Редакция таңдауы
Алматылық азаматтың вакцинадан қайтыс болғаны рас па?
Вакцина алған соң қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Мамыр, 2021
Теміржолшылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Теміржолшылар ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, осы жылдың бірінші тоқсанында темір жол төсеміне жақын жерде тұратын тұрғындар арасында темір жолдарда болу қаупі туралы 840-тан астам алдын алу әңгіме өткізді.
06 Мамыр, 2021
Батыс Қазақстанда блок-бекеттер орнатылды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының таралуы жыл басынан бері тек қана ұлғайып келеді. Мамандар эпидемиялық жағдайдың жақсармай отырғанына алаңдаулы. Өңірде мамыр айының 1-інен бастап тұрғындардың еркін жүріп-тұруы қатаң шектеліп, блок-бекеттер орнатылды.
06 Мамыр, 2021
Ауыл шаруашылығы тәп-тәуір дамыған өңірде төрт түлік малдың басы жылдан-жылға өсіп келе жатқанымен, еттің бағасы күйіп тұр. Қымбатшылықтың орын алуына не себеп?
06 Мамыр, 2021
Соғыс жайлы сөз қозғалса, жусанның иісі келеді мұрыныма. Қарның ашқанда танауыңды тигізіп бір жұтып алсаң, жетіп жатыр, денеңе қайта күш біткендей жігерленесің. Біздің ауылдың іргесінде көп өсетін. Жалғызынан айырылған ананың көз жасына суарылып, сүйгенінің аманатындай жол қараған сұлудың жан қалтасында жүретін. Ауыл балалары әкелерін сағынғанда қырға шығып, айнала шауып, үстіне әрі-бері аунап, киімінен күні бойы жусан аңқып тұрады. Сонда ата-әжелер әкелерін неміс өлтірген немерелерінің екі бетін кезек-кезек шөпілдетіп сүюші еді.
05 Мамыр, 2021
Екі жыл бұрын жарыққа шыққан «Қағаз үй» (Money Heist) испан телесериалының алғашқы шығарылымы көрермен жүрегін лезде жаулап алды. Асыра айтқандығымыз емес, расы солай. Батыл да қызуқанды мінезімен танылған сериал кейіпкерлерінің бейнесі билік озбырлығы мен капиталистік құрылғыға қарсы тұрудың жаппай мәдени символына айналды. Сериалдың мамыр айында шығатын жаңа маусымын тағатсыздана күтіп отырғандар көп. Осынау фильмнің сәтсіздігі мен сәттілігінің құпиясы қандай?
05 Мамыр, 2021
Кеңес Одағының Батыры атағы және ол бұйырмаған боздақтар
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерліктері үшін 11 мыңнан астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болыпты. Олардың бір бөлігіне – батыр атағы қайтыс болғаннан кейін берілген. Бірақ батыр атағына лайықты болған талай қаһарман назардан тыс қалған.
05 Мамыр, 2021
Вакцина салдырғаннан кейін вирус жұқтырғандар бар ма?
Елімізде вакцинация қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Мамыр, 2021
Жаяу жүргендерге сыйақы беріледі
Өзбекстанда 10 мамырдан бастап «Салауатты өмір салты» жобасы аясында жаяу серуендеуді ұнататын азаматтарды әрбір 10 мың қадам үшін ақшалай ынталандырып отырады, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Мамыр, 2021
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстандағы 6 - 8 мамыр аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Мамыр, 2021
Тимур Әбілқасымов Мәдина Әбілқасымованың кеңесшісі болды
Экономист Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Мамыр, 2021
Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен келісті
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
05 Мамыр, 2021
Жастар арасында індет жұғу өршіп барады
Мегаполисте жастар арасында індет жұқтыру белең алып барады. Соңғы деректерге сәйкес, жастардың індет жұқтыруы 35,5%-ға дейін көтерілді. Күн сайын індетке шалдығып жатқандар саны 700-ге жетіп жығылады. Көзі ашық дейтін жастарымыздың көпшілігі әлі де пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанын ерен қылмайды. Жалпы, халық бәрін көріп-біліп отырса да, жауапкершілік жетіспей жатыр.
05 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газеті Қазақстан спортшылары қатысқан Олимпиада ойындарында олжа салған оғландарымыз бен әлем чемпионаттарында аты озған спортшылар туралы жазған еді. Ендігі кезекте еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарған балуандарымыз туралы әңгімелейміз. Жалпы, Қазақстан құрамасының еркін күрес шеберлері Азия чемпионатына 1993 жылдан бастап үздіксіз қатысып келеді. Содан бері біздің балуандар Азияның 22 алтын, 26 күміс, 36 қола медалін жеңіп алды.
05 Мамыр, 2021
Досмұхамедов университеті – Атырау өңіріндегі білім және ғылым орталығы
Биылғы оқу жылында Атырау өңіріндегі алғашқы және іргелі оқу орны саналатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өзінің 70 жылдығын атап өтті. Осы атаулы кезеңге орай университетте «70 жылдыққа – 70 нақты жетістік» кешенді бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды. Білім, ғылым, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау саласын қамтыған жоспардың нәтижесінде алға қойған меже орындалды.
05 Мамыр, 2021
Зират көтеру әдебі Алла тағала тіршілік атаулы арасында адам баласын ардақты етіп, ең көркем бейнеде жаратқан. Бұл туралы Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда былайша баяндайды: «Біз, расында да, адам баласын ардақты етіп, көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем еттік» («Исра» сүресі, 70-аят).
05 Мамыр, 2021
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ішінен еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» театр зертханасы ашылды. Зертхананың мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. Зертхана алаңында эксперименттік спектакльдерді сахналау, шетелдік мамандармен шеберлік сағаттарын ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьеса талқылау, жаңа режиссерлермен байланыс орнату және тағы да басқа көптеген тың дүниелерді жүзеге асыру жоспарлануда.
04 Мамыр, 2021
Рухани агрессиядан қалай қорғанамыз?
Қазаққа ақылсымақтарын айтып, жол көрсеткісі келетіндер көбейіп барады. Жөні түзу сөз айтса бір сәрі, адам жағасын ұстататын көзқарастарын көлденең тартатын олардың қоғамдағы белсенді іс-әрекеті өршіп, дауыстары қоғамды жаңғыртып тұр. Айылын жияр емес. Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланып, түрлі деңгейдегі мінбелерде ауыздыға сөз бермей көкейіндегісін көсемси жеткізіп жүрген, кертартпа, кесірлі пікірлерін көлденең тартып кеуде керген бейауыздыларға тыйым салар күн туатын шақ әзірге алыс секілді ме, қалай?
04 Мамыр, 2021
Спутник V вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес Спутник V вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді.
04 Мамыр, 2021
Шабындық пен табындық жер жетпейді
«Бiз мына кең далаға сыймай жүрген жоқпыз, сыйыспай жүрмiз» депті ғой Ғабит Мүсірепов. Қалай дәл айтқан, ә?! Ұлтарақтай жер үшін ауылдасымен қырық пышақ болып жүрген ашкөз жер иеленушілерге қарата айтқан ба деп қаласың кейде. Колхоз, совхоз тарай сала, гектар-гектар жерді рәсімдеп алып, не өзі игермей, не өзгеге бермей отырғандар бар бүгінде. Құжаттарын заңдастырып алған соң оларға жергілікті билік те ауыз аша алмақ емес.
04 Мамыр, 2021