Редакция таңдауы
Инфрақұрылым деректері цифрлануда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер қатынастарын цифрландыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ Президент аумақтық және кеңістіктік дамыту тәсілдерін қайта құруға назар аударған-ды.
28 Қаңтар, 2021
Кітап оқитын, жазу-сызумен айналысатын кез келген адамның басында қарға туралы біраз мәлімет бар. Ал дәл сол қарғаға қатысты ондаған мақал-мәтелді қарға тамырлы қазақтың көбі білетініне күмәніміз жоқ.
28 Қаңтар, 2021
Қаражат тарта білу де бір өнер
2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында тікелей салынған шетелдік инвестиция көлемі 2019 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 49 пайызға қысқарған. Шетелдік қаржының шорт кесілуіне коронавирус зардабы басты себеп болды.
28 Қаңтар, 2021
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Өз хаттарының бірінде Кафка қонақүйдегі бөлмесінен қандала тауып алғаны туралы жазады. Сонда оның қоңырауына алып-ұшып келген үй иесі сұмдық таңғалып, бүкіл қонақүйде бірде-бір қандала көрінбейтінін айтыпты. Ол неге нақ осы бөлмеде пайда болды? Бәлки, бұл сұрақты Франц Кафка өзіне қойған шығар. Бөлмесіндегі қандала – оның ішкі мені сияқты. Яғни Кафканың қандаласы: бөтен емес. Осы бір оқиғадан кейін автор санасында «Құбылу» романының кейбір үзіктерін шырамыта бастаған болар.
28 Қаңтар, 2021
Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсенованың туындылары бесіктегі баласының болашағына алаңдаған Ана табиғаты арқылы бүкіл адамзаттық құндылықтарды, ұрпақ пен ұлт, өмір мен өлім арасындағы экзистенциалдық мәселелерді қозғайды. Әрине, мұндай кең мағыналы, терең тамырлы ой толғау үшін авторға қазақтың ғана емес, әлемдік руханияттағы арғы-бергі асыл қазыналарды ақтарып-төңкеретін, оларды игеретін ынта мен мақсат, ең бастысы телегей-теңіз білім керек. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен жете танысқан жазушы Ш.Бейсенова отбасымен қатар қоғамда әйел затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар екендігін әрбір әңгімесінің темір қазығы етіп, Әйел-Ана табиғатының тылсым сырларын, құпия қалтарыстары мол болмыс-бітімін шебер бейнелеуге бейім.
28 Қаңтар, 2021
Күрделі операциялар да қолдан келеді
Елордадағы Президенттік клиникада медицина ғылымдарының докторы, урология және андрология орталығының жетекшісі, «Ресей Федерациясының Мемлекеттік ғылыми орталығы – А.И.Бурназян атындағы Федералды медициналық биофизикалық орталық» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің урология және андрология кафедрасының профессоры, уролог Павел Кызласовтың үрпі және ермүше хирургиясы бойынша айлық шеберлік сыныбы өтіп жатыр.
28 Қаңтар, 2021
Полиция қызметіне серпіліс әкелетін модель
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында құқық қорғау органдары жұмыстарының озық әдістерін пайдалануының маңыздылығын атап өтті. Осы орайда «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын енгізу оның модульдік бекеттері желісін дамыту, полицияның жаңа учаскелік пункттерінің орналасуын оңтайландыру, бейнебақылау жүйесін дамыту, сондай-ақ «икемді» патрульдеу әдісін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бұл бағытта өте белсенді жұмыс жүргізілуде.
28 Қаңтар, 2021
Теңсіздікті жоюдың тиімді тәсілі
Биыл 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) күшіне енеді. Сарапшылардың пікірінше, аталған кодекстің қабылдануы мемлекет үшін маңызды оқиға. Себебі жаңа кодекске бірқатар жаңашылдықпен қатар, материалдық және процедуралық тұрғыдан тиімді нормалар енгізілген.
28 Қаңтар, 2021
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Бүгін, 27 қаңтар күні Алматы қаласында «Menin Armanym» корпоративтік қорының тоқсандық жұмысына арналған пресс-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
Алматыдағы коронавирус бойынша эпидемиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқарып жүр ме?
Жоғары оқу орындары ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның бүгінгі жалпы отырысында айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
АҚШ Құрлық әскерлері қызметкерлерінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды өзгертуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
Шымкент циркі жануарлардан бас тартпайтын болды
Шымкент циркінде жануарлармен өнер көрсету тоқтатылады деген ақпарат жалған болып шықты. Цирк әкімшілігінің айтуынша, ақпарат таратуда түсініспеушілік орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы тағайындалды
АҚШ Сенаты мемлекеттік хатшы лауазымына Энтони Блинкеннің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қанат Маратұлы Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
27 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда үй ішіне газ орнату құны 30%-дан астам арзандады
Нұр-Сұлтанда үй ішіне тікелей газ орнату құны 30%-дан астам төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
27 Қаңтар, 2021
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
27 Қаңтар, 2021
Қырғызстанда экс-премьер ұсталды
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қаңтар, 2021
Қытайдың Африкадағы «қаржы қармағы»
«Жұт жеті ағайынды» демекші, коронавирус пандемиясы әлемді бірқатар қиындыққа душар етті. Індет салдарынан көптеген жұмыс орындары жабылып, қызмет көрсету салалары үлкен шығынға ұшырады. Бұдан бөлек, Covid-19-ға қарсы вакцина әзір болғанымен, оны жеткізу, тасымалдау мәселесі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында коронавирустың теріс әсерлері туралы сөз қозғалады. Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер коронавирусқа қарсы вакцинаны егуде кезігетін қиындықтарды этикалық тұрғыда талдайды. Оның айтуынша, екпе бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының мамандарына салынуға тиіс. Бұған талас жоқ. Алайда екінші кезекте кімдерге вакцина егілуі керек? Мақала авторы бұл мәселеге этикалық тұрғыда қарауды ұсынады. Яғни тізімді түзер кезде қария кісілерді ғана емес, нәсілдік және этностық ерекшелікті де ескеру қажет. Queen Mary университеті Жаһандық саясат институтының халықаралық экономика профессоры Паола Субачки коронавирус пандемиясы Африкадағы кедей мемлекеттерге ауыр соққы болды деп есептейді. Мақала авторының айтуынша, Бейжің билігі «қара құрлықтағы» дамушы елдерге шарттары қатаң несиелерді көптеп беріп, оларды қармағына түсірді деп жазады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
27 Қаңтар, 2021
Вакцинаны бөлу мәселесі «бас қатырып» тұр