Редакция таңдауы
Жол жағдайы көпке дейін Маңғыстаудағы өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Бірақ соңғы оншақты жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар өңірдің жол сапасын едәуір жақсартты. «Қазіргі таңда көлік жолдарының 80%-ның сапасы жақсы және бұл көрсеткіш көптеген аймақпен салыстырғанда көш ілгері» дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандары.
30 Наурыз, 2021
«Қазақстан алюминийі» АҚ-на қарасты Торғай боксит кен басқармасының жұмысы тоқтады. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі өзге жұмыспен қамтылған. Енді бір бөлігі бұрын өндірілген отқа төзімді сазды тиеп жөнелту, техника мен жабдықтарды демонтаждау және күзету шараларын атқара бермек.
30 Наурыз, 2021
Індеттен арылудың жолы – екпе салдыру
Аты жаман індеттің үшінші толқынының ел аумағында таралуына байланысты Шымкент қаласында карантин ережесі 12 сәуірге дейін ұзартылды. Әсіресе наурыз айының бел ортасынан бастап шаһарда коронавирус індетін жұқтырғандар саны арта түсті. Бір ғана мысал, 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 25, белгілері жоқ – 20). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.
30 Наурыз, 2021
Ілкіден жалғасып келе жатқан ізгілікті салт-дәстүрдің меңзер мәні аз емес-ау. Тек соған көңіл бөлмейтініміз ғана өкінішті.
29 Наурыз, 2021
Жаннұр – Қытайдың үздік шетелдік студенті
Жақында Қытайдың бірқатар агенттігі «Жылдың үздік шетелдік студенті» анықталғаны туралы хабар таратты. Анықтай келе биылдың үздік студенті ретінде сол жақта білім алып жүрген қазақстандықтың таңдалғаны мәлім болды. Оған қоса, Жаннұр Ниязбекова – университет президентінің арнайы стипендиясының иегері. Топ жарып, көш бастаған отандасымызды іздеп, әңгімеге тарттық. Ол шетелдегі студенттік өмірі мен аталған жүлдеге қалай ие болғанын айтып берді.
29 Наурыз, 2021
Қамбаштан су «қашып» барады...
Жуырда сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп және Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына Сыр бойындағы су тапшылығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
29 Наурыз, 2021
Көлік салығын төлеудің қолайлы әдісі
Көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті осы төлем түрін алғаш рет e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына енгізіп отыр, яғни барлық жүйе цифрландырылды. Енді көлігі бар көпшілік үйден шықпай-ақ смартфон арқылы көлік салығын төлей алады.
29 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шаралары күшейтілді
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
29 Наурыз, 2021
COVID-19: Әлемдегі ахуал тұрақсыз
Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
29 Наурыз, 2021
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 30 наурыз - 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Наурыз, 2021
Суэц каналындағы контейнер кемесі шығарылды
Әлемдегі ең маңызды сауда жолдарының бірінде апта бойы тұрған алып кемені құтқарушылар орнынан қозғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Наурыз, 2021
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада ұлт руханияты үшін бағалы туынды – ескі жазба тілінде (қадымша) осыдан жүз отыз жыл бұрын жарық көрген сұлтан Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабының қазіргі әріпке түсірілген аударма нұсқасының тұсауы кесілді. Бұл шараға, Парламент Мәжілісінің депутаттары және тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
29 Наурыз, 2021
Тату көрші, стратегиялық әріптес Қытаймен қарым-қатынасымыз туралы
Кейінгі кезде қоғамымызда Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың қажеттілігіне, екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігіне күмән білдіріп жүргендердің дауыстары қаттырақ естіліп жүр. Олардың бір бөлігі «саяси егемендігіміздің жоғалу қаупін» айтса, басқасы еліміздің «Қытайға экономикалық тәуелділігі» туралы сөз қозғайды. Көп жағдайда қауесет әңгімелер ақпараттың жеткіліксіз болуынан немесе берілген ақпараттың бұрмалануынан туындайды.
29 Наурыз, 2021
«Бәйтерек» агроөнеркәсіпке «ауыз салды»
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіп кешенін қаржылық қолдаумен айналыса бастайды. «ҚазАгромен» қосылған соң холдингтің құзыреті осылайша кеңейді.
29 Наурыз, 2021
Тасқопадан Сармат көсемі табылды
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен жылдың жазында Темір ауданы Тасқопа елді мекенінен 2 шақырым жердегі «Тасқопа 1» қорымынан табылған сармат көсемінің қалпына келтірілген бейнесі қойылған арнайы зал ашылды. Б.з.д. V ғасырға жататын сармат тайпасы көсемінің обасы биіктігі 3 метр, диаметрі 40 метрге жуық қорғанды қазу кезінде табылды.
29 Наурыз, 2021
90-жылдары публицистикалық кітап жариялаған Шерхан МҰРТАЗА: «Күнбе-күн тіршілігімізде кездесетін кейбір келеңсіз көріністердің ең сорақысы сол – біреу барлық қоғам ісіне, өзіне сеніп тапсырған жұмысқа жанын салып, пәруана беріліп, күш-жігерін, білімін аямайды. Енді біреу бар: жабыға зерлі жабу жапқандай, бірақ қанша жабуласа да топастығы мен тоғышарлығы сойдиып көрініп тұрады. Жұмысқа деген қабілеттілігімен емес, адал іскерлігімен емес, жағымпаздығымен амалдап жүрген адамдарды қолдап, жылы жебейтін кейбір басшылар екі есе кінәлі. Адамды адам еңбегіне, қабілетіне қарай бағалайтын әділ принцип сәл бұзылған жерден ырың-жырың, берекесіздік басталады» деп жазды. Қаламгер өзі өмір сүрген қоғамдағы күрделі де зиянды құбылысқа жұрт назарын аударып, осылай дабыл қаққан еді.
29 Наурыз, 2021
Хуситтер Сауд Арабиясындағы мұнай объектілері мен әскери аумақтарға шабуыл жасауда. Сауд Арабиясы үкіметі Йемен хуситтеріне жауап қайтаратынын мәлімдеді.
29 Наурыз, 2021
Саулық сақтандырылудан басталады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында Қордың 2020 жылы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға қойылған жоспарлары туралы баяндады.
29 Наурыз, 2021
Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра
Ең алдымен «дәстүр» ұғымының басын ашып алайық. «Дәстүр» – иран-парсы тілінен кезінде қазақ тіліне енген сөз. Ол латын тіліндегі «традиция» сөзіне, қазақтың «салт» деген сөзіне баламалас. Бұл сөздердің мағынасы біркелкі – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отыратын өмір сүру құндылықтары, қағидаттары, қалыптары, ережелері, яғни бұрынғылардың кейінгілерге, олардың «еншісі» (арапша «мирас») ретінде, беретін күнделікті тіршілікте қолданатын өнегелілік, тәрбиелік, рухани маңызға ие игілікті де ізгілікті дүниетанымдық ойлары, сөздері және іс-әрекеттері. Қазақтың «салт-дәстүр» деген сөзі осы жерден келіп шығады.
29 Наурыз, 2021
Мутацияланған коронавирус немесе Алматыдағы ахуал неліктен нашарлады?
Соңғы күндері «қызыл аймақта» тұрған мегаполистің эпидемиялық ахуалы қайта нашарлап, індет өрши түсті. Оған қоса қалада вирустың тез жұғатын британдық және оңтүстік африкалық штамдары тіркелді. Сенбіден жексенбіге қараған тәулікте індет жұқтырғандардың саны 500-ден асып жығылуы қала билігін жаңа шаралар қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Осы орайда Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
29 Наурыз, 2021