Оқи отырыңыз
Мен біраз уақыт шетелде тұрдым. Бірнеше мемлекеттің өмір сүру салтымен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Қазір де шетелге жиі шығып тұрамын. Сонда байқағаным, әр елдің заңмен айқындалған ішкі өмір сүру тәртібі болатыны секілді, кез келген халықтың өзіне тән амандасу дағдысы да бар.
29 Сәуір, 2020
Ұлтты құртатын жадағайлық, жалт беріп кететін, өзімшілдіктің құрдым құлына айналған рухсыздық. Керісінше болса, кемелдіктің көкжиегінде табаныңды нық тіреп, қадамың аршынды болады. Мерейің үстем тұрады.
29 Сәуір, 2020
Бала тәрбиесіне барынша мән-маңыз берген бабаларымыз ұлттық тәрбиенің озық үлгісін қалыптастырып, оны ұрпақ бойына сіңірудің тиімді жолдарын көрсеткені белгілі. Ұйықтауға жатқан сәбиді бесік жырымен әлдилеп, сол арқылы атадан қалған асыл мұра – ана тіліміздің қасиетін ұғындыра бастау керегін көрегендікпен айтқан. Оған «тәрбие тал бесіктен басталады» деген тағылымды сөзін де қосыңыз.
29 Сәуір, 2020
Көмектің игілігін көріп жатырмыз
Мен тігіншілікпен айналысамын. Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бері жұмысым тоқтап қалды. Аудандық ауруханада жұмыс істеген жолдасым да жұмыссыз қалды. Оны ақысыз демалысқа жіберді.
29 Сәуір, 2020
Қоғамдық қабылдау онлайн өтуде
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағайындалған 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны 430 мыңнан астам тұрғын алған. Бұл көрсеткіш өсе түсері сөзсіз, яғни өтінімдер бойынша жұмыс жалғасуда.
29 Сәуір, 2020
Мемлекет жәрдемі – көп отбасы үшін мүмкіндік
Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекет қолдауы дер кезінде жетуі үшін жүйелі жұмыс жасалып жатыр. Осы күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары карантин талаптарын барынша сақтай отырып, қауырт жұмысқа көшкен.
29 Сәуір, 2020
Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады
«Стоп-Коронавирус» онлайн-байқауының нәтижелері бойынша бірқатар жоба қазылар алқасының ең жоғары бағаларына ие болды: ДНҚ гендерінің топтамасын құру, реагенттер жиынтығын алу, вирусты анықтаудың жоғары сезімтал жүйесін жасау, аурудың әртүрлі деңгейіндегі диагностика тәсілдерін пайдалану, вирусқа қарсы препаратты әзірлеу, биоыдырайтын материалдан қолды қорғау құралдарын жасау, қазақстандық диатомитті пайдалана отырып респираторлық маскаларды жасау және коронавирустың ауыр түрлерін емдеу барысында биомедициналық жасушалық өнімді қолдану.
29 Сәуір, 2020
Қоршаған ортаның тепе-теңдік қалпын сақтау қажет
Ертіс өзені жағалауындағы жайылманың құрғақ шөптері күнде өртенуде. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі күндері Ертіс өзенінің жайылмасында жалпы көлемі 22 гектар құрғақ шөп, қамыс, бұталар өртенген. Өрт сөндірушілер: «Құрғақ шөпті әдейі өртейтіндердің тізімін енді БАҚ-та арнайы жариялап, оларға заң жүзінде шара қолданбаса, табиғатты қорғап қалу мүмкін емес», дейді.
29 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандар Кеңес Одағының Батыры атағына теңестірілетін. Кеңес Одағы бойынша мұндай марапатқа 2671 жауынгер ие болыпты. Белгілі бір себептермен өзіне тиесілі марапатты ала алмай қалғандар да бар. Аралдық жауынгер Нағыметулла Балапановтың өмірі осы сөзімізге толық дәлел.
29 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, кейбір шағын кәсіпорындар қолда тұрған несібесінен айырылып қалмау үшін, онлайн сатылым, жедел жеткізіп беру сервистерін пайдалануда. Әрине осынау сәтті тиімді пайдаланғандар қыруар табыстың астында қалуда.
29 Сәуір, 2020
Бокстан әлем чемпионаты Белградта өтеді
2021 жылғы бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Сербияның астанасы – Белградта өтеді. Бұл ақпарат АИБА-ның ресми сайтында жарияланды.
28 Сәуір, 2020
Мамырда ONE Championship турнирлері өтпейді
ONE Championship деп аталатын Азиядағы ең белді промоушенінің мамыр айында өтеді деп жоспарлаған барлық жарыстары кейінге шегерілді.
28 Сәуір, 2020
Гандболдан үш дүркін әлем чемпионы қайтыс болды
КСРО мен Ресейдің әйгілі қол добы шебері Марина Базанова 57 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
28 Сәуір, 2020
Алтын «сенімді валютаға» айнала бастады
Қазір АҚШ-тың сауда қатынастарынан зәрезап болған инвесторлар алтын, мемлекеттік облигация сияқты активтерді молырақ сатып алуда.
28 Сәуір, 2020
«Бәйтерек» холдингі төтенше жағдай кезінде ипотека алушыларға қалай көмек көрсетуде?
Төтенше жағдай кезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Президенттік шаралар жиынтығы шеңберінде азаматтардың ипотекалық төлемдерін кейінге шегеру бойынша қолдау көрсетуді жалғастыруда және ыңғайлы онлайн-қызметтер көрсетуде, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
28 Сәуір, 2020
Ірі кәсіпорындардың экономикалық жағдайы бақылауға алынады
Ал сарапшылар ШОБ-тың экономикалық жағдайы да мемлекеттік деңгейде бақылауға алуы керектігін айтып отыр. Себебі үкіметтің жеңілдетілген несиесінің өзі ШОБ үшін ауыр болып тұр.
28 Сәуір, 2020
Қолдан арақ жасап сататындар айыппұлдан айылын жимайды
Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданының тұрғынынан 187 литр алкогольдік өнім алынған. Үй иесі, 65 жастағы әйел бұған дейін де арақты қолдан істеп сатқан. Көршілері де бұл туралы полицияға хабар берген. Бірақ соңғы уақытқа дейін ол алкоголь сатуды тоқтатпаған. Соған қарағанда керекті адамдармен «бөлісіп» тұрған сияқты.
28 Сәуір, 2020
Пәкістан Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмектер табыстады
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Марат Тәжин III дәрежелі Барыс орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Түркістан: Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы отырғызылады
Түркістан облысында қарқынды бау-бақша мен жеміс-жидек өсіруге ерекше мән беріліп келеді. Қарқынды бау көлемін ұлғайтқан аудандар қатары да көбейе түсуде. Мысалы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданында жалпы ауданы 100 гектар қарқынды отбасылық алма бағын ұйымдастыру бағыты бойынша 7 ірі жобаны қаржыландырған болатын.
28 Сәуір, 2020