Редакция таңдауы
Көлік жүргізушілері бүгіннен бастап жеке куәлікпен жүре алады
Бүгін, 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Қостанайда кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов короновируске қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында полиция департаменті бастығы, Әулиекөл мен Меңдіқара аудандарының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Бублик пен Голубев жарыстың басты фавориттерін ұтты
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті. Өкінішке қарай, жекелеген сайыстарда сынға түскен Қазақстанның бірде-бір теннисшісі төртінші кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті
Петропавл қаласында жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысушы жасырынбақ болып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Шымкентте өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысына 4,2 млрд теңге қарастырылған
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде дәстүрлі тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті. Қала әкімі бұл жолы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, бағаны реттеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Әлем елдерінде эпидемиялық ахуалдың беталысы қалай?
Қытай Жаңа жылын тойлау биыл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді бұза отырып өткізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
«Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы жүзеге асырылады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай облыстық басқармалар мен салалық мекемелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
2021 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойыншакоронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Өткен тәулікте 1341 науқас індеттен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1341 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 200964-ке жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 920 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Әлішер Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
12 Ақпан, 2021
Ермек Алпысов қызметінен босады
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
«AsiaCredit Bank» АҚ-ның лицензиясынан айырылуы банк секторына қалай әсер етеді?
12 ақпан күні қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «AsiaCredit Bank» АҚ-ны лицензиясынан айыру туралы шешімін жария етті. Банк пруденциялық нормативтерді және лимиттерді жүйелі түрде бұзған. Агенттіктің бірнеше мәрте ескертуі және талап етуіне қарамастан банк клиенттер алдындағы міндеттемесін орындамаған.
12 Ақпан, 2021
Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Ақпан, 2021
М.Мақатевтың туғанына 90 жыл: Миллион кімге бұйырды?
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Есіңе мені алғайсың» атты республикалық онлайн байқауда Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Еркежан Төлеубек жеңімпаз деп танылып, бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңгені еншіледі.
12 Ақпан, 2021
Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
Бірде «Дұрыс болған екен...» Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов стол басында жұмыс істеп отырған кезде де қасындағы телефонның құлағын көтеріп сөйлесе береді екен.
12 Ақпан, 2021
Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды. Сондай Мұқаңмен дәмдес-тұздас, сырлас-мұңдас болған адамдардың қаншалық қатары сиресе, ақын туралы естеліктер де соншалық сарқыла бермек. Сол себепті жылт еткен естелікті елемей өте алмаймыз. Мұқаңның әруағын асырып, аспандатып жіберген, поэзиялық портреттің авторы ауылдас ағамыз екенін елден естігенде қуанғаннан құрақ ұштық.
12 Ақпан, 2021
Таза ауыз су ішкеннің денсаулығы мықты
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстанның тәуелсіздік алған 30 жылының бойында күн тәртібінен еш түскен емес. Халықтың денсаулығын сақтауда ауадан кейінгі қажеттілік – ішетін судың таза болуы екені әлімсақтан белгілі. Обалы нешік, Үкімет бұл іске ақшаны аямай-ақ бөліп келеді. Бірақ бірізді және бір жүйеге қатаң түсірілген бақылаудың жоқтығынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге ақсап тұр. Жасыратыны жоқ, кейбір шенеуніктер бұл істің толық аяқталмауын да қалайтын сияқты. Өйткені қаржы бөлінген жерден ебін тауып ақша ұрлауға болады. Ондайлардың ұсталып, сотталып жатқандары да белгілі. Бірақ ұсталмай жүргендері де аз емес екенін сеземіз.
12 Ақпан, 2021