Оқи отырыңыз
Футболдан қыркүйек айында басталатын Ұлттар лигасының еліміздегі алғашқы матчы Алматының Орталық стадионында өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама командалары департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов мәлімдеді.
24 Шілде, 2020
Әулиеаталық әлеуметке тиісті қолдау көрсетілуде
Күллі адамзатты дүрліктірген коронавирус індеті өкінішке қарай елімізді де айналып өткен жоқ. Қауіпті індетпен күресте мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып, барлық өңірде сақтық шаралары күшейтілді. Сонымен қатар түрлі салада қызмет атқарып жүрген азаматтардың ортақ ұйымшылдығының нәтижесінде науқастар мен сол науқастарды емдеу жолында басын бәйгеге тігіп жүрген медицина қызметкерлеріне лайықты қолдау көрсетілуде. Бұл үрдіс Жамбыл облысында да лайықты деңгейде жалғасуда.
24 Шілде, 2020
Қазіргідей қиын әрі күрделі уақытта қандай мемлекет тез арада, барынша аз шығынмен дағдарыстан шыға алады? Ол үшін мемлекеттің байыпты басшысы, мықты басқару жүйесі болуы керек. Мұндай төтенше жағдайда, ең бастысы, басқарушыны ел болып демеп, барынша қолдау маңызды. Былайша айтқанда: «Елім дейтін ерге, ерім дейтін ел» керек.
24 Шілде, 2020
Сервис пен сапа саланы түлете түседі
Еліміздегі туризм саласы туралы әңгіме қозғала қалса Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар – Шымкентке бір соқпай өтпейміз. Ерте замандарда Азия мен Еуропаны жалғаған керуен-керуен көштерде аттың тізгінін тартып, терін құрғататын құт мекен осы шырайлы Шымқала болған деседі көнекөз тарих парақтары.
24 Шілде, 2020
Абайша айтқанда, «шен тағып, шекпен киюді» мақсат етпеген бір азамат болса, ол осы біз сөз еткелі отырған керекулік белгілі сазгер Қайырбек Сатиев ағамыз болар... Бала шағынан өнер десе ішкен асын жерге қойып, жастарды музыка нәрімен сусындатып, ұстаздық жолында да өшпес із қалдырды ол.
24 Шілде, 2020
Елімізде жүздеген волонтер тәулік бойы дәрігерлермен бірге қызмет етуде. Олар оқшауланған науқастарды бақылап, аурухана, провизор орталықтарында дәрігерлерге көмектесуде. Волонтерлердің мақсаты – індеттің таралуын тоқтатуға барынша атсалысу.
24 Шілде, 2020
Мен осыдан біраз жыл бұрын елдігіміздің өткені мен келешегін тебірене толғаған «Ту» атты поэмамда: «Қашанда қиянаттан қазақ өлген, Жауыздың ешбірі жоқ жаза көрген. Көк тудың қасиетті киесі атар, Сабынан ұстамасаң таза қолмен», – деген едім.
24 Шілде, 2020
Науқастарға уақтылы көмек берілді
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №1, №3 қалалық ауруханаларға індет кезінде науқастарға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді. Германияның Dräger компаниясы жасап шығарған жоғары сапалы Savina 300 үлгісіндегі ӨЖЖ аппаратын қалалық әкімдік өңірлік денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп сатып алыпты.
24 Шілде, 2020
Жапонияда бір рет қолданылатын бетперделердің қауіптілігі туралы ескертілді
Жапонияның Киодо агенттігі ғаламшар экологиясы үшін бір рет қолданылатын медициналық бетперделердің қауіптілігі туралы хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
23 Шілде, 2020
Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны 2,2 млн-нан асты
Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты жұқтырудың 67 860 жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Шілде, 2020
Өңірлерде жедел жәрдем шақыру азайған
Еліміздің бірқатар өңірлерінде жедел жәрдем шақыртулары азайған. Қазір эпидахуал бірте-бірте оңалып келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілеме жасап.
23 Шілде, 2020
«Team Kazakhstan» академиясының түлегі Дана Байдәулет Украинаның бас шаһары – Киевте өткен М.В.Бальваның мемориалына арналған турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
23 Шілде, 2020
Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады.
23 Шілде, 2020
Президенттің парасатына сенеміз
Пандемияға айналған вирустың емін табу қиын, қаза көп! Мұндай ерекше зобалаң кезінде кімге сенеміз?! Әрине, Құдайға сенеміз. Бірақ «ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес». Демек, әрқайсымыз өз-өзімізге сенеміз! «Өзіңе сен! Өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап». Үрейіңді жеңе білуің мен сақтана білуің де сол сенімнің ішінде.
23 Шілде, 2020
Науқастардың 60 пайызы сауығып шықты
Алматыда вирус жұқтырғандардың жартысынан астамы сауықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн-брифинг барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.
23 Шілде, 2020
Қостанайда короновирус және пневмония белгілері бар науқастарға дәрігерлік көмек көрсететін қосымша шағын медициналық топтардың жұмысы көпшілік көңілінен шығуда. Әр емхананың жанынан ашылған мұндай мобильді топтар амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға ем шараларын жүргізеді.
23 Шілде, 2020
Адамшылық қарыз – азаматтық парыз
Адамзат көш-керуені әлем-тапырық. Ақыл алтау, ой жетеу. Жерге кіргір мынау індеттің беті жаман. Шығыс даналығында айтылатындай: «Шөл қысқан адам құмыраның әсемдігін көрмейді». Бүгін ақыл-ой мен ізгі амалдардың кезеңі. Жақыныңа жанашыр болар шақ. Өсек, өтірік, байбаламның уақыты емес.
23 Шілде, 2020
«...Бола алмаймыз ешқашан ұлы халық!»
Қазір біздің қоғамда кім болсақ та әйтеуір қазақ болғымыз келмейтін бір жаман әдет қалыптасты. «Қазақ жалқау», «қазақ тойшыл», «қазақ мансапқор», «қазақ жемқор». Жаман қасиеттің барлығы байғұс қазақтың өн бойынан табылады екен. Басқасын қайдам, халқын жамандаушылар арасында жаһандық жарыс бола қалса, бас жүлдені қазақтар алатынына ойланбай-ақ бәс тіге беруге болады. Біз сияқты туған ұлтының жер-жебіріне жетіп ұрсатын халық жоқ шығар жер жүзінде?!
23 Шілде, 2020
Америкалық ITRboxing.com порталының журналисі Люки Кеттель салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингін жасады.
23 Шілде, 2020
Ботай мәдениетінің остеологиялық коллекциялары АҚШ-тан елге қайтарылды
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Сыртқы Істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тан келген мәдени құндылықтарымыз Ұлттық музейге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Шілде, 2020