Оқи отырыңыз
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,5%-ға артты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2020
Елордада үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр
Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2020
2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
11 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 287,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 271,1 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
11 Тамыз, 2020
Садақ атаудан әлемдік кубоктың қашан өтетіні белгілі болды
Халықаралық садақ ату федерациясы садақ атудан әлем кубогінің өтетін уақытын белгіледі. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
11 Тамыз, 2020
Жыл басынан бері тауарлар өндірісі біршама өсті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
11 Тамыз, 2020
Орал қаласында тұратын соғыс ардагері Ибат Абдолов ақсақал жақында 95 жасқа толды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері ардагердің үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.
11 Тамыз, 2020
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вирусқа қарсы вакцина салдырды. Вакцина Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.
11 Тамыз, 2020
АИТВ-ға құпия тексерілу әлі де мәселе күйінде қалып отыр
АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азиядағы АИТВ бойынша сәтті болған «Флагман» бағдарламасын аяқтады. Қазақстанда бағдарлама аясында АИТВ-ға тестілеу, АИТВ талдауы оң нәтиже берген адамдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнату, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өздігінен тестілеуді енгізу көзделген еді.
11 Тамыз, 2020
Бұл күндері пандемияға байланысты футболдан кейінге қалдырылған Еурокубок бәсекелері өтіп жатыр. Ал 14 тамыздан бастап Еурододаның жаңа маусымына «старт» беріледі. Биылғы бәсекеде ел намысын Чемпиондар лигасында әдеттегідей елорданың «Астана» (бірінші іріктеу кезеңі) клубы қорғаса, Еуропа лигасында Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы» (екеуі де бірінші іріктеу кезеңі) және Қызылорданың «Қайсар» (екінші іріктеу кезеңі) командалары бақ сынайды.
11 Тамыз, 2020
Беларусь: Президенттік сайлау аяқталды
Өткен жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Осы елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметке сүйенсек, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаған.
11 Тамыз, 2020
Келмеске кеткен Кеңес Одағының жер-жебіріне жетіп, игілігімізді рұқсатсыз иемденген мәскеулік ұлықтарды жеті атасына дейін қарғап-сілеп, бар кінәні де, бар күнәні де солардан көріп, жанымызды жұбатып келгенімізге де отыз жылға жуықтапты. Яғни тәуелсіздік алғанымызға осыншама жыл. Бұрынғыдай бар байлығыңды тартып алатын орталық жоқ, кадрлық саясатқа да Мәскеу араласа алмайды. Қысқаша қайырғанда, төл мемлекетіңе өзің би, өзің қожасың...
11 Тамыз, 2020
Өңірдің өрт сөндіру әлеуеті әлсіз
Жуырда Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында ірі табиғи өрт оқиғасы орын алған болатын. Оқиға аудан орталығы Мойынқұм ауылынан 180 шақырым қашықтықта болып, тілсіз жаудың салдарынан құрғақ шөп пен сексеуіл жанған. Айтып келмейтін апатты ауыздықтауға өңірдегі тиісті мекемелерден адам күші, техника түгел жұмылдырылған.
11 Тамыз, 2020
Жаңа оқу жылында оқушыға жаңа тариф
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтады.
11 Тамыз, 2020
Бүгінде шаруаның несие қаржысы болмаса, күні қараң. Сол себепті де несие беретін мекемеге жіпсіз байланған. Дегенмен, елімізде бұл мәселенің шешімі табылған және біраз жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Қарағанды облысындағы «Шет-Көмек» несие серіктестігінің 15 жылдан аса уақыт ауыл шаруашылығында адал кәсібімен нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлерге көрсетіп келе жатқан көмегін ерекше атап өтуге болады.
11 Тамыз, 2020
Атырауда "Мәңгілік Абай" атты онлайн телемарафон өтті
Бүгін 10 тамыз – Абай күніне арналған "Мәңгілік Абай" атты онлайн телемарафон өтті. Телемарафонда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын Абай күнінің алғаш рет мерекеленуімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Азияның дамушы елдеріне жаңа шындыққа бейімделуге не кедергі?
Азия Даму Банкінің вице-президенті Шиксин Чен бүгін журналистермен кездесуінде Азияның дамушы елдеріне жаңа шындыққа бейімделуге не көмектесетіні туралы айтты. Пандемия сансыз отбасыларды күйзеліске ұшыратып, бұрын-соңды болмаған экономикалық залал әкелгенін жиналғандардың қаперіне салып өтті. Пандемиямен күресу үшін үкіметтер халықаралық сапарларды тоқтатты, карантин шараларын енгізді, көп елді мекендерді оқшаулап, медициналық қызмет түрлерін әртараптандырды, - деп жазады Egemen.kz "Азия даму банкі" сайтына сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2020
Сенатор дәрі-дәрмекке қатысты Қарағанды облысындағы ахуалды бақылауға алды
Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен дәрі-дәрмекке қатысты Қарағанды облысындағы ахуалды бақылауға алды. Өңірге жасаған сапарында ол жергілікті ауруханаларға, провизорлық орталықтарға, дәріхана желілерінің қоймаларына барып, медициналық қызметкерлермен және емделушілермен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2020
УЕФА Еуропа лигасының 1/4 финалының матчтары өтеді
Еуропа Лигасының 1/8 финалындағы матчтардың нәтижелері бойынша барлық ширек финалдық жұптар белгілі болды. Ширек финалдық ойындар 10-11 тамыз аралығында Германияда өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
"Абай күнін" Алматы облысы қалай атап өтті?
Абай күніне орай Жетісу жерінде бірқатар тағылымды шара өтті, - деп хабарлайды egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды
Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл өзгеріс жеті аймаққа – Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020