Оқи отырыңыз
Ұйытқи соққан қатты жел Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылында орта мектептің шатырын зақымдаған, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Батыс Қазақстанда бойжеткен үш сіңлісін өрттен құтқарды
Бүгін түнгі сағат 02:12-де облыстық Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Доллардың бағасы күн санап өсіп келеді
Елімізде доллардың бағасы күн санап өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Полиция жоғалған жылқыларды табуға көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Новоандреевка ауылының тұрғыны полицияға үйінің қасында байлаулы тұрған құлынды биесінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Өзі екі күн бойы іздесе де малынан еш дерек таба алмай, амалсыздан полицияға жүгініпті, - деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті
Павлодар қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қазан, 2020
Нұрлан Ноғаев Шымкент және Түркістан облысындағы бірқатар мұнай-газ-химия объектілеріне барды
Жұмыс сапары барысында Энергетика министрі “Hill Corporation” жағар майлар өндірісі бойынша зауыттың жұмысымен танысты, “Standard Resursis – УглеХим” көмір-химия комбинатын аралады, сондай-ақ метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) және полипропилен ұнтағын өндіру бойынша зауыттың құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қазан, 2020
Ауызсумен қамтылмаған 90 ауылға су құбыры жеткізіледі
Ауызсумен қамтамасыз етілмеген 90 ауылдық елді мекенге су құбыры жеткізіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Үкіметте елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі қаралды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
Үкімет басшысы кәріздік су жүйесіне қатысты бірқатар тапсырма жүктеді
Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, отандық өндірушілердің материалдарын пайдалану қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қазан, 2020
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
Қазақстанда 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастар жайында соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
Қазақстанда бір тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте елімізде 142 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
Өткен тәулікте 91 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда тағы 91 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
«Олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді»
Елімізде самбоға қарағанда, дзюдо спорты, аралас жекпе-жектің алдында әуесқой бокстың мерейі үстем екені белгілі. Өйткені екіншілері төрт жылда бір келетін Олимпия ойындарының дәстүрлі бағдарламасына енген. Сондықтан да олимпиадалық спорт түрлері елімізде кең насихатталады және спорт үйірмесіне баратын жас жеткіншектер Олимпиада чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болғысы келгендіктен Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрін таңдайды. Бірақ соған қарамай, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұқара арасында дәстүрлі емес спорт түрін алға ілгерілетуді алдына мақсат етіп қойған. Жуырда осы ұйымның директоры Әлібек НҰРТАЕВПЕН әңгімелескен едік.
27 Қазан, 2020
Тұрлаусыз уақыт торығуларын жанашыр тірліктер емдейді
Адам тағдыры ұстара жүзінде тұрғандай тұрлаусыз уақытта ізгілікті, махаббат пен достықты, адалдық пен шыншылдықты, ақпейілділік пен дархандықты нығайта түсетін шаралар әрбір адамның жанын жылытады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы күнделікті жұмыс дағдысына айналдырған. Тоқтаусыз тіршіліктің көшінде қоңырқай күй кешкен жандарға бір сәт болса да жылулық сыйлап, жанын жадыратар бақытты сәттермен қуантуға тырысуда.
27 Қазан, 2020
Сіз, махаббат сағызын шайнап па едіңіз?.. Қалайша?.. Өткен ғасырдың эластикті ретро дәмі есіңізде жоқ па?.. Сыртында «Love is...» деген жазуы бар сүп-сүйкімді созылмалы тәтті ше? Тік төртбұрышты келген, қызғылт өңді борықтай жұмсақ зат. Сол уақытта серінің әтіріндей хош иіс төгіп, ерке-сылқымды естен тандырған өрнекті өнім. Бозбала біткен сүйгеніне сыйға беріп, сол арқылы сезімін де жеткізген. Иә-иә, ұяң жігіттің риясыз пейілінің дәнекері десеңіз де болады. Мұндағы қызық сағызда емес, оның қорабындағы сиқырлы суреттерде болып отыр ғой. Біздің де әңгімеміздің сорабы сол еді, негізі.
27 Қазан, 2020
Дағдарыс басталып, бизнес шығындарды қысқартуға мәжбүр болған кезде, жарнама бюджеттері әрқашан бірінші қатарға ілігеді. Алайда бұл үнемдеу сату нәтижелеріне жақсы әсер етпейді.
27 Қазан, 2020
(Жалғасы. Басы 204-нөмірде) Бату бастаған әскер Ока өзенінің бойымен Коломнаға беттеді. Владимирдің ұлы князь Юрий Всеволодовичтің ұлы Всеволод бастап келген қолы Рязань қосындарының қалған-құтқан сілемдерімен Коломнаны қорғамақ болған әрекетінен ештеңе өнбеді. Рязань князі Роман Игоревич өліп, Всеволод шағын қосынымен Владимирге қашып құтылды. Содан кейін моңғол қолы, Джувейнидің айтуынша «М.к.с.» деген қалаға беттеді, орыс ғалымдары «М.к.с.»-тің Мәскеу екеніне күмән келтірмейді. Ол Владимир князьдігіне бағынышты жаңадан салынған қала болғанмен, халқы өте көп еді. Джувейни: «Халқы құмырсқадай, болмаса шегірткедей қаптаған қала еді, айналасы саз балшық және ну орман, орманының қалыңдығы соншалық – жылан жылжып өте алмастай еді. Моңғол патшазадалары қаланы жан-жағынан қоршап, ағаштарды отап шауып, қатарынан үш-төрт арба өтетіндей ғып жол салып, сол жолмен тас ататын қаруларын сүйреп әкелді. Бірнеше күннен кейін қаланың өзі жоқ, аты ғана қалды. Ханзадалар қолға түсіп тұтқын болғандардың оң құлағын кесуге жарлық шығарды. 270 мың адамның құлағы кесілді», деп хикаялайды (Ата-Малік Джувайни. Тарих-и Джахангушай // История Казахстана в персидских источниках. Т.IV. А-ты, 2006. 59-59 бб.). Рашид-ад-диннің мәлімдеуінше: Мәскеуді «бес күнде жермен жексен етті».
27 Қазан, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлердің сүйегі араға жылдар салып елге жеткізілді. Іздеу тобының жұмыстары нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан үш қазақстандықтың есімі белгілі болды.
27 Қазан, 2020
Өзбек шеберлерінің өзгеше өрнегі
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» атты өнер жәрмеңкесі көрерменге жол тартты. Көрме осы жылдың қыркүйек айында дүниеден озған заманауи өзбек суретшісі Анвар Бахтеевтің рухына (1945-2020) құрмет ретінде ұйымдастырылып отыр.
27 Қазан, 2020