Оқи отырыңыз
Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 224-ке жетті
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Павлодар облысында тағы 7 адамның індет жұқтырғанын хабарлады.
04 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында тағы 3 адам індет жұқтырған
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Солтүстік Қазақстан облысында тағы 3 адамның індет жұқтырғанын хабарлады.
04 Маусым, 2020
Ақмолада туристік маусым ашылды
Жаңа маусымға өңір қонақүйлері, мейманханалары мен санаторилері үлкен үміт артып отыр. Қазіргі таңда барлық туристік нысандар өңірдің бас санитарлық дәрігер бекіткен талаптарға сай қызмет атқаруда.
04 Маусым, 2020
Ақмолалық боксшы қыздар дайындық үстінде
Жергілікті қыздар құрамасы ел чемпионатына қатысады. Бұл күні бұрымды боксшылар қызу дайындық үстінде. Айтулы бәсеке қыркүйек айында Алматы шаһарында өтеді деп жоспарланған. 10 салмақ дәрежесінде өтетін жарыста облыстың намысын 5 боксшы қорғайды.
04 Маусым, 2020
Ақмолада жазғы демалысқа жеңілдік жасалмақ
Кәсіподақ мүшелеріне жазғы демалыс орындарында демалу үшін жеңілдік жасалады. Мәселен алғашқы жиырма шақты адамды қабылдаған «Щучинск» шипажайында бір күн ем алу құны 12500 теңге. Енді бұл сома жеңілдікпен кемінде 7500 теңге болады.
04 Маусым, 2020
Хат қоржын оқырман жаңалығымен бөліседі
Жаңа әліпби – өмір талабы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен тікелей эфирде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Сәдуақаспен арнайы сұхбат өтті. Әңгіме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдірудегі тапсырмасы төңірегінде өрбіді. Тікелей эфир барысында оқырмандар өз сауалдарына жауап алды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері эфир арқылы оқырмандарына арнайы тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесін таныстырды. Назерке ЖОЛДИЕВА, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Ақтөбе облысы
04 Маусым, 2020
Қаншама ұрпақ аңсап, армандап, зарығып жеткен тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де үш он жылдықтың жүзі болып қалды. Бодандықтың қамыты алқымнан алып, тынысты талай тарылтты. Қасірет таңбасын да кигізбей қоймады. Бірақ қайсар қазақты ниеті қараулар жоя да, жоғалта да алмады. «Елім-айлап!» жүріп қазақ елдігіне жетті. Бұрынғы бабалар бөрілі байрақ, ақ ту ұстаса, бүгінгі жұртымыз үш бірдей елдік белгісін орнықтырып отыр.
04 Маусым, 2020
Қазақстанды төрткүл дүниеге танытып, еліміздің тәуелсіздігін әйгілеп тұрған мемлекеттік рәміздеріміз – өткеніміз бен бүгініміздің және болашағымыздың арасындағы тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі деп білемін. Отанымыздың жаңа тарихының қастерлі беттері мемлекетіміздің басты нышандары – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран, Мемлекеттік Елтаңба қабылданған күнмен тығыз байланысты.
04 Маусым, 2020
Жеңімпаз спортшылар үшін қай жарыстың да ең жүрек тербетер кезі туған елінің Әнұранын айтқызып, бейтаныс елде өзіне ғана таныс әрі ыстық әуенді қосыла шырқап тұрған сәті болар, бәлкім. Дегенмен талайдың арасынан топ жарып, жалауымызды желбіретіп, қолын жүрек тұсына қойып, «ал, міне» деп шырқай жөнелуге дайын тұрған сәтте техникалық ақаулардың себебімен гимн шатастырылып не мүлде ортасынан кесіліп, спортшыларымыз жеңістің ең бір ләззатты сәтін сезіне алмай қалған жағдай кездесіп қалады.
04 Маусым, 2020
Қалаға кеткен қыр баласы ауылды аңсайды
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы № 49 санында Байқал Байәділдің «Ауылдағы қарашаңырақ қаңырап қалмасын» және № 50 санында жарияланған Кәкімжан Карбозовтың «Келешегі жоқ ауыл болмауы керек» деген мақалаларын оқығаннан кейін ауылда туып, қарапайым жұмыскерден кеңшар директоры, аудан әкімі қызметіне дейін көтеріліп, бүкіл өмірін ауылда өткізген азамат ретінде бірер сөз айтуды жөн көрдім.
04 Маусым, 2020
Маңғыстау дәрігерлері жүрекке дефибриллятор қондыруға машықтануда
Елімізде жүректің ақауын болдырмау, болған жағдайда емдеу әдістерін жетілдіру – күн тәртібінде. Маңғыстау дәрігерлері де осы бағытта ізденістерін үзбей, күрделі оталарды жасауға қатысып, тәжірибе жинақтауда. Сәтті ота екі жақты пайдалы, біріншіден – науқастың денсаулығы түзелсе, екіншіден жергілікті мамандар іс-тәжірибесін жетілдіре түседі.
04 Маусым, 2020
Жергілікті өнеркәсіптің өніміне сусап отырған жалпақ жұртты алғашқы қадамымен-ақ елең еткізген «SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан бастау алады.
04 Маусым, 2020
Отандық өнім 72 елге экспортталды
Былтыр өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінсе де, өнім көлемі көңіл көншітпеді. Элита тұқымдардың үлесі артқанымен нәтиже ойдағыдай емес. Дегенмен, ырысын төрт түліктен іздеген қазақтың мал шаруашылығына келгенде тасы өрге домалай бастаған сыңайлы. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда өнімі де тәуір. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың есеп беру жиынында айтылды.
04 Маусым, 2020
Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекет назарында екені мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны апаты салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданатынын, жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын мәлімдеген болатын.
04 Маусым, 2020
Түркістанда 63 млрд теңгенің 7 ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылады
Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. Мысалы, жаңбырлатып суару әдісін ендіруге бел буған «Ынтымақ агро XXI» ЖШС-і 782 гектар жерге бидай мен жүгері егуді қолға алған.
03 Маусым, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 6100-ден асты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 160 адамның індеттен айыққанын хабарлады.
03 Маусым, 2020
Таразда қоғамдық көліктер қашаннан бастап жүреді?
Коронавирус індетінің таралуына орай, Жамбыл облысының аумағында да қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылған болатын. Қалаішілік маршруттардың да жүруіне шектеу қойылды. Алайда, жуырда өңірдегі блок-бекеттер алынып, бірқатар нысанның қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Осы орайда, жергілікті әкімдікке тұрғындар тарапынан да қоғамдық көліктердің қай кезден бастап жүретіндігі туралы сауалдар жиі түсіп жатыр.
03 Маусым, 2020
Б.Сағынтаев: Алматының барлық ауданында өмір сапасы жоғары болуы тиіс
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының мәселелері қалай шешіліп жатқанын тексерді.
03 Маусым, 2020
Қостанай облысында балық аулауға шыққан зейнеткер суға кетті
Федоров ауданына қарасты Владыкин ауылының 65 жастағы тұрғыны сол маңдағы «Три девицы» деп аталатын көлге темір қайық мініп балық аулауға шыққан.
03 Маусым, 2020
Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады
Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында жазды.
03 Маусым, 2020