Редакция таңдауы
«Қызыл аймақтағы» төртінші тоқсан
Батыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясының таралу деңгейі жоғары болғандықтан, мектептерде төртінші тоқсанның сабақтары күшейтілген сақтық режімінде басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Махамбет Досмұхамбетов: Медицина саласының жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, емханалар мен ауруханалардың басшылары жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отыр. Әкім мұндай пікірді өңірдегі денсаулық саласының жұмысы талқыланған жиында білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы екпенің оразаны бұзбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.
02 Сәуір, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі депутаттың сынына жауап берді
Ирина Смирнованың жолдаған депутаттық сауалында бірқатар түсінбеушілік бар, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.
02 Сәуір, 2021
Қос дзюдошымыз да екінші айналымнан аса алмады
Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның 14 балуаны бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 01 сағат 20 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Елімізде бір күнде 2077 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 2077 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Сәуір, 2021
Бір күні ерлі-зайыпты шымшықтардың ұясында ұрыс шығып шоқысып қалыпты деседі. Олардың күңкілдесіп жатқанын аң мен құстын тілін түсінетін Сүлеймен патша есітіп тұрды. Ұрғашы шымшық «күйеуінің» айтқанына көнбей, қашып жүрген көрінеді. Сонда кіжініп тұрған еркек шымшық жүндерін күдірейтіп: «Егер мен қаласам, Сүлеймен патшаның сәлдесін шешіп алып, теңізге лақтырып жіберем. Сен маған қарсы келетін кімсің?» деп айқайға салып жатыр дейді.
02 Сәуір, 2021
Бауырлас елдер ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Бүгінгі таңда геосаяси жағдай жаһандық деңгейде де, аймақтық контексте де тұрақсыз, сондықтан тиімді аймақтық ынтымақтастықты қамтамасыз ету туралы мәселе өзекті болып қала береді. Бұл үшін барлық түркітілдес мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы байланыстардың қазіргіден де жоғары деңгейге көтерілуі өте маңызды.
02 Сәуір, 2021
Көкшетаудың көшбастаушы кәсіпорны – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тұңғыш бірлескен жоба
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 22 қыркүйегінде өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тұңғыш бірлескен жоба – Көкшетаудағы «Қазақстанның Агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің болашағына зор сенім білдірген болатын.
02 Сәуір, 2021
Күнгейде дала жұмыстары басталды
Көктем ерте келетін Күнгейде жер өңдеу жұмыстары басталып кетті. Жыл басы – Наурызда жер жыртып, тұқым сепкен диқандар жаздың соңы, күздің басында мол өнім жинаймыз деген ниетте.
02 Сәуір, 2021
Науқасты аяққа тұрғызатын ғалым
Өз заманынан оза туған Абай қазаққа «ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғұлама туралы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді», деген еді. Иә, ғылым – қуатты күш. Осыны тереңнен түсінген елдер әрдайым ғылымға көңіл бөліп отырады, салаға көлемді инвестициялар салып, тұрақты дамуын әрдайым назарда ұстайды. Бұл тұрғыда Қазақстанның да отандық ғылымға деген қолдауы мен саланы ілгерілетуге бағытталған шаралары өз жемісін беріп келеді. Көбіміз бағамдай бермейтін тәуелсіздіктің тағы бір табысы – тоқырау жылдарындағы және одан кейінгі қиын-қыстау кезеңге қарамастан отандық ғылымды сақтап қалуымыз. Бүгінде қазақстандық ғалымдар әлемдегі ірі мемлекеттердің мамандарымен иық тіресе алатын әлеуетке ие. Бас басылым тұрақты түрде шығарылып отыратын «Ғылым» беті арқылы отандық ғылымның әрбір оң қадамын қалт жібермей, қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін ұдайы насихаттап келеді. Осы жолы да «Egemen Qazaqstan» газетін сәуір айында отандық ғылымның тәуелсіздік жылдарында ашқан жаңалықтарымен, ғылымдағы жаңа есімдермен таныстырмақ.
02 Сәуір, 2021
«Қызыл аймақтағы» өңірдің бірі – Атырау. Қазір мұнда коронавирус инфекциясының қайта көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, таратпау мәселесі қайта пысықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ демеуші компаниялардың көмегімен қауіпті вирусты инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қажетті жабдықтар сатып алыныпты.
02 Сәуір, 2021
Бозоқ қалашығы (Еуразиялық кеңістікте орналасқан елорданың ежелгі тарихы)
Елорданың батысы «Үркер» шағын ауданының солтүстік ірге қапталында Бозоқ қалашығының табаны жатыр. Бұл нысанға 1999 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен танымал археолог Кемел Ақышев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік ғибадатханасы, ортағасырлық қалашық қыпшақ мұрасы, Алтын Орда кезеңінің қорымы анықталған болатын.
02 Сәуір, 2021
Цурцумия қырқында қамал ала ма?
Сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Токиода жалауы желбірейтін Жазғы Олимпия ойындарына жолдама беретін Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Алатау баурайында ұйымдастырылатын балуандар бәсекесінде күрестен Жапониядағы дүбірлі бәсекеге соңғы лицензиялар сарапқа салынады.
01 Сәуір, 2021
Осыдан дәл 125 жыл бұрын, яғни 1896 жылдың 6 сәуірінде Грекияның астанасы – Афина қаласында қазіргі замандағы тұңғыш Олимпия ойындарының шымылдығы түрілді. Ол уақытта алқызыл алау тұтанбайтын, ант берілмейтін, алтын медаль тапсырылмайтын, жалпы-командалық есептегі жағдай да есепке алынбайтын... Міне, осылай тізбектей берсек, о замандағы мен бұ замандағы жаһандық доданың арасында алшақтық тым көп-ақ.
01 Сәуір, 2021
Айтұрған Темірова: Кез келген актер тұлғаны бейнелеуді армандайды
Кезінде Айтұрған Темірованы Батыс журналистері бұрын Кеңес Одағының Джина Лоллобриджидоға теңесе, қазақтар өзіміздің Әлия деп бауырына басты ал бауырлас қырғыз халқы біздің Айтұрған-Әлиямызды қырғыз киносының ханшайымындай алақанына салып отыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаров мерейтой иесін арнайы құттықтаса, біздің Мәдениет министріміз Ақтоты Райымқұлованың қазақ халқының атынан білдірген жүрекжарды лебізін Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің өкілдері салтанатты жағдайда табыстады. Өткен аптада ғана шығармашылығының жарты ғасырлық мерейтойын тойлаған Айтұрғанмен кездестік. Арадағы әңгіме кино әлемінде қазақ пен қырғыздың еншісі бөлінбеген кездердегі естеліктерімен жалғасты. Ол қазақ тарихына қатысты жаңа жобаларда өзін көргісі келетінін де айтып өтті.
01 Сәуір, 2021
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы 2-тур ойынында сырт алаңда Украина құрамасымен жолығып, алғаш рет тең ойнады.
01 Сәуір, 2021
Өз заманынан оза туған Абай қазаққа «ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғұлама туралы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді», деген еді.
01 Сәуір, 2021
Шығыста тұңғыш рет карикатура, шарж көрмесі өтті
Мұндай көрме бұрын-соңды Шығыста болмаған. Бүгін 1 сәуір – күлкі күніне орай Өскемендегі А. Пушкин атындағы кітапханада «Езу тартар» атты шарж, карикатура көрмесі өтті.
01 Сәуір, 2021