Оқи отырыңыз
Қостанай облысында бірінші індет жұқтырған науқас ауруханадан шықты
Тобыл қаласында 3 сәуірде госпитальға түскен әйел бүгін айығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
20 Сәуір, 2020
2 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Алматы қаласында - 1, Павлодар облысында - 1 адам интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.
20 Сәуір, 2020
Жітіқара қаласында бір күн ішінде 6 адамнан індет анықталды
Бүгін сағат тілі таңғы 10-ға таяғанда – төртеу, түскі 12-де – біреу, кешкі сағат 18-де тағы біреу. Жітіқарада бір күннің ішінде осымен алты адамнан COVID-19 індеті анықталды. Бүгін тоқтай ма, тоқтамай ма, белгісіз.
20 Сәуір, 2020
Қызылорда: Карантин режімі жиі бұзылып тұр
Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 678 дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Сәуір, 2020
Аты жаман аурудың бой бермей тұрғандығы адамдардың жауапсыздығынан. Бүгін Ақмола облысында тағы бір тәртіп бұзу оқиғасы орын алды.
20 Сәуір, 2020
Алматыда 4 адам Covid-19-дан сауығып, ауруханадан шықты
Алматыда тағы 4 адам Covid-19-дан сауығып, ауруханадан шықты, оның екеуі 2017 және 2009 жылы туған бала мен екі ересек адам. Сауыққан ер адам мен әйел адамның денсаулығы екі жақты полисегментті пневмонияға байланысты жағдайлары ауыр болған.
20 Сәуір, 2020
Дәрігерлерге арнау-жырлар жалғасуда
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің кезекті композициясы ақ халатты абзал жандарға арналды. Музыканттар әлемнің барлық медицина қызметкерлерінің құрметіне Леонард Коэннің «Hallelujah» әнін шырқады.
20 Сәуір, 2020
Жетісудың 70 жастағы тұрғыны жұқпалы індеттен айықты
Алматы облысында коронавирустан емделіп, ауруханадан шыққан науқастар қатары тағы бір адаммен толықты. Осымен жалпы облыс бойынша індеттен тоғызыншы тұрғын айықты.
20 Сәуір, 2020
Шымкент қаласында 4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Шымкент қаласында 4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 442-ге жетті.
20 Сәуір, 2020
Маңғыстау: Бас имам ораза туралы түсінік берді
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов хабарлады.
20 Сәуір, 2020
6,5 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Осыдан жарты ай бұрын 1958 жылы туған петропавлдық кәсіпкер тауар сатып алуға дайындап қойған 6,5 млн теңгесін белгісіз біреулердің үптеп кеткенін айтып, полиция департаментіне шағынған еді. Ұрылардың алыстан келмегені үйді өз кілттерімен ашқандығынан, сейфті нақ ақша толған күні тонағандығынан және үй иелерінің пәтерлерінде болмайтынын білгендігінен сезіліп тұрған. Бірақ жырынды ұрылар ешқандай айғақ қалдырмаған.
20 Сәуір, 2020
Маңғыстау: Індеттен тағы бір адам жазылып шықты
Бұл туралы Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасоваға сілтеме жасап Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
20 Сәуір, 2020
Айыққандар барлық сырқаттың 86 пайызын құрады
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Руслан Әлішев журналистерге брифинг беріп, коронавирусқа байланысты облыстағы ахуалды баяндады.
20 Сәуір, 2020
Ақтауда карантинге жабылған екі үйдің кіреберіс есігі ашылды
Маңғыстау облысының орталығында бұған дейін 11 шағынаудан 10 үй және 14 шағынаудан 38 үй мекенжайлары бойынша екі үйдің подъезі сыртынан бекітілген болатын. Оларда тұратын кейбір тұрғындар вирустық инфекция жұқтыруы себепті стационарға жіберілді. Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова аймақтық Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында онлайн форматында өткен арнайы брифингте қазіргі ахуалды баяндап берді.
20 Сәуір, 2020
Баянауыл ауданына «ӘКК Павлодар» АҚ-нан азық-түлік жеткізілді
Аудан әкімдігінің мәліметінше, барлық ауылдық аумақтарға «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ басшылығы бағасы арзан азық-түлік тауарларын жеткізуді ұйымдастырды.
20 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Түлкінің достығы
Кішкентай оқырмандар үшін түлкінің достығы туралы жапон халқының ертегісін ұсынып отырмыз. Біз ұсынған ертегілер туралы айтар ойларыңыз болса, асыға күтеміз. Ол үшін YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
20 Сәуір, 2020
Арқалықта індетке шалдыққан әйел емханада жұмыс істеген
18 сәуірде COVID–19 індеті анықталған әйел Арқалық қаласындағы өңірлік емхана қызметкері болып шықты. Науқас емдеу мекемесінің зертханасында жұмыс істейді екен.
20 Сәуір, 2020
Қарағанды облысы: Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден беріледі
Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов тұрғындардың жекелеген санатына коммуналдық төлемдерді өтеу үшін көмек берілетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, жергілікті әкімдіктер тұтынушының дербес есеп-шотына 2 ай бойы 15 мың теңгеден аударады.
20 Сәуір, 2020
10 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Атырау облысында - 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
20 Сәуір, 2020
Кедей елдердің қарызы кейінге қалдырылды
Мамыр айынан бастап ХВҚ 25 елге қарызды төлеуді тоқтата тұрады. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және G20 бір уақытта бірнеше ондаған кедей елдерге, оның ішінде Африка мен Азия елдеріне, соның ішінде Тәжікстанға қарызын төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп жазады iz.ru.
20 Сәуір, 2020