібір дұрыс
ВАШИНГТОН. Ауғанстан халқы мен халықаралық қоғамдастықтың заманауи, қауіпсіз және басқару институттары жұмыс істейтін мемлекет құруға бағытталған жиырма жылғы талпынысын бірнеше айдың ішінде «Талибан» қозғалысы жойып жібергенін көру өте ауыр.
17 Тамыз, 2021
Профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Тамыз, 2021
«Өте сирек кездесетін экспонат» - Ботағай қонысынан 7 ғасыр сақталған сұйықтық табылды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Ботағай археологиялық-сәулет ескерткішінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Сәкенов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
17 Тамыз, 2021