Редакция таңдауы
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидрометтің» баспасөз қызметі мамырдың 10-ны күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Мамыр, 2021
Төбеден жай түскендей болып басталған 1941 жылғы соғыс еліміздің қиыр солтүстігіндегі Майбалық ауылының да бейбіт өмірінің тас-талқанын шығарған. Жүз шақты шаңырағы бар шағын ауыл төрт жыл ішінде майданға 150-ден артық жігіт жіберіпті. Олардың жетпістен астамы қазаға ұшыраған, ал елге тірі оралғандардың ширегі – мүгедектер. Екі-үш ұлынан айырылған, жалғызын жоғалтқан ата-аналар, жетім қалған балалар – сол кездегі ауылдың үйреншікті жағдайы еді. Ал қан майданда от кешкен жауынгерлердің қилы тағдыры кімге болсын ой салып, тағылым алғызары анық.
09 Мамыр, 2021
Соғысты әдетте «ер адамның ісі» деп жатады. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыста майданға тартылған әйел саны бойынша КСРО алдыңғы орында тұрды. Деректерде 800 мың кеңестік қыз-келіншек Ұлы Отан соғысына қатысқаны жазылған. Олардың арасында қаракөз қазақ қыздары да аз емес еді.
09 Мамыр, 2021
Соғыс оты көптеген адамның өмірін қиды. Майдангерлеріміз Отан алдындағы борышын өтеп, бүгінгі азат күннің ақ таңын атыру жолында қаны мен терін төкті. Қан кешіп, қиянкескі шайқаста жауын жеңіп, артында қалған ұрпағына Жеңіс туын алып берген әкелеріміздің өшпес бейнесі мәңгілік ел жадында қалады.
09 Мамыр, 2021
Бүгінгі күні егемен еліміздің тарихына «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атаумен енгізілген кешегі Кеңес заманындағы Ұлы Отан соғысының ащы шындығы әлі толық ашылмағандығы мәлім.
09 Мамыр, 2021
Тоқсейіт әулетінің өмірі мен тағдыры халқымыздың тағдырымен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыста шайқалмаған шаңырақ қалды ма? Солардың бірі – менің атам Қазездің шаңырағы. Үш баласының үшеуін де майданға аттандырып, ұстараның жүзінде отырғандай күй кешкенін анам Марқаба айтып отыратын. Қайролла, Байзолла, Махмет Қазезұлдары – үш ағайындының үшеуі де соғыс ардагерлері.
08 Мамыр, 2021
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес елінің басшысы Сталин Моңғолияға экономикалық қолдау көрсету мақсатында 1947 жылы «Наушки-Ұланбатыр бағытында теміржол құрлысын салу туралы» бұйрыққа қол қойды. Жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «отанын сатқандардан» құралған «505-ші» түрмені жасақтады. Бұған жазасын өтеп жатқан 80 мың адам тартылып, теміржол құрлысын басқаруға тәжірибелі инженер генерал-майор Ф.А.Гвоздевский тағайындалды. 80 мың тұтқынның көбі соғыста немістің қолына түскен кеңестік солдат-офицерлер болса, соның 3000-ы таза власовшылар.
08 Мамыр, 2021
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қазан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы» деп жариялағаны және тарих беттерінде жазылып қалатын бұл маңызды оқиғаның мемлекетіміздің өткенін саралап, болашаққа мол сенім мен салмақты бағдар беретіні анық. Тарихи тұрғыдан қарағанда, 30 жыл көп уақыт емес, дегенмен осы жылдар аралығында мемлекетіміз аяғынан нық тұрып, әлемдік деңгейде өз орнын анықтады, халықаралық деңгейде шекарасын айқындап, жаһандық дамудың жаңа жолына түсті.
07 Мамыр, 2021
Егемен елдің сарбазы болу – зор міндет әрі жауапкершілік
Қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімі – Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын, аумақтық тұтастығы мен егемендігін, экономикалық мүдделерін қорғауды міндетіне алған маңызды құрылым.
