Оқи отырыңыз
42 500 теңге алу үшін 8 миллион адамнан өтініш түскен
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төленетін төлемді тағайындау жайын қорытындылады.
27 Мамыр, 2020
Астық пен еттен таршылық көрмейміз
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы баяндалып, мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды.
27 Мамыр, 2020
586 мыңға жуық адам әлеуметтік көмек алды
Қазақстанда ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында 113 мың отбасыдан 586 мыңға жуық адамға жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.
27 Мамыр, 2020
«Жұмыспен қамту жол картасы»: Жаңаөзенде жоба көп
Жаңаөзенде жуық арада жасалуы тиіс жұмыстар аз емес. Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов мұнайлы қалаға іссапары барысында қаланың бірқатар нысандарында болып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылап қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты.
27 Мамыр, 2020
Мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қостанай автомобиль зауытындағы Chevrolet маркасының жаңа үлгілерін құрастыратын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен желісінде жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады. Қызметтер мен өндіріс секторлары арасында жұмыс күшінің ағылуы, ұлғайып келе жатқан жоба ерекше маңызға ие болмақ.
27 Мамыр, 2020
Көңіл таразысына салып бажайлап қарасаңыз, тәуекелге бел буып, өз кәсібін дөңгелеткендердің ұмтылысы көпке үлгі боларлықтай. Үйдегі ойдың баянды болуына «Бастау бизнес» бағдарламасының шарапаты тиіп тұрғанын айта кетелік.
27 Мамыр, 2020
Жеңіс Қасымбек: Карантинге қарамастан, облыс экономикасы дамып келеді
Төтенше жағдай режімі және карантиндік шектеулердің қыспағына қарамастан, Қарағанды облысының экономикасы дамып келеді екен. Бұл салада жылды жағымды жаңалықпен аяқтауымыз әбден мүмкін: жалпы өңірлік өнімнің үш пайыздық өсуі күтілуде, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасында өткен брифинг барысында.
26 Мамыр, 2020
Қазақстанда тағы 2 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 2 адам көз жұмғанын хабарлады.
26 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 4 613-ке жетті
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Нұр-Сұлтан қаласында тағы 6 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.
26 Мамыр, 2020
Жыл басынан бері 13789 бұзушылық анықталған
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасына қарағанда жыл басынан бері облыс жолдарында жол қозғалысы ережелерінің 13 мың 789 бұзушылығы тіркелген екен. Барлық 74 жол-көлік оқиғасының салдарынан 12 адам көз жұмып, 102 адам жарақат алған.
26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында ПТР-зертханалар ашылады
Маусым айының басында Теміртау мен Жезқазған қалаларында коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-зертханалардың ашылатынын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
26 Мамыр, 2020
Маңғыстау полицейлері Алматы блок-постында қаза тапқандардың отбасына қаржылай қолдау көрсетті
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында блок-бекетте мас жүргізушінің салдарынан қаза тапқан екі әріптесі Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасына екі миллион теңге көлемінде қаржы жинады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
26 Мамыр, 2020
Қазақстанның ІЖӨ 2020 жылы 1,6% төмендеуі мүмкін
Бүгін Алматыда онлайн форматтағы халықаралық басқосуда BCS GM Research сарапшылары Қазақстанның ІЖӨ-і бір жыл ішінде 1,6% -ға төмендейді, бірақ келесі жылы өсім 3,9% -ға дейін қалпына келетінін айтты.
26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
26 Мамыр, 2020
Қалдық полигондарының экологияға зияндылығы тексеріледі
Солтүстік Қазақстан облыстық Экология департаменті өз министрліктерінің «Адалдық алаңы» жобалық офисінің Петропавлдағы филиалымен бірлесе отырып мамыр айында күл-қоқыс төгетін полигондардың сапаға сай екендігіне мониторинг жүргізбекші. Бұл жұмысқа «СҚО «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» та тартылатын болады.
26 Мамыр, 2020
Мақтаарал: Мақта егуге өзбекстандық техникалар көмекке келді
Мақтаарал ауданындағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстары басталды. Бұл орайда жергілікті шаруаларға Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан келген 40 арнайы техника көмектесіп жатыр.
26 Мамыр, 2020
COVID-19: 6 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Қазақстанда тағы 6 адамның реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылғанын хабарлады.
26 Мамыр, 2020
Батыс Қазақстанда 7 ауданнан ауру шықты
21 мамыр күні түсте Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирус індетінің 458 оқиғасы тіркелді. Олардың 21-і – 14 жасқа толмаған балалар. Бір тәулікте 38 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Індеттің өсу қарқыны - 9,2%-ға жеткен.
26 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 4600-ден асты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Қазақстанда тағы 47 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.
26 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 343-ке жетті
Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны күн санап артуда. Бүгінгі күнге қауіпті инфекцияның 51 жағдайы тіркеліп, науқастар саны 343-ке жетті.
26 Мамыр, 2020