Оқи отырыңыз
Атбасарға ат басын бұрған көзіқарақты жолаушы ұлт тарихы көркем бейнеленген көрнекті жазушы, Алаш мұрасының жанашыры Ілияс Есенберлиннің әдеби музейіне соқпай өтпес еді. Шағын қалаға рухани шырай беріп тұрған да осы музей. Тірнектеп жинаған жәдігерлерден қайсар рухты қаламгердің жанкешті еңбегі жарқырай көрініп тұрғандай.
12 Желтоқсан, 2024
Татьяна ТАРСКАЯ: «Жолшыбай» рөлдер болған жоқ
Жаңа қойылымдарды жібермейтін алматылықтар үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарскаяның есімі бөтен емес. Өнерде жолы болған, отандық сахнада өзіндік орны бар, талай актриса тек армандап өткен рөлдер бұйырған тұлғаны танымайтындар кемде-кем десек те болады.
12 Желтоқсан, 2024
Үміткерлердің есімдері белгілі
Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше аталымда үміткерлердің есімін жариялады. Тізімде мына ойыншылар мен жаттықтырушылар бар.
12 Желтоқсан, 2024
Ақтаулық оқушылар Артем Ахметханов пен Мәдина Абдулла төрт түлікті жоғарыдан бақылайтын робот-шопан ойлап тапты. «Кью Агро» деп аталатын құрылғы өзін-өзі қуаттап, адамның көмегінсіз ұша береді.
12 Желтоқсан, 2024
Марқакөл мен Катонқарағай арасындағы тау биігіндегі кең жазықта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, VII-IX ғасырларға жататын жауынгерлер мен жылқылардың жерлеу орындары табылған. Кейіннен сол орыннан табылған қимақ жауынгерінің жаңғыртпасы жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұсынылды.
12 Желтоқсан, 2024
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда педагогтер саны 8 мыңға артқан
Осы және басқа да сандық деректерді Орта білім комитеті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Желтоқсан, 2024
Жыл соңына таман тұрғын үй нарығындағы баға деңгейінде өзгеріс болды. Әрине, әр нарықтағы жағдай әртүрлі. Мәселен, Алматыда соңғы 6 айдағы үздіксіз өсімнен кейін жайлы тұрғын үйлердің жалға алу ақысы 1 пайызға төмендеген. Бұған бірнеше рет болған жер сілкінісі себеп болуы мүмкін дейді сарапшылар. Осы орайда Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтерге де назар аударайық. Статистика бойынша, баспана нарығының барлық сегменті қарашада бірдей өсім (0,4 пайызға) көрсеткен.
11 Желтоқсан, 2024
Жол азабынан құтқарған – «Egemen Qazaqstan»
Биыл Орал қаласын Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен жалғайтын жол толық асфальттанып, қос ауданның халқы талай жылғы жол азабынан құтылды.
11 Желтоқсан, 2024
Өңір дамуына серпін берген жобалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.
11 Желтоқсан, 2024
Сатирик мектебінде мұражай ашылды
Биыл көрнекті ақын, сатира сардары Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толды. Соған орай ашылуына осыдан 40 жыл бұрын қаламгердің өзі ұйтқы болған Алматы қаласындағы №62 гимназияда Шона Смаханұлы атындағы мұражай ашылды.
11 Желтоқсан, 2024
Осыдан үш жыл бұрын «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Ақордада Мемлекет басшысының қолынан 3 миллион теңге грант алған Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Даулетиярұлының есімі өңір ұстаздарының арасында топ жарып тұрғаны хақ. Содан бергі тынымсыз ізденіс пен еселі еңбектің нәтижесінде, Бақытәлі Даулетиярұлы «Қазақстан мұғалімі-2024» байқауында да ұлттық сыйлықтың жеңімпазы атанып, еліміз бойынша үздік деп танылған 10 ұстаздың қатарына қосылып отыр. Жеңімпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ ол алда болатын «Әлем ұстаздары» байқауына қатысуға жолдама алғанын айрықша атаймыз.
11 Желтоқсан, 2024
Айналасына шапағат-шуағын шашып, өз ынтасымен қоғам дамуына қомақты үлес қосып жүрген еріктілердің қатары көбейгені көңіл қуантады. Алматыда осындай қайырымды азаматтардың басын біріктіретін 30-дан аса ұйым бар десек, еріктілердің саны 50 мыңнан асып жығылады екен.
11 Желтоқсан, 2024
35748 әскери бөлімі мергендер взводының сержанты Әсілбек Қарабай Қазақстан Қарулы күштері сержанттарының арасындағы XIV бүкіл армиялық конкурсында жеңімпаз атанды. Бұл жарыста ол «Үздік взвод сержанты» аталымында жеңіске жетіп, батылдық пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісін көрсетті.
11 Желтоқсан, 2024
Шалғай аудандардың тыныс-тіршілігі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов, Шал ақын аудандарының жер көлемі қомақты, соған сай өндірісі, ауыл шаруашылығы, қоғам өмірінің сан саласы жан-жақты дамып келе жатыр. Кейінгі жылдарғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де көз қуантады.
11 Желтоқсан, 2024
Ең үздік команда: «Реал» ма, «Барселона» ма?
2025 жылғы 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та жалауы желбірейтін футболдан клубтық әлем чемпионатының жеребесі Майами қаласында тартылды. Салтанатты шараға АҚШ-тың сайланған президенті Доналдьд Трамп пен оның отбасы мүшелері қатысты. Дүбірлі доп додасында 8 топқа бөлінген 32 команда бақ сынайды. Жүлде қоры 2 миллиард еуроны құрайды. Соның 1 миллиарды жеңімпаз командаға табыс етілсе, қалғаны да несібесіз қалмайды. Жарыс қарсаңында оның тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
11 Желтоқсан, 2024
Ауыл жолдарына асфальт төселді
Жол мәселесі – Жетісу өңірінде де өзекті тақырыптың бірі. Бүгінде алыс ауылдарға апаратын тас жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, облыстық деңгейдегі 200 шақырымға тарта асфальт қайта жабдықталған. Жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 94% жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
11 Желтоқсан, 2024
13 желтоқсан - «Алаштың Ахметі» І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Ө.Ахметтің «Алаштың Ахметі» драмасы ұсынылады. Режиссері – Қ.Қасымов.
11 Желтоқсан, 2024
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі өнер иелері арасында «Саусақ ұшындағы әлем» атты облыстық қолөнер және макет байқауы ұйымдастырылды.
11 Желтоқсан, 2024
Қазақ қыздары Азия чемпионатында 5 алтын, 5 қола жүлде еншіледі
Бокстан әйелдер арасындағы Азия турнирі аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
10 Желтоқсан, 2024