07 Мамыр, 2021
Борышымды абыроймен өтесем деймін
Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясы қазіргі таңда қуатты деңгейге қол жеткізді. Әлемнің беделді әскери сарапшыларының айтуынша, Қазақстан армиясы ТМД елдері әскерлерінің ішінде үшінші орынға тұрақтаған. Ұлттық армияның ең жаңа әскери техникамен жарақтануы, білікті әскери кадрлармен қамтамасыз етілуі – осының айғағы.
07 Мамыр, 2021
Тарихи шындықты мойындаған жазба
«1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг ғимаратына шабуыл басталды. Ғимараттың төбесіне алғашқы Қызыл туды 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің жауынгерлері Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тікті». Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жақында осындай жазба пайда болды. Бұл – Ресейдің 76 жыл өткеннен кейінгі ресми мойындауы!
07 Мамыр, 2021
Қазақстан халқы Ассамблеясының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
07 Мамыр, 2021
Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман баласына парыз болған Ораза құлшылығының ішінде мың айдан да қадірлі «Қадір түні» бар. Бұл күн биыл мамырдың 8-інен 9-ына қараған түнге сәйкес келуде.
07 Мамыр, 2021
Қарулы Күштеріміз осылай құрылған
Мен Кеңес армиясының соңғы Бүкілодақтық офицерлер жиналысының қатысушысы болдым. Ол кезде қиын да қауіпті жағдай туындады: Кеңес Одағы жоқ, бірақ Кеңес әскері бар. Бұл жиында бұдан әрі не болатынын ешкім нақты айта алмады. Ядролық қаруы бар әскерді кім басқаратыны белгісіз еді. КСРО-ның соңғы Қорғаныс министрі Е.Шапошников тығырыққа тірелді.
07 Мамыр, 2021
Өңірлік университет инновациялық өсудің орталығы болуы керек
Бүгінгі заманның қарқынды өзгерісі, үздіксіз дамуы жоғары оқу орны даярлайтын кей мамандықтарды қажетсіз етіп, керісінше кей сала мамандарына деген сұранысты жоғары етуде. Заман ағымына сай жоғары білім саласы да өзгеріс үстінде. Қоғам дамуына, өңір өркендеуіне қызмет ететін жаңа білім бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс істеп жатыр. Жоғары оқу орны мамандарды даярлауда ең алдымен қоғам қажеттілігін ескере отырып, болашақтың мамандарын даярлауға бағытталуы керек.
07 Мамыр, 2021
«Мәңгілік алау» басындағы жоқтау
Түбі жоқ тарихтың шежіресінде шерменде болып өткен шешелеріміз аз ба?! Соғыс тауқыметін тау көтергендей арқалап өткен аналарымыз да енді жоқтың қасындай. Бұл бір шерлі суретті қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев осыдан 35 жыл бұрын түсірген.
07 Мамыр, 2021
Аида Балаева: «Тұмар» бәйгесі – отандық телевизияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жалынды тұлғалар мен тың бастамалардың жасампаз жолына айналды. Бұл туралы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Мамыр, 2021
Біртанов қашып кете ме? Экс-министр мен туыстарының шетелде жылжымайтын мүлігі бары анықталды
Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов тергеуден қашып кетуі мүмкін. Осылай деген прокурор оны қайтадан үйқамаққа алып, жұмысқа шығармауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
06 Мамыр, 2021
Түркістан облысында сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім директордың қызы болып шықты
Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орысша сөздерді ежіктеп оқитын мұғалім балаларға орыс тілі пәнінен сабақ беріп келген. Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №1 мектепте жұмыс істейтін мұғалім тестілеуде шекті балды әрең жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы жергілікті телеарна хабар таратты.
06 Мамыр, 2021
Алматылық азаматтың вакцинадан қайтыс болғаны рас па?
Вакцина алған соң қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Мамыр, 2021