Редакция таңдауы
Отандық вакцинаның клиникалық зерттеулер нәтижесі The Lancet журналында жарияланды
ҚР Білім және ғылым министрі QazVac отандық вакцинасының клиникалық зерттеулер нәтижелерінің The Lancet журналында жарияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Тамыз, 2021
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 6 миллионнан асты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияның статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
14 Тамыз, 2021
Спорт саласына шұғыл реформа қажет – Қырымбек Көшербаев
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев еліміздің спорт саласына кезек күттірмес реформаның қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі өкімімен Аманбек Қабдешұлы Жұмыров облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
1 қазан Радио күні болып жарияланды
Бүгін, 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
ҚР Қаржы вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі тағайындалды
Самитов Мажит Самитұлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
«Дарын» сыйлығына 237 өтінім қабылданды
10 тамызда «Дарын» сыйлығына ізденушілердің құжаттарын қабылдау аяқталды. Конкурсқа 237 өтінім қабылданды (2020 жылы – 160 өтінім), деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
Жұма күніне арналған ауа райы болжамы
Жұма күні еліміздің кей жерлерінде, жаңбыр жайып, найзағай жарқылдайды, жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2021
«Қазақмыс» – ұлы ғалым Қанекеңнің перзенті
Табиғаттың Қазақстан халқына берген жер қойнауының байлығы ежелгі заманда-ақ пайдаланыла басталған. Жезқазған өңірі сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың жақсы күнкөрісінің көзі болған. Оларды мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдармен қамтамасыз еткен. Содан мың жылдар өткен соң Жезқазғанның сарқылмас байлығын халық мүддесіне орынды пайдаланудағы ерекше рөлін қазақтың ұлы перзенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бүкіл әлемге жеткізеді. Дарынды, көріпкел, данышпан Қанекең Жезқазған кен орны арқылы бүкіл Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму жолдарын айқындады. Олардың көшбасшысы, әрине «Қазақмыс корпорациясы» болып шықты.
12 Тамыз, 2021
Ақсақалдар орны ойсырамасын...
Қазақ қоғамында ақсақалдар институтының алар орны ерекше. Халқымыз қарттарды ақыл дариясы, даналық қазынасы ретінде қадірлеген. Қариялардың қатысуынсыз қоғамда қордаланған мәселелер шешіліп, қарымды істер қолға алынбаған. Қартын қадірлеп, қара шаңырақтың құты мен киесі деп ұққан халқымыз оларға қашанда төрден орын берген.
12 Тамыз, 2021
Шалғайдан келіп шөп шабысқан шарапатшыл ағайынға зор алғыс
Биыл індеттің қырсығымен қабаттасып, даламызды қуаңшылық жайлап, ел әжептәуір әбігер болды. Осындай қиын шақта төрт түлігіне жемшөп таппай тарыққан жұртқа еліміздің тұс-тұсынан көмек қолын созған ағайынның ауызбірлігі бәрімізді сүйсінтті. Игі іс жалғасын тауып, өзге өңірлерден Павлодар облысына келген еріктілер мал азығын әзірлеуге атсалысып жатыр. Қазіргі кезде олар біздің өңірдегі Успен ауданында 3 мың гектар жердің шөбін шабуда.
12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
12 Тамыз, 2021
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы жеткізе білді.
12 Тамыз, 2021
Дзюдо күресінен үлгі алатын елдер бар
Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошылар еді. 60 кило салмақта күш сынасқан Елдос Сметов бастапқы бәсекелерде түркиялық Мирхак Аққұс пен кореялық Ким Вон Жиді жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияның жұлдызы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Наохиса Такатоға есе жіберді. Есесіне одан кейін нидерландық Торнике Чакадуады шаң қаптырып, қола медальді мойнында жарқыратты. Қатарынан екі бірдей Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Елдосқа сол сәтте барша Алаш жұрты ақ алғысын жаудырды.
12 Тамыз, 2021
«Жасыл ел», қоқыс жәшігі және жас кәсіпкер
Жетісуда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыстың еңбекшіл жастары Jyl serpini номинациясын иеленіп, үздіктер қатарына көрінген болатын. Биыл да штаб ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастаған екен, қазір 944 ерікті жас жұмыспен қамтылыпты. Сонымен қатар облыста студенттік құрылыс отрядтарының жұмысы қайта жанданды.
12 Тамыз, 2021
Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді
Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.
12 Тамыз, 2021
Вакцина салдырушылар көбейіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында бір тәуліктің ішінде жедел жәрдем қызметіне 3 300-ден аса қоңырау түсіп, мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан аса шақыртуға барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.
12 Тамыз, 2021
ДДҰ әлемнің 20 көшбасшы еліне үндеу жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің ең беделді 20 көшбасшысын қазанға дейін пандемия толқынын тоқтату үшін вакцинаға қолжетімділікте теңсіздікті жоюға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz The Newpaper-ге сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2021
Түркияда алапат су тасқыны болды
Түркияда орман өртінен кейін су тасқыны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2021