Оқи отырыңыз
"Білім-инновация" лицейлері мақтааралдық оқушыларға 110 планшет сыйға тартты
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары мен түлектері "Біз біргеміз" акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Бір күннің ішінде төрт қалта ұрлығы жасалды
Елордалық полиция қызметкерлері бір күннің ішінде төрт қалта ұрлығын жасаған 26 жастағы қала тұрғынын "ізін суытпай" ұстады. Аталған жайтты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
25 Тамыз, 2020
2021 жылы даму бюджетінің көлемі 900 млрд теңге сомасында жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды. Отырыс барысында Қаржы министрі Е. Жамаубаев жобаның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2020
Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жинау жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталады
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезіндегі арнайы санитарлық-эпидемиялық талаптар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер А.Есмағамбетовамен бірге бекітілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Қазақстанда келесі жылы зейнетақы мөлшері арта ма?
Алдағы 3 жылда Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Тамыз, 2020
Әлемдегі ең танымал комикс-романдардың бірі қазақ тіліне аударылды
Жетпіске жуық тілге аударылған, балаларға арналған ең атақты комикс-романдардың бірі "Тентек балақайдың күнделігі" ("Wimpy Kid") қазақ тілінде жарық көрді. АҚШ жазушысы, суретші Жефф Кинни жазған бұл кітапты қазақстандық "Steppe & WORLD Publishing" баспасы шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Ақмола облысы мектептеріне 50 ноутбук табыс етілді
Білім саласы қызметкерлерінің облыстық ұйымы жұмыр жерді жайлаған жаман тұмау жан алқымнан алған кезде қашықтықтан оқуға бет бұрған облыс мектептеріне 50 ноутбук табыс етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
ЖІӨ нақты өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжануда — министрлік
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2020
Сандық технологиялар коронавируспен күресте көмектеседі
Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды қалалық ауруханаларға бірдей тарататын орталықтың жұмысын күшейту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
25 Тамыз, 2020
Жақсының жалпақ даласы қызу еңбек дүбіріне бөленген. Аудандағы егістік алқаптардағы пісіп-жетілген ақық дәнді оруға 700-ден астам техника жұмылдырылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
25 Тамыз, 2020
Ақмолада тоғыз мектептің құрылысы жүргізілуде
Жаңа мектептердің салынуы үш ауысымдық білім беру мәселесін шешуге септеспек. Бұл орайда, "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламаларының көмегі мол. Жыл басынан бері білім беру нысандарының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 10 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады
Сыр елінде жыл аяғына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2020
Волонтерлер 150 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетуде
Бүгін еріктілер қарт адамдарға әлеуметтік көмек алу үшін өтініш толтыруға көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
25 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Елімізде 807 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстан бойынша короанвирустан жазылғандардың саны 93405 адамға жетті. Ал өткен тәулікте 807 адам қатерлі індетті жеңіп, жазызып шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Елімізде жыл басынан бері автоХҚО-да 1,7 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми мәліметіне сәйкес биылғы жеті ай ішінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 млн мемлекеттік қызмет ұсынылған.
25 Тамыз, 2020
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері 4 мәрте жемқорлыққа қарсы стратегия енгізілді. Қазіргі таңда елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші стратегия жүзеге асып жатыр.
25 Тамыз, 2020
Осыдан он жыл бұрын сол кездегі Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация құрамында Жапонияда болғанымызда жапондықтардың аузынан естіген мына бір әңгіме есімнен шыққан емес: Аралда тұрып жатқандарына 2-2,5 мың жылдан асқан жапондықтар өздерінің білімі мен ғылымы дамып, қазіргі биігіне көтерілгеннен кейін «біз осы аралға қайдан келдік, біздің туысымыз қай халық» деген сұрақтарға жауап іздейді.
25 Тамыз, 2020