Оқи отырыңыз
Сұлулыққа мұнша құштар болармысың, дүние! Орыс қызының теңіз жанары тағы да алдымыздан шықты. Көңілге іңкәр бейнесі күлімсіреп қарап тұр. Маған, сізге, оған... бәрімізге бірдей көзқараста. Оның келбетіне ұзақ үңілген сайын қымсынамыз. Құдды, өзіне сонша сүйсінгенімізге өкпелейтіндей.
05 Наурыз, 2021
Ардана есімді ару қыз ұшқыш болуды жасынан армандаған екен. Бала кезінде техникалық тақырыптағы журналдардың бірінен көрген «МиГ-29» әскери ұшағының суреті әсершіл жастың болашақ тағдырына тікелей әсер етеді деп кім ойлаған?..
05 Наурыз, 2021
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары шетелдік жанкүйерлердің қатысуынсыз өтуі мүмкін. Бұл туралы Жапонияның үкімет мүшелері Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшылығымен өткізген жиында мәлімдеді.
05 Наурыз, 2021
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Наурыздың 9-ы мен 11-і күндері Алатау бөктеріндегі «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында елімізде тұңғыш рет фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді.
05 Наурыз, 2021
Түркістанда өтіп жатқан футболдан Қазақстан Суперкубогының финалына шыққан командалар белгілі болды.
05 Наурыз, 2021
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық академиялық кітапханада балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңірлерден келген шығармашыл балалармен кездесу өткізді.
05 Наурыз, 2021
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Медбике Ләззат Илиясқызын ауылдағы ағайын «Алтын қолды батыр апай» деп атайды екен. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені кейіпкеріміз қазір тарихқа айналған Ауған соғысына қатысыпты. Одан кейінгі еңбек жолы ауылдағы ауруханада жалғасып, қатардағы медбике болып зейнетке шыққан. Әлі де қатардан қалмай, денсаулық күзетінде жүр.
05 Наурыз, 2021
Мұнайлы өңір жұртшылығы Жібек Бисенованы іздейді. Тіпті оны жанашырындай көріп, көмек сұрайтын жандардың қатары көбейді. Неге? Өйткені ол – еңбек жолын 40 жыл бұрын медицина саласында бастаған дәрігер. Ал соңғы 20 жылдан бері «Болашақ К» қоғамдық қорын басқарады. Мақсаты – медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың құқықтық сауатын жетілдіру.
05 Наурыз, 2021
Көкшеге көктем кеш келеді. Наурыз айы туса да бет шымшитын аяз бар, сырғыма жүріп тұр. Алға басқан қадамыңды долы жел кері итереді. Жетім тоқтының жабағы жүніндей тұтасқан ала бұлттың арғы жағынан күннің көзі күлімдейді. Шапағатын төккісі, мейірімімен мейіріңді қандырғысы келетіндей.
05 Наурыз, 2021
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Құбылмалы еңбек нарығы жағдайында қыздар қауымы бәсекеде білім мен кәсіби дағдылардың теңсіздігіне тап болады. Мәселен, ғылым, технология, инженерия және математика салалары (STEM) бойынша оқыған түлектер арасында әйелдердің үлесі әлемде 15%-дан аспайды. Осынау қиында қызықты салада өз мүмкіндіктерін дәлелдеп, еңбек етіп жүрген қазақ қыздары Ақмарал Әбдиева мен Мәриям Тілеухан Лондонда тұрады. Олар кәсіби және тұлғалық даму бағытында кеңес беретін Mata.it жобасының бірлескен авторы.
05 Наурыз, 2021
Жарты ғасырдан астам еліміздің білім саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тамара Шакирова зейнет жасына қарамастан, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. Қай кезде де ұрпақ тәрбиесі, сапалы білімді ұстаным еткен ұстаздың мақсаты – еліміздің болашағына қызмет ететін кәсіби мамандарды тәрбиелеу.
05 Наурыз, 2021
Ғылым жолы – ауыр жол. Себебі бұл асқан ыждағатты, зор ықыласты, сарқылмайтын күш-жігер мен мықты миссияны қажет етеді. Ал осындай жауапты жолды таңдау әйел қауымына жауапкершілік жүгін екі есе ауырлатқанмен бірдей. Содан да болар әлемнің бірқатар мемлекетінде ғылымдағы әйелдер саны аз. АҚШ, Еуропа және Аустралияның 38 еліндегі 541 университет пен ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған мәліметтер негізінде зерттеу жүргізілді. Cell Stem Cell ғылыми журналында жарияланған зерттеу қорытындысына қарағанда, доценттердің 42 пайызы, толық деңгейлі профессорлардың 23 пайызы ғана – әйелдер. Бірақ Қазақстанда соңғы уақытта ғалым әйелдердің қатары көбейіп келеді.
05 Наурыз, 2021
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Елімізде әліпби реформасының жүзеге асқанына да жүз жылға жуықтапты. Ал бірде даулы, бірде шешімін тапқандай болған латын әлипбиіне көшуге қатысты мәселеде күні бүгінге дейін бір тоқтамға келе алмай жүрген едік.
05 Наурыз, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазанда латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі Жарлығы шықты. Осы тапсырманы орындау аясында Ұлттық комиссияда әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.
05 Наурыз, 2021
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.
05 Наурыз, 2021
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Аппақ, мөп-мөлдір зәмзәм суын құйған күміс тостағандай Жөкей көлі жаз бойы майда толқындары бірін-бірі қуып, жағалауға асығып, тебірене тербеліп жатар еді. Бала кезінен осы төңіректі аралап, көгілжім сағымға бөккен, тойған қозыдай томпайып жатқан сансыз адырлардың арғы бетінде не бар екен деген қызығушылықтан арыла алмайтын.
05 Наурыз, 2021
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Табиғаты қатал теріскей өңірінде туып-өскен Римма Дауренбекова өсімдіктер әлеміне жастайынан құмар болды. Бала кезінде көздің жауын алатын әдемі гүлдерді өсіруді серік етті. Содан болар, жастайынан агроном болуды армандады.
05 Наурыз, 2021
Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ләззат Төлеуғалиева – Қарағанды облысы бойынша құтқарушылар қатарындағы азаматтық қорғау полковнигі шенін алған тұңғыш әйел. Нәзік жанды жаратылыс иесінің мұндай дәрежеге жетуінің түп-тамырында түрлі сыннан сүріндірмей алып шыққан тектіліктің болмауы мүмкін емес деген ойға еріксіз беки түсесіз.
05 Наурыз, 2021