Оқи отырыңыз
Жетісу ауылдарын жандандыруға ең алдымен қалыпты жол, содан соң жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Жүйелі жұмыс бар жерде халық тұрақтайды. Осы тұрғыда облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауылдарға көбірек көңіл бөліп келеді. Айталық, шалғайдағы Көпбірлік ауылына отыз жылдан соң жаңа жол салынды. Талай жыл халықты қинап келген ауызсу мәселесі де шешілді. Көп ұзамай мұнда медициналық кешен мен мәдениет үйі салынбақ.
06 Қараша, 2024
Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бірінші мектеп пайдалануға берілді. Қостанай ауданының Заречный кентінде бой көтерген заманауи мектепте 900 бала мемлекеттік тілде білім алады.
06 Қараша, 2024
Ел экономикасы Мемлекет басшысы белгілеген негізгі бес басым бағытта – қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік саласындағы проблемаларды реттеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық секторды дамыту, инновациялық, индустриялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жолында өрістеп келеді. Қарағанды өңірінде де экономикалық тұрғыдан өсім жоғары. Соның оң нәтижесіндей, жұмыссыздық мәселесі жүйелі шешіліп жатыр. Сөзімізге дәлел, жұмыссыздық бойынша елдегі ең төмен көрсеткіш – 4,1 пайыз осы облысқа тиесілі.
06 Қараша, 2024
Ажар – Әлем кубогінің жеңімпазы
Шымкент қаласында әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан «Dala mergeni» әлем кубогі өтіп, Шығыстың сұрмергені Ажар Рахметқызы бірінші орынды қанжығаға байлады.
06 Қараша, 2024
АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында World Boxing (WB) халықаралық бокс федерациясының конгресі өтті. Жиын барысында Қазақстанның бокс федерациясы (ҚФБ) ресми түрде аталған ұйымның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Қазіргі кезде WB-ның құрамында 55 мемлекет бар. Жылдың соңына дейін олардың саны екі есеге артады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ конгресте Қазақстан тарабы 2018 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық әлем чемпионатын елімізде ұйымдастыру жөнінде өтініш білдірді.
06 Қараша, 2024
Ұлттар лигасындағы соңғы ойындар
Футболдан ұлттық құрама команда 12 қарашада Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команданың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жиынға есімдері төменде аталған ойыншыларды шақыртты.
06 Қараша, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері қоршаған ортаның тазалығы жолында өңір азаматтары жұдырықтай жұмылып іске кірісті. Өңірде осы күнге дейін 800 мыңнан астам тұрғын атсалысқан акция көктем мезгілі басталғалы бері бір сәтке де тоқтаған жоқ. Облыс орталығы Тараз қаласында акция аясында ондаған сенбілік ұйымдастырылды. Оған барлық салада еңбек ететін азаматтар жұмылдырылды.
06 Қараша, 2024
14 қараша - «Қара шекпен» Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасы ұсынылады. Режиссері – А.Маемиров.
06 Қараша, 2024
Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды
Талғардағы «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2024
Алматыда шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді
Ертең Алматыда шайбалы хоккейден алғаш рет өтетін Азия чемпионаты басталады, деп жазады Egemen.kz.
05 Қараша, 2024
Көккөлде беймәлім тіршілік иесі мекендейтіні рас па
Халық арасында Жамбыл облысындағы таулы жерде орналасқан Көккөл туралы түрлі аңыз бен миф тарап кеткен. Желіде жарияланған видеода Көккөлде жылан тәріздес Лох-Несс құбыжығы мекендейтіні айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
05 Қараша, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі білім жүйесінің даму барысымен танысты. Білім сапасын арттыру мақсатында өңірде тірек мектептер желісін құруға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды.
05 Қараша, 2024
Абай облысындағы ауқымды бастамалар
Аймақтың жыл санап экономикалық-әлеуметтік әлеуеті нығайып келеді. Оған жаңа технология мен инновацияларды енгізу, инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту себеп. Биыл өңір бюджетіне 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер кірген. Оның ішінде республикалық бюджет 197,1 млрд теңге, жергілікті бюджет 97,8 млрд теңгеге ұлғайған. Облыс бюджетінің көлемі – 480,8 млрд теңге. Сондай-ақ сала бойынша қаржыландырудың өсу қарқыны өткен жылдағыдай өзгеріссіз қалды.
05 Қараша, 2024
Ерекше жандар елеусіз қалмайды
Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шарапатын мүгедектігі бар 20,7 мыңнан астам адам көрді. Ерекше қажеттілігі бар 106,8 мың адам (28%) жұмыспен қамтылды.
05 Қараша, 2024
Зейнетақы жинағы – стратегиялық қор
Еліміз 30 жылдан сәл асатын тәуелсіз тарихында жас ұрпақтың ғана емес, қарттардың да болашағын ойлап, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде реформалы батыл шешімдер қабылдап келеді. Соның бір айғағы – бұрынғы ТМД мемлекеттері арасында алғаш рет жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшіп, стратегиялық қадамдарға баруы.
05 Қараша, 2024
Былтыр өңірдегі «Ауыл аманаты» жобасының бірінші кезеңі елдегі кәсіп бастауға талпынған талай жанның жолын ашты. Аймақта жобаның алғашқы жылында 3 млрд теңге бөлініп, негізінен өндірістік жобаларға басымдық берілді. Өзге де саладағы бастамалар қолдаусыз қалған жоқ.
05 Қараша, 2024
Париж форумында Президент архиві ерекшеленді
Өткеннен сыр шертетін әрбір құжат – терең қатпарлы көне тарихымыздың бір бөлшегі, әрбір архив – тұтас ұлттың жады, ал оны сақтау – бүкіл адамзатқа жүктелген үлкен жауапкершілік. Осынау қастерлі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еліміздегі архивтердің ауқымды желісі қазіргі таңда 223 мемлекеттік архивтен, сондай-ақ жеке және ведомстволық архивтерден тұрады. Ұлттық архив қорының жалпы көлемі 25 миллион сақтау бірлігін құрайды.
05 Қараша, 2024
Черногорияның Будва қаласында жастар арасында бокстан әлем чемпионаты түңлігін түсірді. 22 қазанда басталып, 3 қарашада мәресіне жеткен әлемдік додада жас боксшыларымыз 17 медаль олжалап, жалпы есепте топ бастады.
05 Қараша, 2024
Тиянақты шаруаға – ұтымды несие
Айдос Исмаил 2018 жылдан бері «Исмаил А.Б.» жеке шаруашылығының жұмысын дөңгелетіп келеді. Мал шаруашылығымен айналысуды мұрат тұтқан еді, үміті алдамады. Асыл тұқым сиыр өсіруді қолға алды. Қостанай өңіріне арнайы сапарлап барып, Қаракеңгірдегі шаруашылығына ақбас сиырлар сатып әкелді. Бұған қоса жылқы өсіруді де ойластырды.
05 Қараша, 2024
«Білім алудың ерте-кеші жоқ». Осы сөзді айтатын адам көп. Бірақ іс жүзінде дәлелдегендер некен-саяқ. Солардың бірі – 57 жастағы қызылордалық Кендебай Ыдырысов.
05 Қараша, 2024