Оқи отырыңыз
Сарбаз қайтты сағыныш арқалаған...
Еліміздегі төтенше жағдай режімі кезінде ел тарихында алғаш рет мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың запасқа шығарылуы кейінге қалдырылған болатын. Алайда режім аяқталғаннан кейін бұл шешім өз күшін жойып, дүйсенбіден бастап өткен жылы көктемде шақырылған жауынгерлер өз үйлеріне арнайы эшелондармен жіберілуде.
22 Мамыр, 2020
Баспаналы болудың бастамасы қандай?
Жыл санап отандық әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен әлеуетін арттыру мәселесіне Қорғаныс министрлігі тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен, сапта тұрған сардарлардың қызметтік баспана мәселесі де біртіндеп оң шешімін тауып жатыр. Тәуелсіздіктің қалқанына айналып, ел тыныштығының қарауылында тұрған сарбаздар үшін бұл да қомақты қамқорлықтың белгісі.
22 Мамыр, 2020
Қазақстан Тұңғыш Президентінің бастамасымен 2017 жылы әскери білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын Әскери доктрина мақұлданды. Қарулы Күштер әлеуетін күшейту әркез қажет десек те, мұның бастапқы қадамы әскери ғылымды дамыту мен мамандарды жаңаша үлгіде оқытуда жатқандығы сөзсіз.
22 Мамыр, 2020
Жәй Вася. Жас жігіт. Мұрны шуылдақ, көзі ірің, аяғы шуаш, киімі көнетоз, жамау-жасқау, сорпаны қорпылдатып ішіп, тамақты обырланып жейді. Суды кесесімен бір-ақ төңкере салады. Тамақ ішкенде қарап отырмай, арсыздығымен жанындағылардың берекесін ала отырады.
22 Мамыр, 2020
Зағип жандарға кітап оқып берді
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көз нұрынан айырылған адамдар үшін тек өмір әйнегі мен білім бұлағы ғана емес, қарым-қатынас орталығы. Кітапханада интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесіндегі тифлология кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен жабдықталған. Зағип жандар осындай дыбысталған кітаптардың көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ көптеген кітап Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен дайындалған. Зағип жандар кітаптағы бедерлі нүктелерді саусақ ұшымен сезіну арқылы оқиды.
22 Мамыр, 2020
Ақтөбе облысының «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық тобының мүшесі Әлішер Садықтың сөзіне қарағанда, Мақтааралға көмекке келген ақтөбелік волонтерлердің жұмысы үлгі аларлықтай.
22 Мамыр, 2020
Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы неде?
Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал. Бұл мәселеге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та айрықша мән беріп отырғаны белгілі.
22 Мамыр, 2020
Экономикамызды өрге тартып тұрған – ірі кәсіпорындар. Елімізде 438 мың тіркелген заңды тұлға бар, оның шамамен 25 мыңы – өнеркәсіп, 54 мыңы – құрылыс саласында. Өнеркәсіп саласының үлесі ішкі жалпы өнімнің 34,1%-ы құрайды. Карантин жағдайында олардың көпшілігі жұмысын тоқтатуға, немесе шектеу жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Осы орайда ұмытылған тәжірибе еске түседі, ол кәсіпорындар мен мекемелердің қосалқы ауыл шаруашылығымен айналысуы.
22 Мамыр, 2020
Қызылорда облысындағы 96 ауылға 4G байланыс желісі тартылады
Елімізде жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Бұл ретте Қызылорда облысының 96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады.
21 Мамыр, 2020
Абай мұрасына арналған халықаралық онлайн конференция өтті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемнің тұғырлы тұлғасы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында «Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы» тақырыбында онлайн конференция өткізді.
21 Мамыр, 2020
Павлодарда өрт қаупі кезіндегі дайындықтар тексерілді
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаз басталғалы өрт оқиғалары көбеюуде. Сондықтан, департамент басшысы Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов пен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Сүлеймен Бимағамбетовпен облыс орталығында орналасқан өрт сөндіру бөлімдерінің дайындығын тексеруде.
21 Мамыр, 2020
Пара алған экологиялық реттеу бөлімінің бастығы тергелуде (видео)
Қазір Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
21 Мамыр, 2020
Асхат Аймағамбетов: Абай мұрасын әлем игілігіне айналдыру – парызымыз
Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында онлайн конференция өткізіп жатыр. Шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Министр Абай мұрасын зерттеп, түбі бір түркі жұртына және әлем игілігіне айналдыру баршамыздың ортақ парызымыз екенін атап өтті.
21 Мамыр, 2020
Бақытжан Сағынтаев: Алматылық өндірушілерді қолдау маңызды
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында қаланың өнеркәсіптік өндірісі көлемінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз ететін, яғни, негізгі кәсіпорындар шоғырланған Жетісу ауданының индустриялық әлеуетін бағалады.
21 Мамыр, 2020
Қазақстандық каскадерлер Taurus World Stunt Awards жүлдесінен үміткер
Танымал қазақстандық каскадер, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов және оның Nomad Stunts командасы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде қойған трюктері үшін Taurus World Stunt Awards жүлдесіне ұсынылды.
21 Мамыр, 2020
«Фолиант» баспасы кітап жәрмеңкесін өткізді
Бүгін «Фолиант» баспасы бағасы 100 теңгеден басталатын кітаптарын саудаға шығарып, жаппай сатылымын бастады. 21-23 мамыр күндері өтетін кітап жәрмеңкесі баспа үйінің ауласында өтті.
21 Мамыр, 2020
Сенатта әскери арсеналдар мен қоймалардың қауіпсіздігін күшейтуге арналған заң қабылданды
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
21 Мамыр, 2020
«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіруге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы 1 млрд теңге жібереді.
21 Мамыр, 2020
Алматыда тағы 57 адам коронавирус жұқтырған
Бүгін, 21 мамырдағы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, Covid-19 вирусын жұқтырған жаңа 57 жағдай тіркелді. Оның төртеуі өздігінен тексерілуге жүгінген адамдар.
21 Мамыр, 2020
Жарқынбек Амантай: Жас қаламгерлер қолдауға зәру
Әдебиет пен мәдениет ұлтты ұлы мұратына жеткізетін көнекөз көшбасшы іспетті. Тарихи жолдар, тағылымды іздер, танымдық шығармалар бәрі де сол бір сырлы әлемнің құраушысындай. Қазіргі қазақ руханиятына қалам ұстаған қаршадай жастар қаулап келуде. Ынтасы мен ықыласы да бөлек. Таланты мен талпынысы да ерекше. Солардың ішінде Солтүстік өңірдегі әдеби ахуал қандай, нақтырақ айтсақ Ертіс-Баян өңірінің рухани екпіні мен әдеби ортасының қалыптасуы қай деңгейде? Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантай кеңірек айтып берді.
21 Мамыр, 2020