Оқи отырыңыз
Алматы облысында мал ұрлығы азайды
Облыс көлемінде өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірде мал ұрлықтарының саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Арқалық құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатады
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын, қуаты жылына 120 млн дана жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар "Агроинтерптица" ЖШС құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған фабриканың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Түркістанда "Егінжай күні" далалық семинар-кеңесі өтті
Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайып, 13 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд тенгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынған. Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жаңа жобалар жайлы "Егінжай күні" атты облыстық семинар-кеңесте кеңінен айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығарды
Елордада қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы бір бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылды
Бүгін елордада № 8 қалалық емхана базасында халыққа психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Шығыс Қазақстанда 293 мыңнан астам адам сақтандырылмаған
Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өткізген тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Елорда полициясы ПИК төрағаларымен кездесті
"Участок" жедел-профилактикалық шарасы барысында елордалық полиция Әуезов көшесі бойынша "Кеңес" ПИК төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Сенатор Әлімжан Құртаев бейсенбі күні пленарлық отырыста аграрлық саладағы ең маңызды мәселелердің бірін көтерді. Сенатор 10-15 күнде егін жинауға дайын отырған Түркістан облысындағы мақта егуші дихандардың қиын жағдайын үкімет басшысына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
"Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолында жөндеу жүргізудің жаңа технологиялары енгізілуде
Көкшетау қаласы арқылы "Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолының 69 шақырымындағы тәжірибе-эксперименттік аумақта "Қазавтожол" ҰК" АҚ "UneedUs" компаниясымен және ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, инновациялық CONFIX материалын апробациялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтан көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша билбордтар ілінген
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
ШҚО-да күре жолды қар басып қалды
Қылышын сүйреген қыс Алтайға келіп те қалды. Бүгін Өскемен – Рахман қайнары, Өскемен – Риддер бағытындағы тас жолды қар басып, көктайғақтың кесірінен көліктер жүре алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Қазақстан мен Украинаның құзырлы органдары бірлескен тергеу топтарын құрады
Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Қағаз жүзіндегі әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді - сенатор
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Палата отырысында Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутат егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты білімнің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателіктерге жол берілетінін де тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Судың жетіспеуінен 36,4 мың тоннадан астам өнім алынбай қалды - сенатор
Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор Жамбыл облысының диқандары көтерген суармалы ағын су туралы мәселені арқау етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Сенатор "Бейнеу-Шалқар" жолының құрылысын "Нұрлы жол" бағдарламасына қосуды ұсынды
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев "Бейнеу-Шалқар" бағытындағы автомобиль жолының құрылысын 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасына қосуды ұсынды. Бұл жөнінде ол Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Сенатор: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту тапшылығы туындауы мүмкін
Сенатор Динар Нөкетаева Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, елімізде дәрілерді тіркеу механизмі күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Сенатор ұлттық электрондық балалар кітапханасы порталын ашуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ашқан Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталындағы цифрландырылған электрондық кітаптардың сапасын сынға алып отыр. Ондағы электрондық кітаптардың 3D нұсқасын оқу қиынға соғады, мәтіндері анық емес, бұлыңғыр, кейбір аудио-кітаптар мүлдем ашылмайды екен, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
"Ауыл – ел бесігі" жобасында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген - сенатор
Сенат отырысында Әли Бектаев Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Өз сауалында сенатор "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру кезіндегі олқылықтар мен осы бағыттағы өзекті проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Сенаторлар шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындық барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020